Бүгін, 2021 жылдың 23 желтоқсан күні, Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығының конференцзалында Қазақстан эндоскопиялық хирургтер Ассоциациясының мүшесі, ҚР денсаулық сақтау саласының үздігі, Маңғыстауда алғаш рет эндоскопия саласының негізін қалаған онколог дәрігер Бердәулетов Сүлеймен Бердәулетұлының 80 жылдығына орай ұйымдастырылған ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады. Конференция аясында эндохирургиялық технологияны клиникада қолданудың жетістіктері мен проблемалары туралы, сондай-ақ эндохирургияның тарихи белестері мен еңбектері туралы баяндамалар тыңдалатын болады.
Конференцияға Қазақстан хирургтері ассоциациясының президенті, медицина ғылымының докторы, профессор Владимир Котлобовский, Европа жаратылыстану ғылымдары Академиясың мүшесі, медицина ғылымының докторы, профессор, академик Оспанов Орал Базарбайұлы, медицина ғылымының докторы, профессор Токпанов Серік Имашұлы, ҚР ДСМ Акушерия, гинекология және перинаталогия Ұлттық орталығының директоры Динара Досалиевна Мырзахметова қатысуда.
«Карл Штольц Эндоскопи Казахстан» компаниясының директоры Ахундов Сергей
Робертович эндоскопиялық хирургияның жаңа мүмкіндіктері туралы
баяндады. Қатысушыларға эндоскопиялық операциядан мастер-класс
конференцзалдың бейне экранынан тікелей байланыста көрсетілді.
Дәрігерлердің айтуынша, жаңа технологияларды енгізу операциядан кейінгі науқастың ауруханада жатып емделу мерзімін азайтуға, ем бағасын төмендетуге, бактерияға қарсы және ауыртпайтын препараттарға кететін шығынды қысқартуға, косметикалық тиімділікті және науқастарды толық оңалтуға мүмкіндік береді. Конференция көрсетілімі тікелей трансляция түрінде өтіп жатыр. Басқа өңірдегі дәрігерлер өз облыстарынан шықпай он-лайн режимінде қатысуда.
Дата публикации: 23-12-2021В Казахстане родился 20-миллионный гражданин!!!
20 ноябрь - Всемирный день Ребенка! Всем детям — все права!
ЖЕТЕКШІ ДӘРІГЕРДЕН ТАҒЫ БІР МАҢЫЗДЫ СЕМИНАР- ТРЕНИНГ!!
29 октября - День общенационального траура в Республике Казахстан
КЕЗЕКТІ ДӘРІС: «Акушериядағы гипертензиялық жағдайлар»
Соңғы жылдары үшемдердің дүниеге келуі қалыпты құбылысқа айнала бастаған
секілді. Орталықта жыл басынан бері 6000-нан астам шарананың кіндігі
кесілді. Олардың 114-і егіз, 3-і-үшем.
Ақтау қаласының тұрғыны, 26 жастағы жас ана үшемдерді дүниеге әкелді. Жүктіліктің 32-аптасында дүниеге келген нәрестелер, өңірдегі сегіз ай ішінде жарық дүние есігін ашқан үшінші үшемдер. Салмақтары 1430,0 гр, 1640,0 гр және 1,480 гр болып туылған сәбилер 2023 жылғы тамыз айының 11 -де дүниеге келді. Нәрестелерді емдеп жетілдірудің 2-ші сатысы бөлімшесінде ем қабылдап, салмақ қосып, жағдайлары тұрақталып, анасымен бірге бүгін үйге шығарылды.
Балапандардың әкесі әскери қызметкер, бүлдіршіндіріне Айша, Абзал, Ағзам есімдерін берген. Бүгін ел тыныштығын күзету, Отан қорғауды қасиетті борышы, киелі ісім деп білетін әкесі мен оның ұжымдастары барлық сән-салтанатымен сәбилерді үйлеріне шығарып алды.
Дүниеге үшем келіп, өрісі кеңейген отбасының қуанышы ұзағынан болсын! Үшемдер ұлтымыздың бетке ұстар тұлғаларына айналуына тілекшіміз!
Маңғыстауда биылғы екінші ҮШЕМ Білім күні үйге шығарылды!!
Ақтау қаласының тұрғыны Тұрсыновтар отбасында Үшемдер дүниеге келді. 9 жыл күткен қуанышты сәтте ата-анасы бірден үшем болады деп ойламаса керек. Салмақтары 1,500 гр, 1,400 гр және 850.0 гр. болып дүниеге келген сәбилердің біреуінде туа біткен жүрек ақауы (ашық артериялық түтік-ААТ) анықталып, 63-ші тәулікте сәбиге Ақтөбе облыстық «Ана мен бала» орталығының бөлім меңгерушісі, кардиохирург дәрігер Досмаганбетов Ануар Сагидуллаевич лигирование отасын сәтті жасады. Нәрестелер реанимациясы мен қарқынды терапия және нәрестелерді емдеп жетілдірудің 2-ші сатысы бөлімшесінде жан-жақты зерделеніп, толықтай ем алып, жағдайлары тұрақталып, бүгін, 69-шы тәулікте, аналарымен бірге аман-сау үйге шығарылды. Ата-әжелері немерелеріне Мансур, Расул, Айару деген есімдер берген. 34 жастағы үшемнің анасы сәбилеріне өмір сыйлаған ақ халаттыларға шын ризашылығын білдірді.
Орталық атынан Тұрсыновтар отбасын көптен күткен қуанышымен құттықтаймыз, ал сәбилерге шын жүректен мықты денсаулық тілейміз!
МАСТЕР-КЛАСС В БИШКЕКЕ ПРОВЕДЕН СПЕЦИАЛИСТОМ ИЗ г.АКТАУ
Объявления о наблюдательном совете
В Областном перинатальном центре в г. Актау на сегодняшний день накоплен достаточно большой опыт выполнения оперативных вмешательств по поводу тяжелых форм эндометриоза. К тяжелым формам генитального эндометриоза относятся такие формы болезни, при которых кроме матки и яичников имеются поражения соседних органов, таких как: мочевой пузырь, терминальный отдел толстой кишки, мочеточники, крупные сосуды, брюшина и др. Поражение соседних органов малого таза эндометриозом и операции на них, приводит к тому, что хирургическое лечение эндометриоза выходит за рамки компетенции врача гинеколога, поэтому возникает необходимость в привлечении смежных специалистов (хирурга, уролога, колореткального хирурга).
блог руководителя
Епенова Жапырак Кенесхановна