Сәби дүниеге келген сәттен бастап өмірі мен денсаулығы сеніп тапсырылатын ақ халаттылардың еш кестеге көнбейтін тынымсыз тірлігіне, ерен еңбегіне ешқандай баға жетпес!
Бүгін бір топ АНАЛАР орталықтағы нәрестелерді жетілдірудің 2-ші сатысы және жаңа туған нәрестелер реанимациясы мен қарқынды терапия бөлімшесінің дәрігерлеріне өз АЛҒЫСТАРЫН ерекше түрде жеткізді! Аналар сәбилердің жаны мен тәнін жетік білетін, болмысы бөлек жандарға жүректен шыққан тебіреністерін, ізгі тілектерін БАЛАПАНДАРЫНЫҢ ФОТОСУРЕТТЕРІ арқылы жолдаған. Білікті мамандардан көмек алып жетілген әрбір сәби ата-анасы мен жақындарының көз қуанышына айналған! Олар дәрігерлер мен акушерлердің еңбекқорлығы, жауапкершілігі, сезімталдығы, табандылығы, байқампаздығы, кәсіби шеберлілігі, қамқорлылығы, мейірімділігі үшін шынайы ризашылықтарын білдірген Әрине, бұл ақ халаттылар үшін ЕҢ ҮЛКЕНСЫЙЛЫҚ
Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығы атынан Аналарға дарахмет айтамыз! Балапандарыңыз дені сау болып, ауырмай ер жетсін
Айта кететіні, өткен 2022 жылы нәрестелерді жетілдірудің 2-ші сатысы және жаңа туған нәрестелер реанимациясы мен қарқынды терапия бөлімшесіндегі неонатолог және педиатр дәрігерлеріміздің арқасында өмірге уақытынан ерте келген, алақанға ғана сыйып кететін 1454 сәби айрықша күтімнің арқасында жетіліп, аман- есен үйлеріне шығарылды.
Айналаңда алғыс айта алатын жандардың көп болғаны қандай жақсы
Айтар алғысымыз да, алғыс айтатын жандарымыз да көп болсын
Біз үшін ең жоғары марапат –ПАЦИЕНТТЕРДІҢ РИЗАШЫЛЫҒЫ
Научный центр акушерства, гинекологии и перинатологии МЗ РК
Дата публикации: 07-02-2023В Казахстане родился 20-миллионный гражданин!!!
20 ноябрь - Всемирный день Ребенка! Всем детям — все права!
ЖЕТЕКШІ ДӘРІГЕРДЕН ТАҒЫ БІР МАҢЫЗДЫ СЕМИНАР- ТРЕНИНГ!!
29 октября - День общенационального траура в Республике Казахстан
КЕЗЕКТІ ДӘРІС: «Акушериядағы гипертензиялық жағдайлар»
Соңғы жылдары үшемдердің дүниеге келуі қалыпты құбылысқа айнала бастаған
секілді. Орталықта жыл басынан бері 6000-нан астам шарананың кіндігі
кесілді. Олардың 114-і егіз, 3-і-үшем.
Ақтау қаласының тұрғыны, 26 жастағы жас ана үшемдерді дүниеге әкелді. Жүктіліктің 32-аптасында дүниеге келген нәрестелер, өңірдегі сегіз ай ішінде жарық дүние есігін ашқан үшінші үшемдер. Салмақтары 1430,0 гр, 1640,0 гр және 1,480 гр болып туылған сәбилер 2023 жылғы тамыз айының 11 -де дүниеге келді. Нәрестелерді емдеп жетілдірудің 2-ші сатысы бөлімшесінде ем қабылдап, салмақ қосып, жағдайлары тұрақталып, анасымен бірге бүгін үйге шығарылды.
Балапандардың әкесі әскери қызметкер, бүлдіршіндіріне Айша, Абзал, Ағзам есімдерін берген. Бүгін ел тыныштығын күзету, Отан қорғауды қасиетті борышы, киелі ісім деп білетін әкесі мен оның ұжымдастары барлық сән-салтанатымен сәбилерді үйлеріне шығарып алды.
Дүниеге үшем келіп, өрісі кеңейген отбасының қуанышы ұзағынан болсын! Үшемдер ұлтымыздың бетке ұстар тұлғаларына айналуына тілекшіміз!
Маңғыстауда биылғы екінші ҮШЕМ Білім күні үйге шығарылды!!
Ақтау қаласының тұрғыны Тұрсыновтар отбасында Үшемдер дүниеге келді. 9 жыл күткен қуанышты сәтте ата-анасы бірден үшем болады деп ойламаса керек. Салмақтары 1,500 гр, 1,400 гр және 850.0 гр. болып дүниеге келген сәбилердің біреуінде туа біткен жүрек ақауы (ашық артериялық түтік-ААТ) анықталып, 63-ші тәулікте сәбиге Ақтөбе облыстық «Ана мен бала» орталығының бөлім меңгерушісі, кардиохирург дәрігер Досмаганбетов Ануар Сагидуллаевич лигирование отасын сәтті жасады. Нәрестелер реанимациясы мен қарқынды терапия және нәрестелерді емдеп жетілдірудің 2-ші сатысы бөлімшесінде жан-жақты зерделеніп, толықтай ем алып, жағдайлары тұрақталып, бүгін, 69-шы тәулікте, аналарымен бірге аман-сау үйге шығарылды. Ата-әжелері немерелеріне Мансур, Расул, Айару деген есімдер берген. 34 жастағы үшемнің анасы сәбилеріне өмір сыйлаған ақ халаттыларға шын ризашылығын білдірді.
Орталық атынан Тұрсыновтар отбасын көптен күткен қуанышымен құттықтаймыз, ал сәбилерге шын жүректен мықты денсаулық тілейміз!
МАСТЕР-КЛАСС В БИШКЕКЕ ПРОВЕДЕН СПЕЦИАЛИСТОМ ИЗ г.АКТАУ
Объявления о наблюдательном совете
В Областном перинатальном центре в г. Актау на сегодняшний день накоплен достаточно большой опыт выполнения оперативных вмешательств по поводу тяжелых форм эндометриоза. К тяжелым формам генитального эндометриоза относятся такие формы болезни, при которых кроме матки и яичников имеются поражения соседних органов, таких как: мочевой пузырь, терминальный отдел толстой кишки, мочеточники, крупные сосуды, брюшина и др. Поражение соседних органов малого таза эндометриозом и операции на них, приводит к тому, что хирургическое лечение эндометриоза выходит за рамки компетенции врача гинеколога, поэтому возникает необходимость в привлечении смежных специалистов (хирурга, уролога, колореткального хирурга).
блог руководителя
Епенова Жапырак Кенесхановна