Ана сүтінің пайдасы
Жаңа туған нәрестенің қорғаныш жүйесі белсенді болмайды. Сондықтан
да жаңа туған нәресте ана сүтіне зәру. Ана сүті емшектегі сәбиді түрлі
жұқпалы аурулардан, оның ішінде ішек ауруларынан да сақтайды, өйткені,
оның құрамында иммуноглобулин, лактоферин, лизоцим, стафилококқа қарсы
бифидус – фактор, лимфоцит пен макрофагтар бар. Энтеральды бактерияға
қарсы иммунитеттің пайда болуында әсіресе ана сүтіндегі
бифидус-фактордың маңызы зор. Ол бифидобактериялардың аш және тоқ ішекте
орналасуы және көбеуюінде жағдай жасайды, залалды флораның өсуін
тежейді. Сондай ақ, көптеген бактериостатикалық субстанциалардың
арқасында ана сүті мен уыз ағзадагы ішкі тұрақтылыққа иммунологиялық
бақылау жасауға көмектесіп, оны аурулардан қорғап және қоршаған ортаға
бейімделуде антигенді қоздырғыштарды шектейді.
Ана сүтінің жетілуі барысында пайда болған кейбір биологиялық қасиеттер баланың дұрыс жетілуіне мүмкіндік береді.
Ана
сүтінде майдың сорылуына әсер ететін фермент – липаза бар. Сүт майының
липаза арқылы ыдырауы сөлінің ерте бөлуіне септігін тигізеді. Баланы
емшек сүтімен асырағанда майдың қорытылуы, сіңуі жеңіл болып, ас
корытуына ауыртпалық салмайды. Ана сүтіндегі минералдық тұздардың
мөлшері сиыр сүтіне қарағанда аз және бұл балаларда бүйректің несепті
шығару қызметі нашарлаған кезде оған ауырлық түсірмейді. Тұрмысы нашар,
денсаулығы төмен аналарда сүтінің азаюына байланысты нәрестелер жасанды
сүт қоспасына көшіріледі. Жасанды сүт қоспалары химиялық құрамы жағынан
ана сүтіне қанша жақын болғанымен, оны толық алмастыра алмайды, әсіресе
сәби өмірінің алғашқы айларында сүт қоспаларының артықшылығымен қатар,
теріс, жағымсыз әсерлері бар. Қышқыл сүті қоспамен тамақтандырғанда
нәжіспен бірге аммиактың, тұздардың шамадан тыс бөлініп шығуы байқалады.
Бұл алмасу құбылыстарының бұзылғандығын көрсетеді. Одан басқа қышқыл
сүт қоспаларымен ағзадағы көптеген радикалдар енеді, олар бала
ағзасындағы тепе – теңдікке кері әсерін тигізеді. Сондықтан қышқыл сүтті
қоспаны көп мөлшерде бермеген дұрыс. Жасанды сүт қоспаларын
пайдаланғанда аллергиялық диатезде, бала салмағын шамадан тыс артуы іш
құрылысының ауруларына әкеп соғады. Сонымен қатар баланың иммунитетін
төмендетіп, жұқпалы ауруларға қарсылығын азайтады.
Ана
сүтінің бала үшін артықшылықтарына баланың қалыпты тәндік және
психоэмоционалды дамуына ықпал етеді, бала мен ана арасындағы
биологиялық және эмоционалдық байланыс орнығады, жұқпалы аурулардан,
олардың ішінде жедел ішек инфекцияларынан, жедел респираторлы – вирустық
және басқа жұқпалардан қорғаныс қамтамасыз етіледі, аллергияға
бейімділіктің даму қаупі төмендейді, жақ сүйектерінің пішіні дамуының
жақсаруына байланысты тістеу ақаулары азаяды, көз көру жітілігі мен
психомоторлық дамуы жақсартылады, ақыл – ойдың дамуы көрсеткіштері
артады, ас қорыту жүйесінің ауру жиілігі мен ұзақтығы төмендейді, есейе
келе семіру қаупінің төмендеуі мүмкін, құлақ ауруының оның қайталану
жағдайларының жиілігі төмендейді.
Ана
үшін артықшылықтарына ананың босанғаннан кейінгі күшінің қалыпқа келуіне
ықпал ету және анемия мен басқада ақаулардың дамуын төмендетуге әрекет
ету үшін, жаңа туылған нәрестені ананың сүтімен емізу керек, ана мен
бала арасындағы биологиялық және эмоционалдық қатынас орнығады және
ұзаққа созылады, емшектен емізу кезеңі өміріндегі аса жағымды және
бақытты сәттердің бірі болып табылады.
Алғашқы
алты айда тек ана сүтімен емізу жүктіліктің алдын – алудың (98%)
сенімді әдісі болып табылады. Жүктілікке дейінгі дене салмағына оралуға
ықпал етеді. Сүт пен аналық бездердің қатерлі ісігінің даму қаупын
азайтады. Негізінде баланы 1,5 – 2 жасқа дейін ана сүтінен айырмау
керек. Ана уызына жарымаған бала аурушаң, әлсіз келеді. Ана сүтін ұзақ
емген бала мейірімді де ақылды болып өседі.
Жарияланған күні: 09-09-2022
Күнделікті дәріс
Емшекпен емізуді көтермелеу және қолдау барысында Ресурс орталығының мамандары жаңа босанған әйелдермен емшек сүтінің сәби өмірінің бірінші жылында нәресте үшін ең қолайлы тағам екендігін, ана сүтінің суық мезгілде салқындаудан, ыстық мезгілде ішек инфекцияларынан қорғайтындығы туралы түсіндіру дәрістерін күнделікті жүргізіп отырады. Аналарға кеңес [...]
Жарияланған күні: 22-12-2023 Жүкті әйелдердің жиі қоятын сұрақтарының бірі:
ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ТАМАҚТАНУ
Бала құрсаққа біткен күннен бастап, жүрегіңіздің астында соға бастаған тағы бір жүрекке деген жауапкершілік арта түседі. Ең басты жауапкершіліктердің бірі – ол дұрыс тамақтану. Нәресте күтіп жүрген аналар ет, балық, көкеніс пен жеміс-жидек сондай-ақ сүт тағамдарын, нан және жарма өнімдерін белсенді тұтынғаны жөн.
Болашақ [...]
Жарияланған күні: 20-12-2023 КАТАМНЕЗ



Орталықтағы КАТАМНЕЗ кабинетінің тәжірибелі акушер-гинеколог дәрігері Г.Мамбетбаеваның жұмысы әйелдерді, оның ішінде жүктілікті жоспарлаушыларды тексеруге, емдеуге, күмәнді нәрестелерді, яғни, салмағы аз, әртүрлі патологиялары бар шала балаларды дүниеге әкелген аналарға катамнестикалық қадағалау жүргізуге бағытталған. Бақылаудың біздің [...]
Жарияланған күні: 07-12-2023 ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕМЕКІ



Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) болашақ аналарға: «Балаларды, жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала туу жасындағы әйелдерді электронды никотинді ингаляторларды пайдаланудан ескерту үшін жеткілікті дәлелдер бар, өйткені ұрықтың және жасөспірімнің бұл заттың әсері мидың дамуына ұзақ мерзімді салдарларға әкеледі».
[...]
Жарияланған күні: 06-12-2023 ҚЫЗЫЛШАНЫҢ ЖҮКТІ ӘЙЕЛГЕ ӘСЕРІ!
Қызылша жүкті әйелге неліктен қауіпті?
Жүкті әйелдерде пневмония түріндегі асқынулар жиі кездеседі, бұл қызылшаның асқынуынан болатын өлім-жітім деңгейін және шын мәнінде жүктіліктің өзін арттырады. Мұндай әйелдердің ауруханаға түсу ықтималдығы жоғары. Қызылша ұрықта туа біткен ақауларды тудырады ма?
Қызылша [...]
Жарияланған күні: 01-12-2023 АНАЛАРҒА КЕЗЕКТІ ДӘРІС

__c1f3bb2e72890be8902e1087a66b2753.jpeg)
__30327c7dce3702448d8955c437077f3f.jpeg)
2023 жылғы 24 қараша күні Ресурс орталығының мамандары ана мен бала бөлімінде жаңа босанған аналарға арнап дәріс өткізді.
Дәрісте жас аналардың көпшілігін толғандыратын сұрақтар: бала емізу кезеңіндегі рационның ерекшеліктері, қандай өнімдер пайдалы, қандай тағамдардан бас тарту қажет, бала емізетін әйелдің диетасы неден [...]
Жарияланған күні: 24-11-2023 "Сұрақ-Жауап» рубрикасы

__6a0507851c093cac1d5a8581ad894b89.jpeg)
__f1ba60c81828f5467f77e2bd855eea60.jpeg)
1.Қызылша жүктілік кезде қандай қауіп төндіреді?
Жүктілік кездегі қызылша болашақ анаға да, оның әлі туылмаған баласына да ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Кейбір жағдайларда олқызылша пневмониясына, өкпенің қабынуына айналуы мүмкін.
Болашақ аналардағы қызылшаны диагностикалау.
Егер әйел жүктілікті жоспарласа, оған инфекцияға қарсы антиденелерді анықтау [...]
Жарияланған күні: 23-11-2023 Рубрика: Аналарға кеңес!
Ұрпақ саулығы – құрсақтан..
ЖҮКТІЛІКТІ ЖОСПАРЛАУ – бұл болашақ аналыққа дайындалудың ең маңызды кезеңі.
Егер сіз өз серіктесіңізбен ата-ана болуға шешім қабылдасаңыз, онда сіздің өміріңіздегі ең жауапты кезеңге мұқият дайындалуыңыз керек. Сол дайындық екі бағытта жүргізіледі:
біріншіден, [...]
Жарияланған күні: 23-11-2023 РЕСУРС орталығының дәрігері әр аптаның бейсенбі күні жас босанған аналарға арнап дәріс өткізуді жалғастыруда



Бұл дәріске орталықта жатқан аналармен қатар, сырттан келген жүкті әйелдер де қатысуда. Мамандар жүкті аналарға босану кезіндегі тәртіп дағдысы, босану кезінде демді алу тәсілін меңгеру, босану жағдайында массаж жасау, емізуге дайындалу, жүктілік кезеңінде психологиялық қолдау көрсету бойынша, жас босанған аналарға баланы омырауға дұрыс салу, [...]
Жарияланған күні: 21-11-2023 Аурудың бастапқы сатыларында әйелдердің көпшілігінде симптомдар білінбейді

Патологияны уақытылы анықтау үшін сүт безін тұрақты түрде тексеріп отыру қажет.
Өзін-өзі тексеру етеккірдің келуі аяқталғаннан кейін 7-10 күннен кейін, кеудедегі ауырсыну мен ісіну кезінде жүргізілуі тиіс.
Сол жақ сүт безін тексеру үшін сол қолыңызды бастың артына қойыңыз және керісінше. Алдыңғы 3-4 саусақты [...]
Жарияланған күні: 31-10-2023 Ресурс орталығының мамандары дәрістерді жалғастыруда



РЕСУРС орталығының мамандары емшекпен емізуді көтермелеу және қолдау барысында, жаңа босанған әйелдермен емшек сүтінің сәби өмірінің бірінші жылында нәресте үшін ең қолайлы тағам екендігін, ана сүтінің суық мезгілде салқындаудан, ыстық мезгілде ішек инфекцияларынан қорғайтындығы туралы түсіндіру дәрістерін жалғастыруда.
[...]
Жарияланған күні: 30-10-2023 КАТАМНЕЗ КАБИНЕТІ



Біздің Перинаталдық орталықта КАТАМНЕЗ КАБИНЕТІ 2019 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Кабинеттің негізгі міндеті - перинаталдық кезеңде ауыр жағдайға тап болған, шала туылған нәрестелерге постнатальдық кезеңде медициналық көмек көрсету. Сонымен қатар, бұл кабинетте шала туылган, əр турлі жүйелерінде ақаулары бар, тыныс жетіспеушілік синдромы болған, туа [...]
Жарияланған күні: 30-10-2023 ЖYКТІЛІК ЖӘНЕ ТҰМАУ



Жүкті әйел мен нәресте үшін тұмау ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Тұмау жұқтырған жүкті әйелдерде пневмония және мерзімінен бұрын босану сияқты асқынулардың даму қаупі жоғары. Одан бөлек, түсік тастау немесе нәрестенің аз салмақпен туылу қаупін де арттырады.
Сонымен қатар, тұмау дене қызуын жоғарылатады. Ол дамып келе жатқан ұрық үшін [...]
Жарияланған күні: 30-10-2023 ЖҮКТІЛІК КЕЗЕҢІНДЕГІ КӨҢІЛ-КҮЙ

Болашақ аналар барынша стреске берілмеуі керек екенін білсе де, оның себеп-салдары неге апарарын нақты білмеуі мүмкін.
Аяғы ауыр әйел күйгелектік, ашушаңдық сияқты жағымсыз эмоцияға берілсе, гормональді жағдайы да оған жауап береді. Бала құрсақта жатқан кезде көктамыр торы болмайды да, жағымсыздық туғызатын гормондар шарана [...]
Жарияланған күні: 27-10-2023 Жүктілік кезіндегі ҮРЕЙ ТУҒЫЗАТЫН БЕЛГІЛЕРДІ дер кезінде анықтай біліңіз!

Жүкті әйел мынадай белгілер пайда болса, медицина қызметкеріне хабарласуы керек:
Қынаптан қан кеткенде;
Унемі бас ауырғанда, көз алдында дақтар немесе жарқылдау пайда болуымен бірге жүретін көру қабілтінің бұзылуы;
Кенеттен қол немесе бет ісінгенде
Дене қызуынның 38С-қа дейін және одан жоғары [...]
Жарияланған күні: 24-10-2023 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК БОСАНУ: ЖҮКТІ ӘЙЕЛ НЕНІ БІЛУІ МАҢЫЗДЫ

Қазақстанда серіктестік босану сән үрдісі болудан қалды және әдеттегі практикаға айналды. Әйелдер босану кезінде қолдаудың қаншалықты маңызды екенін түсінді және жақын жерде үздіксіз көмек көрсетуге дайын адамды қалайды.
Қазақстанда акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету стандарты бар. Осы стандартқа сәйкес, босану бөлімшесінде [...]
Жарияланған күні: 24-10-2023 Емшекпен емізу – бала саулығының негізі



Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығында Ресурс орталығының мамандары жүкті және босанған әйелдермен кеңес беру дәрістерін бөлімшелерде үздіксіз өткізеді. Дәрігерлер жас босанған аналармен сәбиді емшек сүтімен қоректендірудің маңызы, баланы қауіпсіз тамақтануы, нәрестені омырауға дұрыс салу, сүт бездері қатаюының алдын-алу туралы [...]
Жарияланған күні: 17-10-2023 1-7 тамыз –Дүниежүзілік ана сүтімен қоректендіру апталығы



Жас аналарға кеңес!
МАСТИТ — сүт безінің қабынуы. Сүттің жиналып қалуы
уақытылы емделмегенде, емшек ұшындағы жаралардың салдарынан емшекке
зиянды бактериялар түскен кезде емшектің қабынуы орын алады. Бұл ауруды
ғылыми тілде «Мастит» деп атайды. Мастит пайда болғанда емшекте қызыл
және қызуы жоғары дақтар шыға келеді. Мұндайда әйелдің [...]
Жарияланған күні: 04-08-2023 1-7 тамыз –Дүниежүзілік ана сүтімен қоректендіру апталығы
__295331725fef4572d2acabcb27bb0574.jpg)
__434fa1790e66473ec8f1e74597abc901.jpg)

АНАЛАРҒА КЕҢЕС
Сәбиді емізу барысында кездесетін қиындықтар:
ЕМШЕК ҰШЫНДА пайда болатын ауырсынулар мен жаралар баланы емшектен
ұқыпсыз алған кезде пайда болып жатады. Олай болмас үшін сәбиді ешқашан
емшектен жұлып алғандай бірден ажыратпаңыз. Еміп жатқан кезде кішкентай
саусағыңыздың бірімен езуіне [...]
Жарияланған күні: 04-08-2023 АНА СҮТІ – ТАБИҒИ ҚОРЕК



Ана сүтімен емізу
баланың аман қалуын және кейінгі өмірінде денсаулығын қамтамасыз ететін әмбебап «табиғи императив» болып табылады. «Дүниежүзілік бала емізу апталығы» аясында Ресурс орталығының дәрігері ЕПЕНОВА АНАРГҮЛ ДАЙРАБЕКОВНА 2023 жылғы 03 тамыз күні ана мен бала «Ж» бөлімінде АУҚЫМДЫ ДӘРІС өткізді. Дәрісте жас [...]
Жарияланған күні: 03-08-2023 Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығы «Балаларға мейірімді аурухана» мәртебесінде 2 жыл!!!



2021 жылы біздің орталықтың қызметінде емшекпен емізудің барлық қадамдары мен қағидаттары сәтті енгізіліп, беделді дүниежүзілік ЮНИСЕФ және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) «Балаларға мейірімді бастама (BFI)» бағдарламасына сәйкес, халықаралық статус: «Балаларға мейірімді аурухана» мәртебесі берілді.
[...]
Жарияланған күні: 01-08-2023 Кезекті дәріс..



2023 жылғы 29 шілде күні Ресурс орталығының мамандары ана мен бала бөлімінде жаңа босанған аналарға арнап дәріс өткізді. Дәрісте жас аналардың көбін толғандыратын сұрақтар: бала емізу кезеңіндегі рационның ерекшеліктері, қандай өнімдер пайдалы, қандай тағамдардан бас тарту қажет, бала емізетін әйелдің диетасы неден тұратындығы.
[...]
Жарияланған күні: 31-07-2023 Аналар мектебі



Ресурс орталығының дәрігерлері орталыққа түскен әрбір жас босанған
аналармен сәбиді емшек сүтімен қоректендірудің маңызы, баланы қауіпсіз
тамақтануы, нәрестені омырауға дұрыс салу, сүт бездері қатаюының
алдын-алу туралы сұхбаттасып, дәрістер өткізеді. Ақ халаттылар әңгіме
барысында жаңа туған нәрестелердің сырқаттанушылық жағдайлары бойынша да
[...]
Жарияланған күні: 13-06-2023 Аналар мектебі



Емшекпен емізуді көтермелеу және қолдау барысында Ресурс орталығының
мамандары жаңа босанған әйелдермен емшек сүтінің сәби өмірінің бірінші
жылында нәресте үшін ең қолайлы тағам екендігін, ана сүтінің суық
мезгілде салқындаудан, ыстық мезгілде ішек инфекцияларынан қорғайтындығы
туралы түсіндіру дәрістерін өткізуді жалғастыруда.
[...]
Жарияланған күні: 02-06-2023