Орталық

Маңғыстау перинаталдық орталығы (бұдан әрі - Орталық)аумақтық перинатальдық көмектің 3 деңгейі болып табылады.Жүкті әйелдерге, жоғарғы қауіпі бар топтағы босанатын әйелдерге және жаңа босанған әйелдерге, жаңа туған,шала туған және аз салмақты нәрестелерге мамандандырылған және жоғары мамандандырылған акушерлік-гинекологиялық, неонаталдық, алғашқы медициналық-санитарлық және консультативті- диагностикалық көмек көрсетеді.Лицензиялау және аккредиттеу өткен.

Қазіргі кезде Орталықтың өз құрамында 230 төсек-орын бар. Келесі бөлімшелер қызмет көрсетеді:

  • акушерлік бөлімше - 100 төсек- орын,
  • жүкті әйелдер патология бөлімшесі - 50 төсек,
  • ересектердің реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі – 9 төсек орын,
  • жаңа туған нәрестелердің реанимациясы және қарқынды терапия бөлімшесі - 12 төсек орын,
  • шала туған нәрестелерді 2-кезеңде күту бөлімшесі- 30 төсек орын,
  • гинекологиялық бөлімшесі-35 төсек орын,күндізгі стационар бөлімі- 20 төсек орын,
  • эндоскопиялық және реконструктивті гинекология бөлімшесі -15 төсек орын.

Орталықта барлығы 530 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде29дәрігер, 277орта буынды медициналық қызметкерлер. Оның ішінде 11 жоғары санатты дәрігерлер, 15 бірінші санатты дәрігерлер және 3 екінші санатты дәрігерлер.

МДЗ және медициналық жабдықтармен жарақтандыру 90,2% құрайды.

Орталықта,дүниежүзінің кез-келген нүктесімен біріктірілген, интеграциялық операциялық OR-1 (Karl Storz) он-лайн байланыс мүмкіндігі бар. Сондай-ақ бүйрек және бауыр қызметін алмастыру үшін "Prismaflex" және "Mars"терапия жабдығы орнатылған. Осы медициналық технологияны,әйелдің жүктілігі және босануы шиеленіскен жағдайларда оң нәтижемен қолдану тәжірибесі жеткілікті.

Жыл сайынғы бала туу саны 8000 дейін жетеді.Күні жетпей босану саны 9% құрайды.

Орталықта акушерлік және гинекологиялық лапароскопия операциялары барлық түрлері жүргізіледі:

  • толық лапароскопиялық гистероэктомиясы,
  • лапароскопиялық консервативті миомэктомиясы,
  • субмукозді түйіннің гистерорезекциясы,
  • қынаптық гистероэктомиясы,
  • лапароскопиялық абдоминалды гистерэктомиясы,
  • радикалды лапароскопиялық гистерэктомиясы,
  • несеп тоқтамауын түбегейлі жою мақсатында синтетикалық тормен уретровезикалді сегментін қынап арқылы түзету жүргізіледі.

Орталық, акушерлікте тиімді перинаталді технологиялары бойынша БҰҰ-ның 2015-2016жж пилоттық жобасына енгізілген. ДДҰ-ның халықаралық ұйымдармен(неонтологтар, акушер-гинекологтар, медбикелер мен акушерлер)бірлесіп, тиімді перинаталдық технологиялар орталығы құрылды.

Орталық, облыстың барлық босандыру қосалқы ұйымдарына басқарушы, ұйымдастырушылық-әдістемелік және кеңестік-тәжерибиелік көмек көрсетеді.

 

басшы блогы

Епенова Жапырак Кенесхановна
Орталық басшысы

Веб-сайтта директордың блогы бар. Мұнда келушілердің сұрақтарын оқуға немесе өз сұрағыңызды қоюға болады.

Блогқа өту »»»