МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
Бұл мерекенің негізгі мақсаты:
Әлсіз туған балаларға деген қоғамның көзқарасын көрсету;
Шала туылған нәрестелердің төмен дене салмағы мен нашар дамыған тыныс
алу жүйесінің ерекше күтім мен сапалы медициналық көмек арқасында
жақсарып, қатарластарымен бірге дами алатындығын көрсету;
Біздің орталықта аз салмақпен туған нәрестелер алдымен барлық
қажетті жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен толыққанды қамтылған
НӘРЕСТЕЛЕР РЕАНИМАЦИЯСЫ ЖӘНЕ
ИНТЕНСИВТІК ТЕРАПИЯ
бөлімшесіне түседі. Бұл бөлімшеде білімді де білікті неонатолог дәрігерлер қызмет атқарады.
-Бөлімшеде нәрестелерге ана құрсағындағыдай жағдайлар жасалған.
Шақалақтар кувезде дәрігерлердің қатаң бақылауында болады. Заманауи
медициналық құралдардың, ерекше күтім мен емнің көмегімен
нәрестелердің 95 пайызы аман қалады. 600 гр-ға жетпей шала туылған
нəрестелерді алып қалу үшін медицина қызметкерлері кувездердің жанында
сағаттап тұрады. Əлсіз соққан жүрегіне дем беріп, жетілмей жатқан
өкпесіне ауаны желдетуші құралдармен беріп,сәби өмірін аман алып
қалады.
Бұдан кейін бүлдіршіндер
НӘРЕСТЕЛЕРДІ ЕМДЕП ЖЕТІЛДІРУДІҢ
2-ШІ САТЫСЫ
бөліміне ауыстырылады. Бөлімшеде балалардың бабы мен бағуын
келістіретін жоғары кәсіби неонатолог дәрігерлер қызмет атқарады.
Бөлімшенің жабдықталуы тәулік бойы сәбидің дене температурасына
мониторинг жүргізуге, сатурация, инфузиялық терапия жүргізуге, шала
туған нәрестелерді жетілдіругеуге, оттегінің ағынын реттеуге,
оксигенотерапия жүргізуге, фототерапия жүргізуге мүмкіндік береді.
Дәрігерлердің айрықша қамқорлығының арқасында сәбилер өсіп-жетіліп,
салмақ жинап, жағдайлары бірқалыпты болған соң аналарымен бірге
үйлеріне шығарылады.
Барлық дәрігерлер бірнеше шеберлік сабақтардан өткен, жаңа
инновациялық технологияларды толықтай меңгерген мамандар! Олар бала
денсаулығына жете мән беруді, шала туылған нәрестелердің өлім қаупінің
алдын-алуды, бала өлімін болдырмауды негізгі міндеттері деп санайды.
Ақ халатты абзал жандарды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Бала
өмірін сақтауға бірден бір жауапты жандарға мықты денсаулық, қызметте
сәттілік пен табыс тілейміз!
Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығының баспасөз қызметі
ШАЛАБАЙЛАР ҮШІН ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕ
2025 жылғы 18 желтоқсан күні Орталықтың нәрестелер реанимациясы және сәбилерді жетілдірудің 2-ші сатысы бөлімшелер қызмерлерінің қолдауымен шала туған нәрестелер үшін ЖАҢА ЖЫЛ мерекесі ұйымдастырылды.
Еңбекке – құрмет, қызметке – тағзым
«Бір күндік клиника» - салауатты болашаққа қадам
Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығы кезекті ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТАЦИЯДАН ️өтті! ҚР ДСМ ережелері мен талаптарына сәйкес, аккредиттеу стандарттарының бағалауынан өтіп, ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТТЕУДІҢ ЖОҒАРЫ САНАТЫНА ие болды.
Халықаралық шала туған нәрестелер күні қарсаңында Перинатальдық орталықта ерекше шара өтті.
17 қараша - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАЛА ТУҒАН СӘБИЛЕР күні!
Республика күніне орай марапат — абыройлы еңбекке берілген баға
КӨК КОД...
СИНИЙ КОД!
Республика күні – ақ халатты абзал жандарға құрмет!
Аккредитациядан өту – қызметтің жоғары сапасы!
«Таза Қазақстан» акциясы аясында перинаталдық орталық қызметкерлері сенбілік өткізді
Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығы дәрігерлермен толықты!
Халықаралық ДӘРІГЕР күні құтты болсын!
Емшек сүті – сәбидің ең құнды асы
Баршаңызды «Отбасы күні» мерекесімен құттықтаймыз!
Отан - отбасынан басталады! Ал отбасы - біздің қоғамда әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы.
Президент Жолдауына үн қосқан ақ халаттылар
Медицинадағы жасанды интеллект, кадрларды қолдау және дәрігерлердің қауіпсіздігі: жаңа шаралар
Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталды: өтініш беру жолдары мен шарттары
басшы блогы
Епенова Жапырак Кенесхановна