МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының ақ халатты абзал жандары «Дәрігер - балалар жанашыры» республикалық челленжі аясында балаларды қорғау күніне орай «Ашық есік» күнін ұйымдастырады, - деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасында биыл 5189 бала ем алған. Соңғы төрт айда қабылдау бөліміне 24 000-ға жуық бала көмекке жүгінген. Көбіне балалар жеңіл және ауыр жарақаттар, күйік және тұрмыстық жарақаттар бойынша аурухана көмегіне жүгінеді. Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының нефролог дәрігер Айна Акбалина 1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шаралар туралы айтты.
-Барша балаларды 1 маусым - дүниежүзілік балаларды қорғау күнімен құттықтаймын. Бұл шара аясында алдымен 29-30 мамыр күні «Ашық есік» шарасын ұйымдастырамыз. Хирургиялық бейін бойынша консультативті-диагностикалық бөлім және соматикалық бейін бойынша консультативті-диагностикалық бөлім мамандары сағат 14:00-ден 17-00-ге дейін пациенттерді қабылдайды. 1 маусым - дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған аурухана қызметкерлері атынан мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырады. Сонымен қатар, сәби қайырымдылық қорының қолдауымен ем алып жатқан балаларға сыйлықтар үлестіреміз, - дейді Айна Акбалина.
Ал аурухана директоры Гүлжан Ермекбаева әрбір баланың амандығы мен денсаулығын тілеп, мерекемен құттықтады.
–Бала – үйдің шырағы, қуанышы, бауыр еті. Әрбір балаға ең алдымен мықты денсаулық тілеймін. Біздің ауруханамызға келген әр бүлдіршін тезірек сауығып, дені сау болсын. Біз үшін балалардың денсаулығы маңызды, – деді Гүлжан Ермекбаева.
https://www.facebook.com/share/v/18qAqQFMVk/
Жарияланған күні: 28-05-2025Республика күніне орай марапат — абыройлы еңбекке берілген баға
КӨК КОД...
СИНИЙ КОД!
Республика күні – ақ халатты абзал жандарға құрмет!
Аккредитациядан өту – қызметтің жоғары сапасы!
«Таза Қазақстан» акциясы аясында перинаталдық орталық қызметкерлері сенбілік өткізді
Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығы дәрігерлермен толықты!
Халықаралық ДӘРІГЕР күні құтты болсын!
Емшек сүті – сәбидің ең құнды асы
Баршаңызды «Отбасы күні» мерекесімен құттықтаймыз!
Отан - отбасынан басталады! Ал отбасы - біздің қоғамда әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы.
Президент Жолдауына үн қосқан ақ халаттылар
Медицинадағы жасанды интеллект, кадрларды қолдау және дәрігерлердің қауіпсіздігі: жаңа шаралар
Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталды: өтініш беру жолдары мен шарттары
ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!
"ҰРЫҚТЫ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ" ашылды!
Неонатологтар білімдерін шыңдауда
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛЕДІ
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы «Ашық есік» күнін ұйымдастырады
Эндоскопистер күні құтты болсын!
басшы блогы
Епенова Жапырак Кенесхановна