МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
2025 жылғы маусым айында Облыстық перинатальдық орталығында «Бір күндік клиника» пилоттық жобасы ресми түрде жұмысын бастаған болатын. Клиниканың басты миссиясы – болашақ аналарға мүмкіндігінше сапалы, жан-жақты және жайлы медициналық көмек көрсету, процедуралар мен конкультацияларға кететін уақыт пен күш- жігерді азайту.
Медициналық генетика бөлімінің меңгерушісі, ОДСБ-ның штаттан тыс бас генетик дәрігері
Жүсіпова Нұргүл Саламатқызы:
«Клиникада болашақ аналар биохимиялық және бірінші триместрдің ультрадыбыстық скринингінен өтеді, барлық қажетті қызметтерді бір күнде бір жерден алады. Бастысы, денсаулығында туа бітті кінәраты мен хромосомалық патологиясы бар бала туу қаупін ерте анықтауға мүмкіндік береді.
2025 жылы маусым айынан бері 6 ай мерзімде перинатальдық диагностиканы 1159 жүкті әйел пайдаланды. Оның ішінде 22 әйелде ұрықтың денсаулығында жоғары қауіп анықталды. 14 апталық жүктілікке дейін 7 хромосомдық ауру анықталып, мультидисципинарлық шешім бойынша барлық жүктілік үзілді. Тексерілуден бас тартқан пациенттер болмады"
Болашақ аналарға зерттеу нәтижелерін күтетін сәтте тәтті шай мен дәмдер ұсынылады.
Жүкті әйелдер клиникаға жолдаманы тіркелген жері бойынша емханадан ала алады.
Клиника жұмыс күндері таңғы 8:00-ден бастап жұмыс істейді».
Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығының баспасөз қызметі
Жарияланған күні: 09-12-2025ШАЛАБАЙЛАР ҮШІН ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕ
2025 жылғы 18 желтоқсан күні Орталықтың нәрестелер реанимациясы және сәбилерді жетілдірудің 2-ші сатысы бөлімшелер қызмерлерінің қолдауымен шала туған нәрестелер үшін ЖАҢА ЖЫЛ мерекесі ұйымдастырылды.
Еңбекке – құрмет, қызметке – тағзым
«Бір күндік клиника» - салауатты болашаққа қадам
Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығы кезекті ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТАЦИЯДАН ️өтті! ҚР ДСМ ережелері мен талаптарына сәйкес, аккредиттеу стандарттарының бағалауынан өтіп, ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТТЕУДІҢ ЖОҒАРЫ САНАТЫНА ие болды.
Халықаралық шала туған нәрестелер күні қарсаңында Перинатальдық орталықта ерекше шара өтті.
17 қараша - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАЛА ТУҒАН СӘБИЛЕР күні!
Республика күніне орай марапат — абыройлы еңбекке берілген баға
КӨК КОД...
СИНИЙ КОД!
Республика күні – ақ халатты абзал жандарға құрмет!
Аккредитациядан өту – қызметтің жоғары сапасы!
«Таза Қазақстан» акциясы аясында перинаталдық орталық қызметкерлері сенбілік өткізді
Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығы дәрігерлермен толықты!
Халықаралық ДӘРІГЕР күні құтты болсын!
Емшек сүті – сәбидің ең құнды асы
Баршаңызды «Отбасы күні» мерекесімен құттықтаймыз!
Отан - отбасынан басталады! Ал отбасы - біздің қоғамда әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы.
Президент Жолдауына үн қосқан ақ халаттылар
Медицинадағы жасанды интеллект, кадрларды қолдау және дәрігерлердің қауіпсіздігі: жаңа шаралар
Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталды: өтініш беру жолдары мен шарттары
басшы блогы
Епенова Жапырак Кенесхановна