Қабылдау бөлімі

ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМШЕСІ


iconiconicon Кез келген перзентхана қабылдау бөлімшеден басталады. Дәл осында жүкті әйел толғақпен немесе жүктіліктің асқынуымен келеді. Перзентханаға келетін болашақтағы ананы ең бірінші кезекші дәрігер немесе акушерка қарсы алады. Қабылдайтын бөлімше, бір-бірінен оқшауланған үш қабылдап қарау палаталардан тұрады. Палаталардың әрқайсысында тексеру үшін, кушеткасы бар сынақ бөлме орналасқан. Мұнда болашақ ананы акушер-гинеколог дәрігері қарап тексереді,ал акушерка медициналық құжаттаманы ресімдейді. Содан кейін, оның тексеру нәтижесіне байланысты перзентхана бөлімшелерініңбіріне:босандыру бөлімшесіне,операциялық бөлімшесіне,жүкті әйелдер патология бөлімшесіне немесе гинекологиялық бөлімшесінежөнелтіледі.