ОҚШАУЛАУ
COVID-19: адамдарды үйде оқшаулау ережесі
Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің нұсқаулығы бойынша үй жағдайындағы карантиннің талаптарымен таныс болыңыздар!
1 «B» санатындағы елдерден келген азаматтар 14 күн үй карантинінде болады.
ҮЙ КАРАНТИНІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Отбасы мүшелерімен байланыста болмайтындай бөлек бөлменің
болуы; Науқас пен отбасы мүшелерінің жеке гигиеналық құралдары болуы
(кем дегенде қолғап пен бет маскасы) және үйде күтім жасау немесе
оқшаулау ретінде ұсынылған сақтық шараларын сақтауы (мысалы, тыныс алу
гигиенасы және қол алысу, жөтелу әдебі) тиіс; Үйде COVID-19 инфекциясын
жұқтыру қаупі жоғары адамдар болмауы (65 жастан асқан қарттар, 5 жасқа
дейінгі балалар, жүкті әйелдер, иммундық жүйесі әлсіреген немесе
созылмалы жүрек, өкпе немесе бүйрек аурулары бар адамдар);
Егер осы талаптарды орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда медициналық ұйымдардың карантиніне жүгіну керек.
ҮЙ КАРАНИТІНДЕГІ ТҰЛҒАҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ:
Үйден шықпаңыз! Жақсы желдетілетін, есігі жабылатын бөлмеде болу. Бөлмеден тек қажет жағдайда, онда да аз уақытқа шығуға рұқсат етіледі. Ауыз бен мұрынды тұмшалаған жөн.Вирустың таралуын болдырмас үшін түшкіргенде немесе жөтелгенде ауыз бен мұрынды бір реттік орамалмен немесе білектің ішкі қарымен жабыңыз. Қолыңызды дереу сабындап жуыңыз немесе спиртті антисептикпен зарарсыздандырыңыз.Тамақ ішерден бұрын, сондай-ақ жеке қажетіңізді өтер алдында, одан кейін де қолыңызды сабындап жууды немесе спиртті антисептикпен залалсыздандыруды ұмытпаңыз. Беті-қолды сүртуге бір реттік қағаз орамалды қолданған дұрыс.Мүмкін болса жеке әжетхана пайдаланыңыз.Егер жоғары температура немесе тыныс алу жолдарының ауыру белгілері байқалса, иә қандай да бір медициналық мәселе туындаса, байланыс орталығына (1406 нөміріне) хабарласыңыз немесе жедел жәрдем шақырыңыз. Карантин туралы хабарлап, себебін көрсетіңіз.
ҮЙ КАРАНТИНІ КЕЗІНДЕГІ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ:
Оқшауланған бөлмеге отбасы мүшелерінің кіріп-шыққанын
азайтқан жөн. Дұрысы созылмалы ауруы жоқ, дені сау бір адам жауапты
болғаны абзал.Үйге қонақ шақырмаңыз.Үйдегі адамдар қолын жиі жуып тұруы
шарт.Ортақ қолданылатын ас үй мен дәретхана сынды орындардың жақсы
желдетілуін назарда ұстаңыз. Оқшауланған бөлмеге кірерде маска киюіңіз
керек. Егер маска ылғалданып, иә кірлеп кетсе, дереу таза, құрғақ
маскамен ауыстырыңыз. Масканы арнаулы әдіспен шешіңіз, яғни алдыңғы
бөлігін ұстамауды ескеріңіз. Артынша дереу қолыңызды жуыңыз.Оқшауланған
адаммен араласу кезінде, көрпе-төсек, киім-кешек, өзге де заттарын
ұстауда бір реттік қолғапты пайдаланыңыз.Оқшауланған бөлмені
күнделікті тазалаңыз және зарарсыздандырыңыз.Карантиндегі адамның
кір-қоңы жуылмастан бұрын, оқшауланған бөлмедегі арнайы сөмкеде
сақталуы керек. Кір жууға әдеттегі кір жуғыш ұнтақты пайдалануға
болады.Вирус тасымалдайтын тіс щеткасы, темекі, ыдыс-аяқ, сүлгі,
төсек-орын сынды тұрмыстық заттарды карантиндегі адаммен ортақ
пайдаланудан аулақ болыңыз. Ыдыс-аяқтарды қолданыстағы ыдыс жуғыш
құралдармен тазалауға болады.
В Казахстане родился 20-миллионный гражданин!!!
20 ноябрь - Всемирный день Ребенка! Всем детям — все права!
ЖЕТЕКШІ ДӘРІГЕРДЕН ТАҒЫ БІР МАҢЫЗДЫ СЕМИНАР- ТРЕНИНГ!!
29 октября - День общенационального траура в Республике Казахстан
КЕЗЕКТІ ДӘРІС: «Акушериядағы гипертензиялық жағдайлар»
Соңғы жылдары үшемдердің дүниеге келуі қалыпты құбылысқа айнала бастаған
секілді. Орталықта жыл басынан бері 6000-нан астам шарананың кіндігі
кесілді. Олардың 114-і егіз, 3-і-үшем.
Ақтау қаласының тұрғыны, 26 жастағы жас ана үшемдерді дүниеге әкелді. Жүктіліктің 32-аптасында дүниеге келген нәрестелер, өңірдегі сегіз ай ішінде жарық дүние есігін ашқан үшінші үшемдер. Салмақтары 1430,0 гр, 1640,0 гр және 1,480 гр болып туылған сәбилер 2023 жылғы тамыз айының 11 -де дүниеге келді. Нәрестелерді емдеп жетілдірудің 2-ші сатысы бөлімшесінде ем қабылдап, салмақ қосып, жағдайлары тұрақталып, анасымен бірге бүгін үйге шығарылды.
Балапандардың әкесі әскери қызметкер, бүлдіршіндіріне Айша, Абзал, Ағзам есімдерін берген. Бүгін ел тыныштығын күзету, Отан қорғауды қасиетті борышы, киелі ісім деп білетін әкесі мен оның ұжымдастары барлық сән-салтанатымен сәбилерді үйлеріне шығарып алды.
Дүниеге үшем келіп, өрісі кеңейген отбасының қуанышы ұзағынан болсын! Үшемдер ұлтымыздың бетке ұстар тұлғаларына айналуына тілекшіміз!
Маңғыстауда биылғы екінші ҮШЕМ Білім күні үйге шығарылды!!
Ақтау қаласының тұрғыны Тұрсыновтар отбасында Үшемдер дүниеге келді. 9 жыл күткен қуанышты сәтте ата-анасы бірден үшем болады деп ойламаса керек. Салмақтары 1,500 гр, 1,400 гр және 850.0 гр. болып дүниеге келген сәбилердің біреуінде туа біткен жүрек ақауы (ашық артериялық түтік-ААТ) анықталып, 63-ші тәулікте сәбиге Ақтөбе облыстық «Ана мен бала» орталығының бөлім меңгерушісі, кардиохирург дәрігер Досмаганбетов Ануар Сагидуллаевич лигирование отасын сәтті жасады. Нәрестелер реанимациясы мен қарқынды терапия және нәрестелерді емдеп жетілдірудің 2-ші сатысы бөлімшесінде жан-жақты зерделеніп, толықтай ем алып, жағдайлары тұрақталып, бүгін, 69-шы тәулікте, аналарымен бірге аман-сау үйге шығарылды. Ата-әжелері немерелеріне Мансур, Расул, Айару деген есімдер берген. 34 жастағы үшемнің анасы сәбилеріне өмір сыйлаған ақ халаттыларға шын ризашылығын білдірді.
Орталық атынан Тұрсыновтар отбасын көптен күткен қуанышымен құттықтаймыз, ал сәбилерге шын жүректен мықты денсаулық тілейміз!
МАСТЕР-КЛАСС В БИШКЕКЕ ПРОВЕДЕН СПЕЦИАЛИСТОМ ИЗ г.АКТАУ
Объявления о наблюдательном совете
В Областном перинатальном центре в г. Актау на сегодняшний день накоплен достаточно большой опыт выполнения оперативных вмешательств по поводу тяжелых форм эндометриоза. К тяжелым формам генитального эндометриоза относятся такие формы болезни, при которых кроме матки и яичников имеются поражения соседних органов, таких как: мочевой пузырь, терминальный отдел толстой кишки, мочеточники, крупные сосуды, брюшина и др. Поражение соседних органов малого таза эндометриозом и операции на них, приводит к тому, что хирургическое лечение эндометриоза выходит за рамки компетенции врача гинеколога, поэтому возникает необходимость в привлечении смежных специалистов (хирурга, уролога, колореткального хирурга).
блог руководителя
Епенова Жапырак Кенесхановна