МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
Жүктілік - әйел өміріндегі маңызды кезең. Жүктілікке дайындық бірнеше негізгі кезеңдерді қамтиды: керек:-дәрігерлік кеңес;-медициналық тексеру;-соматикалық ауруларды емдеу;-дәрумендер қабылдау және жалпы ағзаны сауықтыру;-дұрыс тамақтану, фитнес немесе спортпен шұғылдану;-болашақ ата-аналардың психологиялық дайындығы.Олардың ішінде,жүктіліктен сақтанудың тиімді әдісі- контрацепция түрлерін дұрыс пайдалана білу керек.
Барьерлік (кедергілеу) әдістер
Презерватив - жұқа латекстік немесе полиуретан қабықша. Ерлердің
презервативі қозған (эрекциялы) пениске (жыныстық мүшеге) кигізіледі.
Презерватив жүктілікті болдырмас үшін жыныстық қатынастың барлық уақыты
бойы кигізілуі тиіс. Презервативтер көпшілік дәріханаларда және көптеген
дүкендерде қол жетімді. Оларды сатып алу үшін рецептінің қажеті жоқ.
ДИАФРАГМА ЖӘНЕ ЦЕРВИКАЛДЫҚ ҚАҚПАҚША Диафрагма – икемді резеңкеден кішкене ыдыс, ол спермицидті кремге немесе желеге толтырылған. Оны
іншекке, сперматозоидтар жатырға өтпес үшін жыныстық қатынастың алдында
жатыр мойнына орналастырады. Оны жыныстық қатынастан кейін орнында 6-8
сағат өткенге дейін қалдырған жөн. Мембраналарды әйелге дәрігер
тағайындайды, ол әйел үшін диафрагманың дұрыс түрін анықтайды. Дұрыс
қолдануына байланысты, 1 жылда осы әдісті таңдайтын 100 әйелде 5-20 жуық
жүктілік орын алады. Ұқсас, кішірек өлшемді жабдық цервикалдық қақпақша
аталады. Қаупі – диафрагмаға немесе спермицидтерге тітіркеніс,
аллергиялық серпін және несеп шығару жолдарының инфекциясының пайда
болуы жиілігінің артуы. Сирек жағдайда, әйелдерде уытты шок синдромы
дамуы мүмкін. Бұл диафрагманы іншекте ұзақ уақыт қалдырғанда орын алады.
Цервикалдық қақпақша Пап-тестінің қалыпсыз мәнін туындатуы мүмкін
(Папаниколау бойынша жұғынды– жатыр мойнының қатерлі ісігін анықтаудың
жұғындысы).
ҚЫНАПТЫҚ (ІНШЕКТІК) ГУБКАЛАР
Іншектік контрацептивтік губкалар – бұл жұмсақ, синтетикалық,
спермицидтер сіңірілген губкалар. Жыныстық қатынасқа дейін губка
ылғалдандырылып, іншекке енгізіледі және жатыр мойнының үстінен
қойылады.
Гормондық
әдістер Гормондық әдістер – бұл эстроген мен прогестерон, немесе тек
прогестерон гормоны қолданылатын контрацептивтік әдіс. Екі гормон да
етеккір айналымы кезінде ұрық жасушасының әйелдің аналық безінен шығуына
(овуляцияға) кедергі келтіруге бағытталады. Оған организмнің басқа
гормондарының деңгейіне әсер ету арқылы қол жеткізіледі. Прогестиндер
сперманың (шәуеттің) жатырға түсіуіне кедергі келтіреді, ол үшін әйелдің
жатырының маңайындағы сілемейді қою және жабысқақ етеді.
Жатырішілік сантандыру (ВМС)
ЖІС (ВМС) – шағын, пластиктен немесе мыстан жасалған құрал, оны
жатырдың ішіне гинеколог дәрігер орнатады. Кейбір ЖІС прогестеронның аз
мөлшерін бөледі. ЖІС орнында 5-10 жыл бойы қалдыруға болады, бұл оның
түріне байланысты. ЖІС кез келген уақытта орнатуға болады. ЖІС –
қауіпсіз және қызметін жақсы атқарады. Жылына ЖІС қолданған 100 әйелдің
бірінен азы ғана жүкті болады. Мүмкін қаупі мен асқынулары - құрысу, қан
кетуі (кейде, ауыр), сондай-ақ, жатырдың перфорациясы. Прогестеронды
ЖІС алғашқы бірнеше айда жиі пигментацияны туындатуы мүмкін. Әйелдердің
50% бірінші жолдың соңында етеккір тоқтауы мүмкін. ЖІС алып тастағаннан кейін бұл әсер жойылады.
Ұдайы контрацепция әдістері
Бұл әдістер болашақта бала өрбітуді ешқашан жоспарламайтын адамдарға
арналған. Ұдайы әдіс саналғанымен, кейінірек бала өрбітуге шешім пайда
болса, кейде бұл операцияларды қайтаруға болады.
Сенімді емес әдістер Үзілген жыныстық қатынас - шәует шашу алдында пенисті (жыныстық мүшені) іншектен шығару. Бірақ,
шәуеттің азғантай бөлігі шәует шашуға дейін бөлінуі мүмкін, осы арқылы
жүктілік болуы да мүмкін. Бүрку (спермицидтер қолдану) - жыныстық
қатынастан бұл әдісті кейін қолдану тиімсіз, себебі, шәует жатыр
мойнынан дейінгі өзінің жолын 90 секунда жетеді. Емшек емізу. Ана сүтін
емізу жүктіліктің алдын алады, дегенмен, тәжірибе жүзінде кейде
емізетін әйелдерде жүктілік болған жағдайлар кездседі.
НҰСҚАМА пациент үшін «Психологиялық қолдау»
Босануға жан-жақты және психологиялық жағынан дайындалу керек. Психологиялық дайындық-осы кезеңнен өткен басқа әйелдермен әңгімелесу, арнайы әдебиеттерді оқу және психологпен кеңесу. Егер жүкті келіншек күйзеліске түссе, онда оның ағзасында соған сәйкес адреналин, норадреналин және кортизол гармондары көптеп бөліне [...]ИНСТРУКТАЖ пациент үшін «ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУ»
Жүктілік - әйел өміріндегі маңызды кезең. Жүктілікке дайындық бірнеше негізгі кезеңдерді қамтиды: керек:-дәрігерлік кеңес;-медициналық тексеру;-соматикалық ауруларды емдеу;-дәрумендер қабылдау және жалпы ағзаны сауықтыру;-дұрыс тамақтану, фитнес немесе спортпен шұғылдану;-болашақ ата-аналардың психологиялық дайындығы.Олардың [...]ИНСТРУКТАЖ пациент үшін «Ауруханаішілік инфекцияның алдын алу»
Гигиена рук, масочный режим, проветривание, личные средства гигиены Ауруханаішілік инфекция (АІИ) – пациент ауруханада жатқанда немесе емдеу мақсатында денсаулық сақтау мекемесіне барған кезде, сондай-ақ ауруханадан шыққаннан кейін әсер ететін кез келген клиникалық маңызды микробтық ауру. Бұл инфекциялардың белгілері бірден байқалуы мүмкін немесе [...]ИНСТРУКТАЖ «Жаңа туған нәрестенің күтімі»
-Баланы палатаға ауыстырған кезде медбике немесе дәрігер жаңа туған нәрестеге қалай күтім жасау керектігін көрсетеді. Кіндік стерильді қысқыштармен байланады және оны таза ұстау маңызды. Жаңа туған нәрестенің кіндігі толық жазылғанша, оны құрғақ және таза күйде сақтау керек. [...]ИНСТРУКТАЖ «Серіктестік босану. Жүкті әйел нені білу керек?»
Қазақстанда акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету стандарты бар. Осы стандартқа сәйкес, босану бөлімшесінде жағдайлар болған кезде, тұрақты босану қызметі бар жүкті әйел жеке бөлек босану палатасына жатқызылуы мүмкін. Жүкті әйелге әрбір әйелдің босануына психологиялық қолдау көрсету үшін жіті [...]ИНСТРУКТАЖ «Сәбилерде аурудың алдын алу
1.Міндетті вакциналардың бірі — балаларға салынатын БЦЖ вакцинациясы, ол алғаш рет нәресте шағында-перзентханада, нәресте туылғаннан кейін 3-4 күн ішінде жасалады. Баланың ағзасы туберкулез сияқты қорқынышты аурудан қорғалады. 2. Жаңа туылған нәрестелердегі осы тері ауруларының алдын [...]Емшек сүті – сәбидің ең құнды асы
Жүкті әйелдердің жиі қоятын сұрақтарының бірі:
ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ТАМАҚТАНУ Бала құрсаққа біткен күннен бастап, жүрегіңіздің астында соға бастаған тағы бір жүрекке деген жауапкершілік арта түседі. Ең басты жауапкершіліктердің бірі – ол дұрыс тамақтану. Нәресте күтіп жүрген аналар ет, балық, көкеніс пен жеміс-жидек сондай-ақ сүт тағамдарын, нан және жарма өнімдерін белсенді тұтынғаны жөн. Болашақ [...]ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕМЕКІ
ҚЫЗЫЛШАНЫҢ ЖҮКТІ ӘЙЕЛГЕ ӘСЕРІ!
Қызылша жүкті әйелге неліктен қауіпті? Жүкті әйелдерде пневмония түріндегі асқынулар жиі кездеседі, бұл қызылшаның асқынуынан болатын өлім-жітім деңгейін және шын мәнінде жүктіліктің өзін арттырады. Мұндай әйелдердің ауруханаға түсу ықтималдығы жоғары. Қызылша ұрықта туа біткен ақауларды тудырады ма? Қызылша [...]Аурудың бастапқы сатыларында әйелдердің көпшілігінде симптомдар білінбейді
Ресурс орталығының мамандары дәрістерді жалғастыруда
ЖҮКТІЛІК КЕЗЕҢІНДЕГІ КӨҢІЛ-КҮЙ
Жүктілік кезіндегі ҮРЕЙ ТУҒЫЗАТЫН БЕЛГІЛЕРДІ дер кезінде анықтай біліңіз!
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК БОСАНУ: ЖҮКТІ ӘЙЕЛ НЕНІ БІЛУІ МАҢЫЗДЫ
басшы блогы
Епенова Жапырак Кенесхановна