МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
Жаңа туған нәрестенің қорғаныш жүйесі белсенді болмайды. Сондықтан
да жаңа туған нәресте ана сүтіне зәру. Ана сүті емшектегі сәбиді түрлі
жұқпалы аурулардан, оның ішінде ішек ауруларынан да сақтайды, өйткені,
оның құрамында иммуноглобулин, лактоферин, лизоцим, стафилококқа қарсы
бифидус – фактор, лимфоцит пен макрофагтар бар. Энтеральды бактерияға
қарсы иммунитеттің пайда болуында әсіресе ана сүтіндегі
бифидус-фактордың маңызы зор. Ол бифидобактериялардың аш және тоқ ішекте
орналасуы және көбеуюінде жағдай жасайды, залалды флораның өсуін
тежейді. Сондай ақ, көптеген бактериостатикалық субстанциалардың
арқасында ана сүті мен уыз ағзадагы ішкі тұрақтылыққа иммунологиялық
бақылау жасауға көмектесіп, оны аурулардан қорғап және қоршаған ортаға
бейімделуде антигенді қоздырғыштарды шектейді.
Ана сүтінің жетілуі барысында пайда болған кейбір биологиялық қасиеттер баланың дұрыс жетілуіне мүмкіндік береді.
Ана
сүтінде майдың сорылуына әсер ететін фермент – липаза бар. Сүт майының
липаза арқылы ыдырауы сөлінің ерте бөлуіне септігін тигізеді. Баланы
емшек сүтімен асырағанда майдың қорытылуы, сіңуі жеңіл болып, ас
корытуына ауыртпалық салмайды. Ана сүтіндегі минералдық тұздардың
мөлшері сиыр сүтіне қарағанда аз және бұл балаларда бүйректің несепті
шығару қызметі нашарлаған кезде оған ауырлық түсірмейді. Тұрмысы нашар,
денсаулығы төмен аналарда сүтінің азаюына байланысты нәрестелер жасанды
сүт қоспасына көшіріледі. Жасанды сүт қоспалары химиялық құрамы жағынан
ана сүтіне қанша жақын болғанымен, оны толық алмастыра алмайды, әсіресе
сәби өмірінің алғашқы айларында сүт қоспаларының артықшылығымен қатар,
теріс, жағымсыз әсерлері бар. Қышқыл сүті қоспамен тамақтандырғанда
нәжіспен бірге аммиактың, тұздардың шамадан тыс бөлініп шығуы байқалады.
Бұл алмасу құбылыстарының бұзылғандығын көрсетеді. Одан басқа қышқыл
сүт қоспаларымен ағзадағы көптеген радикалдар енеді, олар бала
ағзасындағы тепе – теңдікке кері әсерін тигізеді. Сондықтан қышқыл сүтті
қоспаны көп мөлшерде бермеген дұрыс. Жасанды сүт қоспаларын
пайдаланғанда аллергиялық диатезде, бала салмағын шамадан тыс артуы іш
құрылысының ауруларына әкеп соғады. Сонымен қатар баланың иммунитетін
төмендетіп, жұқпалы ауруларға қарсылығын азайтады.
Ана
сүтінің бала үшін артықшылықтарына баланың қалыпты тәндік және
психоэмоционалды дамуына ықпал етеді, бала мен ана арасындағы
биологиялық және эмоционалдық байланыс орнығады, жұқпалы аурулардан,
олардың ішінде жедел ішек инфекцияларынан, жедел респираторлы – вирустық
және басқа жұқпалардан қорғаныс қамтамасыз етіледі, аллергияға
бейімділіктің даму қаупі төмендейді, жақ сүйектерінің пішіні дамуының
жақсаруына байланысты тістеу ақаулары азаяды, көз көру жітілігі мен
психомоторлық дамуы жақсартылады, ақыл – ойдың дамуы көрсеткіштері
артады, ас қорыту жүйесінің ауру жиілігі мен ұзақтығы төмендейді, есейе
келе семіру қаупінің төмендеуі мүмкін, құлақ ауруының оның қайталану
жағдайларының жиілігі төмендейді.
Ана
үшін артықшылықтарына ананың босанғаннан кейінгі күшінің қалыпқа келуіне
ықпал ету және анемия мен басқада ақаулардың дамуын төмендетуге әрекет
ету үшін, жаңа туылған нәрестені ананың сүтімен емізу керек, ана мен
бала арасындағы биологиялық және эмоционалдық қатынас орнығады және
ұзаққа созылады, емшектен емізу кезеңі өміріндегі аса жағымды және
бақытты сәттердің бірі болып табылады.
Алғашқы алты айда тек ана сүтімен емізу жүктіліктің алдын – алудың (98%) сенімді әдісі болып табылады. Жүктілікке дейінгі дене салмағына оралуға ықпал етеді. Сүт пен аналық бездердің қатерлі ісігінің даму қаупын азайтады. Негізінде баланы 1,5 – 2 жасқа дейін ана сүтінен айырмау керек. Ана уызына жарымаған бала аурушаң, әлсіз келеді. Ана сүтін ұзақ емген бала мейірімді де ақылды болып өседі.
Жарияланған күні: 09-09-2022НҰСҚАМА пациент үшін «Психологиялық қолдау»
Босануға жан-жақты және психологиялық жағынан дайындалу керек. Психологиялық дайындық-осы кезеңнен өткен басқа әйелдермен әңгімелесу, арнайы әдебиеттерді оқу және психологпен кеңесу. Егер жүкті келіншек күйзеліске түссе, онда оның ағзасында соған сәйкес адреналин, норадреналин және кортизол гармондары көптеп бөліне [...]ИНСТРУКТАЖ пациент үшін «ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУ»
Жүктілік - әйел өміріндегі маңызды кезең. Жүктілікке дайындық бірнеше негізгі кезеңдерді қамтиды: керек:-дәрігерлік кеңес;-медициналық тексеру;-соматикалық ауруларды емдеу;-дәрумендер қабылдау және жалпы ағзаны сауықтыру;-дұрыс тамақтану, фитнес немесе спортпен шұғылдану;-болашақ ата-аналардың психологиялық дайындығы.Олардың [...]ИНСТРУКТАЖ пациент үшін «Ауруханаішілік инфекцияның алдын алу»
Гигиена рук, масочный режим, проветривание, личные средства гигиены Ауруханаішілік инфекция (АІИ) – пациент ауруханада жатқанда немесе емдеу мақсатында денсаулық сақтау мекемесіне барған кезде, сондай-ақ ауруханадан шыққаннан кейін әсер ететін кез келген клиникалық маңызды микробтық ауру. Бұл инфекциялардың белгілері бірден байқалуы мүмкін немесе [...]ИНСТРУКТАЖ «Жаңа туған нәрестенің күтімі»
-Баланы палатаға ауыстырған кезде медбике немесе дәрігер жаңа туған нәрестеге қалай күтім жасау керектігін көрсетеді. Кіндік стерильді қысқыштармен байланады және оны таза ұстау маңызды. Жаңа туған нәрестенің кіндігі толық жазылғанша, оны құрғақ және таза күйде сақтау керек. [...]ИНСТРУКТАЖ «Серіктестік босану. Жүкті әйел нені білу керек?»
Қазақстанда акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету стандарты бар. Осы стандартқа сәйкес, босану бөлімшесінде жағдайлар болған кезде, тұрақты босану қызметі бар жүкті әйел жеке бөлек босану палатасына жатқызылуы мүмкін. Жүкті әйелге әрбір әйелдің босануына психологиялық қолдау көрсету үшін жіті [...]ИНСТРУКТАЖ «Сәбилерде аурудың алдын алу
1.Міндетті вакциналардың бірі — балаларға салынатын БЦЖ вакцинациясы, ол алғаш рет нәресте шағында-перзентханада, нәресте туылғаннан кейін 3-4 күн ішінде жасалады. Баланың ағзасы туберкулез сияқты қорқынышты аурудан қорғалады. 2. Жаңа туылған нәрестелердегі осы тері ауруларының алдын [...]Емшек сүті – сәбидің ең құнды асы
Жүкті әйелдердің жиі қоятын сұрақтарының бірі:
ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ТАМАҚТАНУ Бала құрсаққа біткен күннен бастап, жүрегіңіздің астында соға бастаған тағы бір жүрекке деген жауапкершілік арта түседі. Ең басты жауапкершіліктердің бірі – ол дұрыс тамақтану. Нәресте күтіп жүрген аналар ет, балық, көкеніс пен жеміс-жидек сондай-ақ сүт тағамдарын, нан және жарма өнімдерін белсенді тұтынғаны жөн. Болашақ [...]ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕМЕКІ
ҚЫЗЫЛШАНЫҢ ЖҮКТІ ӘЙЕЛГЕ ӘСЕРІ!
Қызылша жүкті әйелге неліктен қауіпті? Жүкті әйелдерде пневмония түріндегі асқынулар жиі кездеседі, бұл қызылшаның асқынуынан болатын өлім-жітім деңгейін және шын мәнінде жүктіліктің өзін арттырады. Мұндай әйелдердің ауруханаға түсу ықтималдығы жоғары. Қызылша ұрықта туа біткен ақауларды тудырады ма? Қызылша [...]Аурудың бастапқы сатыларында әйелдердің көпшілігінде симптомдар білінбейді
Ресурс орталығының мамандары дәрістерді жалғастыруда
ЖҮКТІЛІК КЕЗЕҢІНДЕГІ КӨҢІЛ-КҮЙ
Жүктілік кезіндегі ҮРЕЙ ТУҒЫЗАТЫН БЕЛГІЛЕРДІ дер кезінде анықтай біліңіз!
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК БОСАНУ: ЖҮКТІ ӘЙЕЛ НЕНІ БІЛУІ МАҢЫЗДЫ
басшы блогы
Епенова Жапырак Кенесхановна