Құрметті достар, әріптестер!
Бүгін Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесінің басы - тарихи тамыры тереңге бойлаған, бірлік пен ынтымақтың мейрамы - АМАЛ мерекесі. Адамдардың бір-бірімен көрісіп, бір-біріне жақсылық тілеп, қауышатын, ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін мерекесі құтты болсын!
Бүгін Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығында үлкен мерекелік шаралар өтуде. Қызметкерлердің ұйымдастыруымен дастархан жайылып, қазақтың салт дәстүрін дәріптейтін қойылымдар, көріністер мен сайыстар ұйымдастырылуда.
Сонымен қатар, ерекше жаңалығымыздың бірі - замануи құралдармен толықтай жабдықталған ұлттық нақышта безендірілген босану палатасының ашылуы.
Өздеріңіз көріп тұрғандай, бұл бөлмеде заманауи үрдіс пен қазақи нақыш үндестірілген:
- Жоғарыда – киелі шаңырақ. Ұлттың мәдениетіміз бен дәстүрді паш етуші;
- Оң жақта асыл мұрамыз - Киіз үй, оның ішкі дүниелері, домбыра;
- Бөлмені айналдыра бейнеленген - киіз үйдің оюланған басқұр бауы. Өрнектері қазақи оюдың нақышын сақтаған.
- Бақан - киіз үй тіккенде шаңырақ көтеруге түндікті көтеріп жабуға пайдаланылған ағаштан жасалған зат. Ата-бабаларымыз әйелдің толғағы жиілегенде бақанды керегеге мықтап тіреп, керегеден бақанга дейін жалпақ бау байлаған. Бұл тәсілді арқан керу деп атаған. Толғағы жеткен әйел босанарда тізерлеп тұрып керілген арқан мен бауға асылып босанған.
- Арқан;
- «Ана мен бала» бейнесі - қолына аман сау сәбиін алған бақытты ана.
- Керуеттегі Төсек орын тыстары казақи ою-өрнекті.
Айта кететіні, барлық заттар жүкті әйелге зиянын келтірмейтін материалдардан жасалған, яғни сүртуге, жууға, зарарсыздандыруға болады.
Палатаны осылай безендіру бастамамыздың өзіндік себептері де бар:
· Барлық атрибуттарда қазақ халқының болмысы бар. Көруге, қарауға жайлы, жылы суреттер әйелдің босану кезіндегі психоэмоциональдық көңіл-күйіне жақсы әсерін тигізеді.
· Босанатын әйелдердің дені - әр отбасының келіндері, яғни жастар. Бұл жерде ұлтымыздың тарихымен байланыс тапқандай әсер алсын, дәстүрді танып білсін, сәбилерін де ұлттық болмыспен тәрбиелеуге ұмтылсын деген ниет.
Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын! Өмірге әрқашан дені сау сәбилер келсін! Аналар аман болсын!
Дата публикации: 25-03-2022
В Казахстане родился 20-миллионный гражданин!!!
20 ноябрь - Всемирный день Ребенка! Всем детям — все права!
ЖЕТЕКШІ ДӘРІГЕРДЕН ТАҒЫ БІР МАҢЫЗДЫ СЕМИНАР- ТРЕНИНГ!!
29 октября - День общенационального траура в Республике Казахстан
КЕЗЕКТІ ДӘРІС: «Акушериядағы гипертензиялық жағдайлар»
Соңғы жылдары үшемдердің дүниеге келуі қалыпты құбылысқа айнала бастаған
секілді. Орталықта жыл басынан бері 6000-нан астам шарананың кіндігі
кесілді. Олардың 114-і егіз, 3-і-үшем.
Ақтау қаласының тұрғыны, 26 жастағы жас ана үшемдерді дүниеге әкелді. Жүктіліктің 32-аптасында дүниеге келген нәрестелер, өңірдегі сегіз ай ішінде жарық дүние есігін ашқан үшінші үшемдер. Салмақтары 1430,0 гр, 1640,0 гр және 1,480 гр болып туылған сәбилер 2023 жылғы тамыз айының 11 -де дүниеге келді. Нәрестелерді емдеп жетілдірудің 2-ші сатысы бөлімшесінде ем қабылдап, салмақ қосып, жағдайлары тұрақталып, анасымен бірге бүгін үйге шығарылды.
Балапандардың әкесі әскери қызметкер, бүлдіршіндіріне Айша, Абзал, Ағзам есімдерін берген. Бүгін ел тыныштығын күзету, Отан қорғауды қасиетті борышы, киелі ісім деп білетін әкесі мен оның ұжымдастары барлық сән-салтанатымен сәбилерді үйлеріне шығарып алды.
Дүниеге үшем келіп, өрісі кеңейген отбасының қуанышы ұзағынан болсын! Үшемдер ұлтымыздың бетке ұстар тұлғаларына айналуына тілекшіміз!
Маңғыстауда биылғы екінші ҮШЕМ Білім күні үйге шығарылды!!
Ақтау қаласының тұрғыны Тұрсыновтар отбасында Үшемдер дүниеге келді. 9 жыл күткен қуанышты сәтте ата-анасы бірден үшем болады деп ойламаса керек. Салмақтары 1,500 гр, 1,400 гр және 850.0 гр. болып дүниеге келген сәбилердің біреуінде туа біткен жүрек ақауы (ашық артериялық түтік-ААТ) анықталып, 63-ші тәулікте сәбиге Ақтөбе облыстық «Ана мен бала» орталығының бөлім меңгерушісі, кардиохирург дәрігер Досмаганбетов Ануар Сагидуллаевич лигирование отасын сәтті жасады. Нәрестелер реанимациясы мен қарқынды терапия және нәрестелерді емдеп жетілдірудің 2-ші сатысы бөлімшесінде жан-жақты зерделеніп, толықтай ем алып, жағдайлары тұрақталып, бүгін, 69-шы тәулікте, аналарымен бірге аман-сау үйге шығарылды. Ата-әжелері немерелеріне Мансур, Расул, Айару деген есімдер берген. 34 жастағы үшемнің анасы сәбилеріне өмір сыйлаған ақ халаттыларға шын ризашылығын білдірді.
Орталық атынан Тұрсыновтар отбасын көптен күткен қуанышымен құттықтаймыз, ал сәбилерге шын жүректен мықты денсаулық тілейміз!
МАСТЕР-КЛАСС В БИШКЕКЕ ПРОВЕДЕН СПЕЦИАЛИСТОМ ИЗ г.АКТАУ
Объявления о наблюдательном совете
В Областном перинатальном центре в г. Актау на сегодняшний день накоплен достаточно большой опыт выполнения оперативных вмешательств по поводу тяжелых форм эндометриоза. К тяжелым формам генитального эндометриоза относятся такие формы болезни, при которых кроме матки и яичников имеются поражения соседних органов, таких как: мочевой пузырь, терминальный отдел толстой кишки, мочеточники, крупные сосуды, брюшина и др. Поражение соседних органов малого таза эндометриозом и операции на них, приводит к тому, что хирургическое лечение эндометриоза выходит за рамки компетенции врача гинеколога, поэтому возникает необходимость в привлечении смежных специалистов (хирурга, уролога, колореткального хирурга).
блог руководителя
Епенова Жапырак Кенесхановна