ҚЫЗЫЛША АУРУЫНАН САҚТАНЫҢЫЗ!
Қызылша (корь) — ауа тамшылары арқылы жұғатын жедел
инфекциялық ауру. Вирус ағзаға тыныс жолдары арқылы еніп, кілегейлі
қабатында көбейеді. Одан кейін қан арқылы бүкіл ағзаға тарап, бауырды,
тамақ безін, өкпені және сүйек кемігін, яғни жілік майын зақымдайды.
Денеге бөрітпе шығады. Қызылшаның бөртпе шығу кезеңі сатылы
түрде өтеді. Бөртпе бірінші күні бетте, құлақ, мойында, екінші күні
денесінде, үшінші күні аяғында пайда болады. Бөртпелердің шығу кезеңі
3-4 күнге созылады. Осы кезде дене қызуы қатты көтеріледі. Қызылшамен
ауырған науқас қызыл бөртпенің пайда болған күніне дейін төрт күн және
пайда болғаннан кейін төрт күн жұқпалы болып келеді.
Аурудың инкубациялық кезеңі 9-12 күн, кейде 3 аптаға созылады, науқас
адамда өмірлік иммунитет қалыптасады. Қызылшаға 6 айдан 5 жас
аралығындағы балалар өте жиі шалдығады. Бірақ, өкініштісі, қазір қызылша
ересектер арасында да жиі кездеседі. Өйткені ересектерде қызылшаға
қарсы иммунитет өте төмен. Бұл аурудан жүкті әйелдердің сақтанғаны жөн.
Себебі вирус іштегі нәрестеге әсер етеді. Аурудың алғашқы сатыларында
науқас адам тек қана үйде емделуі тиіс. Өйткені емханаға баратын болса,
ауруды өзге адамдарға жұқтыруы мүмкін. Сондықтан үйге учаскелік
дәрігерді шақыртып, ем қабылдаған жөн.
Вирус жұқтырған адам көп қимылдамай, төсекте жатқаны дұрыс. Дәрумендерге
бай, құнарлы тамақ жеп, сұйықтықты көп ішу керек. Егер бала ауырса,
ыстықты әрі ауырсынуды басатын парацетомол дәрісін беру керек. Баланың
іші өтсе, регидрационды суды ішкізген жөн.
Қызылша ауруынан алдан ала сақтану үшін:
• Балаларыныз 9 ай және 2 жасында қызылша, кызамык, паротит ауруынан сақтайтын екпе егу.
• Кішкентай сәбилерді ана сүтімен тамақтандыру немесе омырау емізу
• Дәрумендерге бай ас тағам керектену
• Күніне 4-5 уақыт толық дұрыс тамақтану
• Балаларға А,С дарумендеріне бай тағамдарды мүмкіндігінше беру
• А, Д, С дарумендері және басқадай қосымша дәрумендерді дәрігерлердің нұсқауы бойынша қосымша беру
• Балаларды көп жиылған жиын жерлерге апармау
• Балалардың бағым күтіміне ерекше назар аудару
• Үй тазалығын жақсы ұстану, 2 сағат сайын ауа алмастыру, дымқыл тазалық істеу
• Студент балалар көпшілік орталығына яғни жастар кешеніне бармау қажет,
• Бетперде тағуды қалыптастыру
• Қол тазалығын жақсы ұстану
• Дененің ауруға қарсылығын иммунитетін жақсартатып денені шынықтырудын да пайдасы зор.
Аурудың алдын алғыңыз келсе екпені уақытылы алған жөн.
Жарияланған күні: 06-11-2023 : 10:32
Аналарға ақпарат❗️


ҚЫЗЫЛША
жүктілік кезде қандай қауіп төндіреді?
Ауру өзі өте ауыр емес және емделусіз өтеді, бірақ
жүктілік кездегі қызылша болашақ анаға да, оның әлі туылмаған баласына
да ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Кейбір жағдайларда ол қызылша
пневмониясына, өкпенің қабынуына айналуы мүмкін.
Болашақ аналардағы қызылшаны диагностикалау.
Егер әйел жүктілікті [...]
Жарияланған күні: 07-04-2025 : 17:48 ВАКЦИНАЦИЯЛАУ - ҚЫЗЫЛШАДАН ЖАЛҒЫЗ, ТИІМДІ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ ҚОРҒАНЫС - ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
Қазақстанда қызылша ауруының 4306 жағдайы тіркелді, оның 3581-і немесе 83%-ы 14 жасқа дейінгі балалар.
Эпидемиологтар атап өткендей, инфекциялық ауруды жұқтырудың
70% немесе 3006 жағдайы вакцинацияланбаған балаларға тиесілі, оның
ішінде вакцинациялаудан бас тарту себебінен – 1 714, медициналық қарсы
көрсетілімдер – 572, егу жасына жетпеу – 648, өзге [...]
Жарияланған күні: 06-11-2023 : 10:33 ҚЫЗЫЛША АУРУЫНАН САҚТАНЫҢЫЗ!
Қызылша (корь) — ауа тамшылары арқылы жұғатын жедел
инфекциялық ауру. Вирус ағзаға тыныс жолдары арқылы еніп, кілегейлі
қабатында көбейеді. Одан кейін қан арқылы бүкіл ағзаға тарап, бауырды,
тамақ безін, өкпені және сүйек кемігін, яғни жілік майын зақымдайды.
Денеге бөрітпе шығады. Қызылшаның бөртпе шығу кезеңі сатылы
түрде өтеді. [...]
Жарияланған күні: 06-11-2023 : 10:32 Аурудың бастапқы сатыларында әйелдердің көпшілігінде симптомдар білінбейді

Патологияны уақытылы анықтау үшін сүт безін тұрақты түрде тексеріп отыру қажет.
Өзін-өзі тексеру етеккірдің келуі аяқталғаннан кейін 7-10 күннен кейін, кеудедегі ауырсыну мен ісіну кезінде жүргізілуі тиіс.
Сол жақ сүт безін тексеру үшін сол қолыңызды бастың артына қойыңыз және керісінше. Алдыңғы 3-4 саусақты [...]
Жарияланған күні: 31-10-2023 : 10:05 ЖҮКТІ ӘЙЕЛ НЕНІ БІЛУІ КЕРЕК: МӘМС
Жүкті әйелдер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша медициналық қызмет алу үшін жүктіліктің он екі аптасына дейін өзі тіркелген емханаға медициналық есепке тұруға міндетті.
Аяғы ауыр әйел жүктілігін сақтағысы келіп, емханаға бірінші [...]
Жарияланған күні: 23-08-2023 : 11:15 Жүкті әйелдердің құқықтары
Елімізде
жүкті әйелдердің құқықтары – сұранысқа ие тақырыптардың бірі. Сондықтан
біз «Тәжірибелі заңгерлердің ұлттық орталығы» республикалық қоғамдық
бірлестігінің мүшесі, заңгер Қымбат Туреновадан жұмыс орнындағы жүкті
әйелдердің құқықтарына өз тәжірибесінде көп кезіккен жағдайларға
байланысты тоқталып өтуін [...]
Жарияланған күні: 17-11-2022 : 12:17 ШЕТЕЛДІКТЕР МЕН АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ АДАМДАР ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК АЛА АЛАДЫ?



[...]
Жарияланған күні: 17-02-2022 : 14:49 МӘМС жүйесіне төлемдер туралы ақпарат: кім қанша төлейді және қандай өзгерістер бар?



Жыл басынан бері медициналық сақтандыру жүйесінде
сақтандырылған болып қалу үшін және медициналық қызметтердің кеңейтілген
пакетін алу үшін консультациялар мен диагностиканың, зертханалық
талдаулардың, УДЗ, КТ, МРТ, күндізгі стационар және жоспарлы емдеуге
жатқызу, оңалту көмегінің үлкен тізбесін білу маңызды.
Сондай-ақ кез келген шұғыл медициналық көмек, барлық [...]
Жарияланған күні: 12-01-2021 : 11:00 Келушілерге жадынама
Қымбатты ата-аналар!Біздің ортақ күш-жігеріміздің арқасында Сіздің балаңыздың денсаулығын қалпына келтіруіне үміттенеміз. Сізге және Сіздің балаңызға шын жүректен мықты денсаулық тілейміз.Біз Сізді бала туылуымен құттықтаймыз және оның денсаулығы үшін уайымыңызды түсінеміз. Біздің орталыққа интенсивті түрде емделуге мұқтаж және ерекше назар [...]
Жарияланған күні: 27-10-2015 : 00:10 Келіп түскен кезде босануға қажетті құжаттар:
Келіп түскен кезде босануға қажетті құжаттар: 1. Айырбастау картасын. 2. Жеке куәлік (немесе көбейтілген нұсқаны). 3. Туалет бұйымдары. 4. Төсеніш сіңіруші (2 орама). 5. Жөргектер. 6. Іш көйлек (3-5 дана). 7. Халат, тәпішке (былғары немесе резиналы),сіңімділігі жоғары гигиеналық төсемелер 8. Балалардың іш киімі (жөргектер, шұлықтар, [...]
Жарияланған күні: 27-10-2015 : 00:10 Қабылдау бөлімшеге қажетті сұрақтар тізімі
Көптеген босанушы әйелдер қабылдау бөлімінде түрлі сұрақтар қояды, оған олар толғақ кезінде, жауап бергісі келмейді. Сол себептен бұл сауалнаманы алдын ала толтырыңыз:Мекенжайы:• тіркелу орны бойынша• НақтыӨмір баяны:• балалар жұқпалы аурулары• созылмалы аурулары• операциялар, жарақат (қай жылы, асқынулар болды ма?), қан құю (қандай жылы, [...]
Жарияланған күні: 27-10-2015 : 00:10