МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
УНИКАЛЬНАЯ ОПЕРАЦИЯ выполнена под руководством доктора Н.ЖАКИЕВА
Жүкті, босанған әйелдер мен жаңа туған сәбилерге реанимациялық көмек деңгейі шыңдалды
1 маусым- Балаларды қорғау мерекесі
5 мамыр –Халықаралық акушерлер күні.
Эко-мед клиникасының дәрігерлері Маңғыстауда!
БІЛІМ ЖЕТІЛДІРУ – КӘСІБИ КЕМЕЛДЕНУ
Конференция барысында жамбас түбінің бұлшық еттері мен тірек тіндерінің әлсіреуінен болатын гениталдық пролапсты түзету оталарына қатысты.
Айта кететіні, дәл осындай қынап пен жатыр қабырғаларының әртүрлі дәрежедегі төмен түсуі кезіндегі торлы протездерді қолдану оталары Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығында 15 жылдан бері жасалып келеді. Білгір дәрігер 2022 жылдың өзінде 9 пациентке лапароскопиялық жолмен гениталдық пролапсты қалпына келтіру (промонтофиксация) отасын сәтті жасады.
Сенбілік - адамдарды бірлікке шақырып, ұжымдық және психологиялық климатты көтереді.
«ҚХП» мүшесі, Мұнайлы қайырымды жандар қоғамдық қорының директоры Мұнайлы аудандық маслихатына бірмандаттық үміткер Базарбаева Самал Абайқызы өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып, оның ішінде көп балалы аналар, балалар мен ерекше балалардың мүддесін қорғау, жәрдемақы төлемі секілді мәселелер бойынша өз ұстанымы мен алға қойған бағытын баяндады. Партия мүшелері ұжымда қызмет атқаратын аналардың өзекті сұрақтарына жауап беріп, партияның жоспарларына қолдау көрсетуге және алдағы сайлау науқанынан қалыс қалмауға шақырды.
ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНДЕГІ ҚАРБАЛАС
Қабылдау бөлімі - нағыз қарбаластың қайнаған ортасы, жұмыс тәулік бойы бір сәтке де толастамайды. Себебі орталыққа келген әйелдер алдымен осы жерге түседі. Қабылдау бөлімі арқылы жылына 27 мыңнан астам аналар өтеді. Орта есеппен тәулігіне 75-80 пациент қаралады.Жедел жәрдеммен, жоспарлы жолдамамен келгендер шағымына, денсаулық жағдайына байланысты, әрі қарай бейімді бөлімшелерге жіберіледі. Жағдайы белгісіз науқастар арнайы диагностикалық бөлмеге жатқызылып, бақылауға алынады. Толғағы жеткендері босану залына жеткізіледі. Түрлі асқынулармен, оқыс оқиға орнынан жеткізілген науқастарға шұғыл медициналық көмек көрсетіледі. Адам аяғы бір үзілмейді, медицина қызметкерлері дамыл таппайды. Бірі келген пациенттерді тіркейді, бірі дәрігердің қабылдауына жазады, дәрігердің қарауына дайындайды, құжат толтырады, реттейді, кеңес береді, анализ алады, зерттемеге апарады, емшара жасайды, телефон қоңырауларына жауап береді. Акушеркалар бір-бірінің орнын алмастырып жұмысты үздіксіз жүргізе береді. Барлық ақпараттар электрондық жүйеде, компьютерге тіркеліп, жазылып, сақталады.
2023 жылғы 03 наурыз күні орталықтың консультативтік диагностикалық емхана бөлімінің педиатр дәрігері Өтемісова Назымгүл Датқызы «Жаңа туылған нәрестенің сарғаюы» тақырыбында дәріс өткізді.
басшы блогы
Епенова Жапырак Кенесхановна