МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
Ана сүті – емізулі сәбидің дене бітімі мен ой-сананың толыққанды дамуына ықпал ететін, баланың да, анасының да денсаулығына оңтайлы әсерін тигізетін, теңдесі жоқ қорек болып табылады.
Бала ағзасына пайдасы:
Ана сүтінің құрамында сәбидің қалыпты өсіп-дамуына жеткілікті мөлшерде болатын барлық заттектер: нәруыздар, майлар, лактоза, дәрумендер, темір, су (80%), ферменттер болады. Ана сүтін емген балалардың денсаулығы анағұрлым мықтырақ болады. Ана сүті – асқазан-ішек аурулары мен іш өткізуді шақыратын патогендік бактериялардың ішекте дамуына жол бермейтін заттектерге бай. Ең маңыздысы – ол бала ағзасын жұқпалардан қорғайды, аллергия, диабет және дене салмағының даму мүмкіндігін азайтады.
Баланың миының дамуына қажетті алмастырылмайтын май қышқылдары да осы табиғи сүтте кездеседі.
Ана денсаулығына пайдасы:
–Ана сүтін емізу босанғаннан кейінгі қан кету мен анемияның даму қауіпін азайтады;
*Сымбатын қалпына келтіруге көмектеседі;
– Жаңа жүктілікті болдыртпайды;
– Сүт және аналық бездерінің обырынан қорғайды;Емізу кезінде анада өзінің сәбиін үйлесімді қорекпен және дұрыс күтіммен қамтамасыз ете аламын деген сенімділіктің қалыптасуына жағдай жасайды;
– Уақыт, қаражатты үнемдеуге, сонымен қатар күш-қуатты қалпына келтіруге мүмкін береді.
Отбасы үшін артықшылығы
– Емізулі анаға арналған тиісті емдәмнің құны баланы тамақтандыруға арналған жасанды қоспаның құнынан төмен;
– Үнемдеген қаражатты отбасының басқа мүшелеріне қолдана алады;
– Емізуге және сүтті саууға қажетті қоспалар мен жабдықтарды сатып алудың қажеті жоқ;
– Медициналық кеңестер, дәрі-дәрмектерге, зертханалық зерттеулерге және ауруханада жатуға арналған шығындар азаяды.
Эмоционалдық байланыс:
Ана мен бала арасында өзара сүйіспеншілік сезімін оятатын тығыз қарым-қатынас туындайды
Ана сәбиін емізгенде толыққанды күтім жасаудан эмоционалды қанағаттану сезімі қалыптасады. Сәбидің мазасыздығы азайып, салмағы арта бастайды.
Ана сүтімен сәтті емізудің 10 қадамы:
1.
2.Қызметкерлердің құзіреті: ана сүтімен емізуді қолдау бойынша медициналық персоналдың білім мен дағдыны жеткілікті игергеніне көз жеткізу.
3.Антенатальды ақпарат: жүкті әйелдермен және олардың отбасы мүшелерімен ана сүтімен емізудің маңызы мен әдістері туралы талқылау.
4.Тікелей постнатальды күтім: аналарға терімен тері жанасуын тез арада және ұзақ жүргізуге ықпал ету және босанғаннан кейін ана сүтімен емізуді барынша ертерек бастау үшін аналарға қолдау көрсету.
5.Ана сүтімен емізуді қолдау: барлық аналарды ана сүтімен емізуге және лактацияны басқару әдістеріне ынталандыру;
6.Қосымша тамақтандыру: ана сүтін еметін жаңа туған нәрестелерге медициналық көрсетімдерден бөлек жағдайларда басқа тағамды немесе сұйықтықты бермеу.
7.Бірге болуы: ана мен баланың күндіз де,түнде де бір палатада бірге болуын тәжірибелеу.
8.Сұранысына қарай емізу: баланың омырауды емуге дайындағанын танып-білу және оған әрекет жасау үшін аналарға қолдау көрсету.
9.Бөтелкенің емізу, емізіктер,бос емізіктер: ааналарға бөтелкемен емізу,емізік, босемізіктер: аналарға бөтелкемен емізу, емізік бос емізіктерді қолдану және олардың қауіп-қатері бойынша кеңес кеңес беру.
10.Ауруханадан шығарылғаннан кейінгі күтім: ата-аналарды дер кезінде тұрақты қолдау мен күтімге қатысты көмекті қайдан алуға болатыны туралы хабардар ету.
Жарияланған күні: 02-09-2022НҰСҚАМА пациент үшін «Психологиялық қолдау»
Босануға жан-жақты және психологиялық жағынан дайындалу керек. Психологиялық дайындық-осы кезеңнен өткен басқа әйелдермен әңгімелесу, арнайы әдебиеттерді оқу және психологпен кеңесу. Егер жүкті келіншек күйзеліске түссе, онда оның ағзасында соған сәйкес адреналин, норадреналин және кортизол гармондары көптеп бөліне [...]ИНСТРУКТАЖ пациент үшін «ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУ»
Жүктілік - әйел өміріндегі маңызды кезең. Жүктілікке дайындық бірнеше негізгі кезеңдерді қамтиды: керек:-дәрігерлік кеңес;-медициналық тексеру;-соматикалық ауруларды емдеу;-дәрумендер қабылдау және жалпы ағзаны сауықтыру;-дұрыс тамақтану, фитнес немесе спортпен шұғылдану;-болашақ ата-аналардың психологиялық дайындығы.Олардың [...]ИНСТРУКТАЖ пациент үшін «Ауруханаішілік инфекцияның алдын алу»
Гигиена рук, масочный режим, проветривание, личные средства гигиены Ауруханаішілік инфекция (АІИ) – пациент ауруханада жатқанда немесе емдеу мақсатында денсаулық сақтау мекемесіне барған кезде, сондай-ақ ауруханадан шыққаннан кейін әсер ететін кез келген клиникалық маңызды микробтық ауру. Бұл инфекциялардың белгілері бірден байқалуы мүмкін немесе [...]ИНСТРУКТАЖ «Жаңа туған нәрестенің күтімі»
-Баланы палатаға ауыстырған кезде медбике немесе дәрігер жаңа туған нәрестеге қалай күтім жасау керектігін көрсетеді. Кіндік стерильді қысқыштармен байланады және оны таза ұстау маңызды. Жаңа туған нәрестенің кіндігі толық жазылғанша, оны құрғақ және таза күйде сақтау керек. [...]ИНСТРУКТАЖ «Серіктестік босану. Жүкті әйел нені білу керек?»
Қазақстанда акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету стандарты бар. Осы стандартқа сәйкес, босану бөлімшесінде жағдайлар болған кезде, тұрақты босану қызметі бар жүкті әйел жеке бөлек босану палатасына жатқызылуы мүмкін. Жүкті әйелге әрбір әйелдің босануына психологиялық қолдау көрсету үшін жіті [...]ИНСТРУКТАЖ «Сәбилерде аурудың алдын алу
1.Міндетті вакциналардың бірі — балаларға салынатын БЦЖ вакцинациясы, ол алғаш рет нәресте шағында-перзентханада, нәресте туылғаннан кейін 3-4 күн ішінде жасалады. Баланың ағзасы туберкулез сияқты қорқынышты аурудан қорғалады. 2. Жаңа туылған нәрестелердегі осы тері ауруларының алдын [...]Емшек сүті – сәбидің ең құнды асы
Жүкті әйелдердің жиі қоятын сұрақтарының бірі:
ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ТАМАҚТАНУ Бала құрсаққа біткен күннен бастап, жүрегіңіздің астында соға бастаған тағы бір жүрекке деген жауапкершілік арта түседі. Ең басты жауапкершіліктердің бірі – ол дұрыс тамақтану. Нәресте күтіп жүрген аналар ет, балық, көкеніс пен жеміс-жидек сондай-ақ сүт тағамдарын, нан және жарма өнімдерін белсенді тұтынғаны жөн. Болашақ [...]ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕМЕКІ
ҚЫЗЫЛШАНЫҢ ЖҮКТІ ӘЙЕЛГЕ ӘСЕРІ!
Қызылша жүкті әйелге неліктен қауіпті? Жүкті әйелдерде пневмония түріндегі асқынулар жиі кездеседі, бұл қызылшаның асқынуынан болатын өлім-жітім деңгейін және шын мәнінде жүктіліктің өзін арттырады. Мұндай әйелдердің ауруханаға түсу ықтималдығы жоғары. Қызылша ұрықта туа біткен ақауларды тудырады ма? Қызылша [...]Аурудың бастапқы сатыларында әйелдердің көпшілігінде симптомдар білінбейді
Ресурс орталығының мамандары дәрістерді жалғастыруда
ЖҮКТІЛІК КЕЗЕҢІНДЕГІ КӨҢІЛ-КҮЙ
Жүктілік кезіндегі ҮРЕЙ ТУҒЫЗАТЫН БЕЛГІЛЕРДІ дер кезінде анықтай біліңіз!
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК БОСАНУ: ЖҮКТІ ӘЙЕЛ НЕНІ БІЛУІ МАҢЫЗДЫ
басшы блогы
Епенова Жапырак Кенесхановна