"АЯЛА" қоры:

ДӘРІГЕРЛЕР ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДІ МҮГЕДЕКТІКТЕН ҚАЛАЙ ҚҰТҚАРАДЫ?

Әрбір болашақ ана өз баласын құрсағында көтере жүріп, жүктілік пен босанудың сәтті болуына үміттенеді. Бірақ кейде бәрі жоспар бойынша бола бермейді. Босану кезіндегі жиі кездесетін асқыну - асфиксия. Ол баланың өміріне елеулі қауіп төндіреді, себебі ұзақ уақыт
бойы оттегінің жетіспеуінен ми жасушалары бұзылады. Мұндай күрделі жағдайларда перинаталдық орталықтардың дәрігерлері көмекке келуге әрқашан дайын. Олар ана мен жаңа туған нәрестелерді құтқарып, бүкіл ел бойынша мыңдаған отбасыларға қуаныш пен үміт сыйлайды, нағыз ғажайып іс жасайды.
Гуляра Қылышжанова Ақтауда тұрады, ол 24 жаста, өзінің тұңғыш баласы туған кездегі барлық күйзелісті әлі күнге дейін есінен шығарған емес.
«Маған бала туғанда тұншығып қана қоймай, ұрық маңындағы суларды да жұтқаны айтылды. Қызым соншалықты кішкентай әрі дәрменсіз, менің алғашқы босануым, не істеу керектігі туралы ештеңе білмедім. Дәрігерлер мені бірінші минуттан бастап қамқорлығына алды. Олар менің қызымды гипотермия аппаратына бірден қосып қойды. Маңғыстау Облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері жақында заманауи аппарат келіп түскенін және ол менің қызымның денсаулығы мен жалпы өміріне көмек көрсете алатынын айтты», - дейді Гуляра.
Босану кезінде тұншығу немесе асфиксия гипоксияға әкеп соқтырады және баланың бас миын оттегі мен глюкозадан айырады. Гипоксия жаңа туған нәрестенің өліміне ғана себепші болып қалмайды. Бала аман қалса да, егер оған жедел медициналық көмек көрсетпесе, ол мүгедек болып қалуы мүмкін. Өйткені гипоксия ағзада өте маңызды функционалдық бұзылыстарға әкеледі. Гипоксия салдарларымен күресуге бүкіл әлемде өзін көрсеткен жалғыз терапиялық әдіс - гипотермия немесе жаңа туған нәрестені біртіндеп салқындату және дәл осылай біртіндеп жылыту көмектеседі.
Маңғыстау Облыстық перинаталдық орталығының директоры Жапырақ Кеңесханқызы Епенованың пікірінше, сәби өмірінің алғашқы сағаттарында гипотермияны қолдану қажет.
«Жаңа туған нәрестенің ми жасушасының өлімінен құтқару мүмкіндігі бар, бірақ жылдам әрекет ету керек. Туған сәттен бастап гипотермияға алғашқы 6 сағат қана бар. Неғұрлым ерте болса, әсері соғұрлым жақсы. Бізді автоматты гипотермия аппараты құтқарады. Оны өткен жылы Samruk Kazyna Trust қорының қолдауымен AYALA қайырымдылық қоры орнатып берген болатын. Бұл аппарат бірқатар еңбекті қажет ететін манипуляциялар жасайды. Біріншіден, жаңа туған нәрестені 33-34 градусқа дейін біртіндеп салқындатады, екіншіден, оның дене температурасын осы деңгейде ондаған сағат бойы ұстайды. Барлық процестер автоматтандырылған, оған қоса баланың бас миының көрсеткіштерін қадағалайтын монитор да бар. Персоналдың қателіктері механикалық, қол гипотермиясымен салыстырғанда нөлге түсті», - дейді Жапырақ Епенова.
Қазір AYALA қорының арқасында осындай жабдықтармен Қазақстанның перинаталдық және ғылыми орталықтарының 30%-дан астамы жабдықталды. Осыдан 5 жыл бұрын барлық перзентханалар мен перинаталдық орталықтарда жаңа туған нәрестелерге гипотермия қолда бар құралдармен жасалды - нәрестелерді медициналық қолғаптармен немесе өте суық су немесе мұзы бар пакеттермен құрсауланды. Содан кейін 72 сағат бойы кәдімгі градусниктің көмегімен олардың температурасын бақылап отырды.
«Біз бұл жағдайды білген кезде, гипотермияның бірінші аппараты мен амплитудалық электроэнцефалография мониторын сатып алуға қаражат жинаумен қатар, бұл кешенді мемлекеттік сатып алу үшін міндетті ету үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жүгіндік. Осы бағыттағы күш-жігерді үйлестіру туралы Меморандумға қол қойылды. Қазір AYALA қорынан алынған гипотермияның аппараттық кешендері еліміздің 14 медициналық мекемесінде тұр. Тек 2022 жылы ғана бас серіктес - Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен біз 5 медициналық мекемені жарақтандырдық. Сол жерде 9 жаңа туған нәрестені құтқарып қалды! Бұл өте үлкен көмек, ұлт денсаулығын сақтауға қосқан зор үлес - біздің құрметті серіктесімізге шын жүректен алғыс айтамыз», - деп атап өтті AYALA қайырымдылық қорының президенті Айдан Сүлейменова.
Маңғыстау Облыстық перинаталдық орталығында гипотермия аппаратының көмегімен құтқарылған жаңа туған нәрестелердің барлық аналары да осындай шексіз алғысын айтып отыр.
2022 жылдың қазан айында перинаталдық орталығында Жазира Қылышаева өзінің егіздерін дүниеге әкелді. Сәбилердің біріне жаңа туған нәрестенің церебралды депрессиясы деген диагноз қойылды. Қыздардың анасы босанғаннан оңала алмай жатқан кезде дәрігерлер амалдың бар екенін және балаға көмектесуге болатынын айтты!
«Дәрігерлерге, «Samruk-Kazyna Trust» қоры мен AYALA қайырымдылық қорына көп рахмет. Осы аппараттың арқасында менің кішкентай балам аман қалды, әл жинап келеді, қазір оның жағдайы жақсы», - дейді Жазира Қылышаева.
Айзада Қайырбаеваға жаңа туған баласы Алдабергенмен бірге аудандық перзентханадан Маңғыстау Облыстық перинаталдық орталығына «асфиксияның ауыр дәрежесі» диагнозымен әкелінді. Алдаберген бірден гипотермия аппаратына қосылды.
«Менің ұлымның тірі қалуына аппарат әсер етті! Қазір біз үнемі невропатологқа қаралып жүрміз. Бастың көлемін қадағалаймыз, әрбір сантиметр біз үшін өте маңызды. Мен осындай қажетті аппаратты сатып алуға көмектескен мейірімді адамдардың арқасында ұлымды құшақтап, сүйіп жүрмін. Ол бізге өте жақсы көмектескеніне сенімдімін! «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен AYALA қайырымдылық қорына және перзентхананың барлық персоналына рахмет!», - деді Айзада Қайырбаева.
Оларға Гуляр Қылышжанова да қосылады: «Мен қазір де осы аппаратты Ақтауға әкелуге көмектескендерге алғысымды білдіремін. Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен AYALA қайырымдылық қорына - көп рахмет! Онсыз не боларын елестету қорқынышты. Әрине, дәрігерлерге, медбикелерге және жанымда болғандардың барлығына алғыс айтамын». Қазір қызы Айымға алты ай толы - жағдайы жақсы: ол тамақтанады, ойнайды, өсіп және дамып келеді.
«Қорлардың көмегі баға жетпес! Бұл аппараттық кешен дәрігерлерге жаңа туған нәрестелердің жағдайын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді, ол ми жасушаларының зақымдануы салдарынан сәбилердің денсаулығына қауіп-қатерді айтарлықтай азайтты», - деп атап өтті Маңғыстау Облыстық перинаталдық орталығының директоры Жапырақ Кеңесханқызы Епенова.
2017 жылдан бері Қазақстанның 12 қаласының медициналық мекемелері AYALA қайырымдылық қорынан 14 автоматты гипотермия аппаратын және 13 амплитудалық электроэнцефалография мониторын алды. 2022 жылы Samruk-Kazyna Trust қорының қолдауымен AYALA қоры Ақтау, Талдықорған, Орал облыстық перинаталдық орталықтарын, Өскемендегі Ана мен бала орталығын және Шымкенттегі Қалалық перинаталдық орталықты автоматты гипотермияға арналған аппараттық кешендермен жабдықтады. Алдағы жылдары тәжірибелі неонатолог дәрігерлердің қолымен олар жүздеген баланы мүгедектіктен құтқаруға көмектеседі. 

Жарияланған күні: 13-03-2023  



Егер пациент медицина қызметкеріне алғысын ​ білдірсе, бұл – үлкен құрметтің белгісі, еңбегін бағалау..

iconiconicon [...]

Жарияланған күні: 26-12-2023  

ШЫН ЖҮРЕКТЕН..

iconiconiconЭндоскопиялық және реконструктивті гинекология бөлімі  [...]

Жарияланған күні: 24-11-2023  

Пікір

[...]

Жарияланған күні: 31-10-2023  

Әрбір медицина қызметкері үшін ең жақсы марапат – ол ​ емделушінің айығуы мен алғысы!

iconiconiconАналардың жақсы пікірі мен жылы құттықтауы үшін алғыс айтамыз!    [...]

Жарияланған күні: 23-10-2023  

Асель Сабитова

Саламатсыз ба Асел! Симфизит кесар тілігі үшін сөзсіз себеп емес. Табиғи босану бірінші дәрежеде, яғни сәйкессіздік 10 мм-ден аспайтын кезде мүмкін болады. Сізді дәрігеріңіз босануға жолдаған кезде, стационар деңгейінде  қосымша тексерулер жүргізіледі. Кесарь тілігін нақты жасалуын  перзентханадағы дәрігерлер консилиумы шешеді.   [...]

Жарияланған күні: 29-06-2023  

"АЯЛА" қоры:

iconДӘРІГЕРЛЕР ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДІ МҮГЕДЕКТІКТЕН ҚАЛАЙ ҚҰТҚАРАДЫ? Әрбір болашақ ана өз баласын құрсағында көтере жүріп, жүктілік пен босанудың сәтті болуына үміттенеді. Бірақ кейде бәрі жоспар бойынша бола бермейді. Босану кезіндегі жиі кездесетін асқыну - асфиксия. Ол баланың өміріне елеулі қауіп төндіреді, себебі ұзақ уақыт бойы оттегінің жетіспеуінен ми [...]

Жарияланған күні: 13-03-2023  

МЫҢ АЛҒЫС ДӘРІГЕР

iconiconicon@ Gabitovskaya:​ Қазақстанның медицинасын жамандаймыз, жақсы мамандар жоқ деп. Жоқ емес, бар. Бірақ көбісі «біздікілер нашар» деген стереотиптің көлеңкесінде қалып қояды. Белгілі бір аурудың, дәлірек айтсақ белгілі бір органның белгілі бір ауруын толықтай зерттеп, сол салада дамытып жүрген дәрігерлер бар. Өзім сондай дәрігердің қолына, нақты айтсам «пышағына» [...]

Жарияланған күні: 07-02-2023  

АНАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕ​ АЛҒЫСЫ

iconiconiconСәби дүниеге келген сәттен бастап өмірі мен денсаулығы сеніп тапсырылатын​ ақ халаттылардың ​ еш кестеге көнбейтін тынымсыз тірлігіне, ерен​ еңбегіне​ ешқандай баға жетпес!​ Бүгін бір топ АНАЛАР ​ орталықтағы ​ нәрестелерді жетілдірудің 2-ші сатысы және жаңа туған нәрестелер реанимациясы мен қарқынды терапия [...]

Жарияланған күні: 07-02-2023  

Пікір

iconМен, Салиева Жадыра, 2022 жылдың қыркүйек айында босандым. Ана мен Баланың медбике қыздары жаңа туған нәрестелерді емізу туралы айтып түсіндірді. Өйткені, жас аналардың бәрі бірдей оны біле бермейді. Үлкен рахмет!  [...]

Жарияланған күні: 03-11-2022  

Пікір

iconБосанғаннан кейінгі бөлім ұжымына рахмет айтқым келеді. Соның ішінде бөлім меңгерушісі Гүлшат Жаңагүлқызына мың алғыс! Өте жайлы адам екен! Ол кісімен бір сөйлескен ойыңды жақсылыққа баурайды. Ота жасалғаннан кейңн реанимация бөлімінде жатқанда медбике қыздар 1  күн баламды қарап, маған да әкеліп тұрды. Осы бөлімде 5 күн ем алдым.Сол кезде маған көрсеткен [...]

Жарияланған күні: 03-11-2022  

Пікірлер

iconСаламатсыздар ма! Мен кеше 34 інші роддомда босанған едім. Дәрігерлерге алғысымды айтқым келеді. Балам 39 аптаға дейін айналмай жамбаспен келіп тұрған еді. Мен плановый кесерова жасатамын деп келген едім. Ақшолпан Асубаевна кесерова жасатпай ак өзім босана алатынымды айтты.  Патологияда 3 күн жатып, кеше таңда сәбиімді қолыма алдым. Баламның салмағы 3770 . Соған [...]

Жарияланған күні: 01-11-2022  

Пікірлер

iconiconicon [...]

Жарияланған күні: 06-09-2022  

Алғыс

iconiconicon [...]

Жарияланған күні: 04-05-2022  

Алғыс

iconiconicon [...]

Жарияланған күні: 31-03-2022  

Алғыс

iconicon [...]

Жарияланған күні: 24-02-2022  

Алғыс

iconicon [...]

Жарияланған күні: 10-02-2022  

Алғыс

iconicon [...]

Жарияланған күні: 08-02-2022  

Алғыс

iconСәлеметсіз бе! 34 ш/а  Ана мен бала орталығында ота жасатып едім. Гинеколог-хирург Кубышева Айжақсы Талғатовнаға, Джакиев Нурлан Сагидуллаевичке, анестезиолог дәрігер Утебалиев Нұрқуатқа, ОРГ бөлімшесіне Алкиева Жадыра бастаған медбикелер мен кіші қызметкерлерге үлкен алғысымды білдіремін. Науқастарға кәсіби қызмет, қолдау және мұқият қарым-қатынас көрсеткені үшін өз [...]

Жарияланған күні: 08-02-2022  

Алғыс

icon [...]

Жарияланған күні: 18-10-2019  

Алғыс

iconiconicon [...]

Жарияланған күні: 09-10-2019  

Пікірлер 2

iconiconicon [...]

Жарияланған күні: 13-09-2019  

Пікірлер

iconiconicon [...]

Жарияланған күні: 13-09-2019  

Сарсенбаева Жадыра

04.09.2019 ж операциямен босандым. Сол күннен бастап балам екеумізге қараған медсестраларға алғысым шексіз! Баршаңызға рахмет!   [...]

Жарияланған күні: 09-09-2019  

Хужанова Айна

 Мен операциямен босандым. Сол күннен бастап врачтар мен медсестралар өте жақсы қарады. Мен шексіз ризамын. Медсестралар екі айттырмайды өте жақсы.  [...]

Жарияланған күні: 31-08-2019  
Осы бөлімде:

 

басшы блогы

Епенова Жапырак Кенесхановна
Орталық басшысы

Веб-сайтта директордың блогы бар. Мұнда келушілердің сұрақтарын оқуға немесе өз сұрағыңызды қоюға болады.

Блогқа өту »»»