МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
Ана денсаулығы – ұлт саулығы.
Ана саулығы – дені сау ұлттың кепілі. Қоғам дамуында ана мен сәби өмірі үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Елімізде денсаулықты дамытудың 2021-2025 жылға арналған «Дені сау
ұлт» атты әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау
ұлттық жобасы жүзеге асылуда. Халықтың саулығын жақсартуды көздейтін
жобаның басым бағыттарының бірі де осы ана мен баланың денсаулығы.
Отбасын ең үлкен мықты тәрбие ошағы, шағын мемлекет дейміз. Ал,
ана – шаңырақтың шуағы, отбасының бақыты мен берекесі. Сондықтан, «ана»
деген ардақты атқа ие болған әрбір әйел затының алдында өскелең ұрпаққа
деген зор жауапкершілік тұр.
Кез-келген ана перзентіне төнетін қауіптің алдын ала алады. Осыны
естен шығармағаны жөн. Ол үшін біріншіден, әйел жүктілікке дейін
денсаулығын күтіп және жақсы тамақтанып, күйзелістен аулақ болуы қажет.
Екіншіден, ол әрбір жүктілік кезеңінде медицина қызметкеріне кемінде
төрт рет қаралғаны абзал. Үшіншіден, босанғаннан кейін ана мен бала
алғашқы тәулікте, бірінші аптада және алты аптада тиісті мамандарға
қаралуы керек.
Сонымен қатар, бала туу жасындағы келіншектердің өз саулығына мән
бермеуі, әсіресе жүктілікке дейін немесе жүктілік кезінде дұрыс емделмей
қалған аурулардың болуы құрсақтағы нәресте үшін аса қауіпті. Өйткені,
ол дерт нәрестеге анасы арқылы берілуі мүмкін. Бұл – шарананың уақытынан
ерте тууына немесе дене салмағының аз болуына әсер ететін негізгі
фактор. Ол болашақта бала саулығына қатысты басқа да проблемалардың
туындауына себеп болады.
Дана халқымыз «Ақылды әйелдің ішінде алтын бесікті ұл жатар»
деген. Қалай десек те, ананың ауыруы болашақ ұрпақ үшін де, қоғам үшін
де үлкен қасірет. Денсаулығы нашар анадан, әлбетте, дені сау ұрпақтың
тумайтыны анық. Сол себепті, аналарды болашақ ұрпақтың өмірі мен
денсаулығына салғырт қарамауға шақырамын. Өйткені, ұлт саулығы – ананың
қолында!
Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығының баспасөз қызметі
Жарияланған күні: 07-04-2025Республика күніне орай марапат — абыройлы еңбекке берілген баға
КӨК КОД...
СИНИЙ КОД!
Республика күні – ақ халатты абзал жандарға құрмет!
Аккредитациядан өту – қызметтің жоғары сапасы!
«Таза Қазақстан» акциясы аясында перинаталдық орталық қызметкерлері сенбілік өткізді
Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығы дәрігерлермен толықты!
Халықаралық ДӘРІГЕР күні құтты болсын!
Емшек сүті – сәбидің ең құнды асы
Баршаңызды «Отбасы күні» мерекесімен құттықтаймыз!
Отан - отбасынан басталады! Ал отбасы - біздің қоғамда әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы.
Президент Жолдауына үн қосқан ақ халаттылар
Медицинадағы жасанды интеллект, кадрларды қолдау және дәрігерлердің қауіпсіздігі: жаңа шаралар
Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталды: өтініш беру жолдары мен шарттары
ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!
"ҰРЫҚТЫ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ" ашылды!
Неонатологтар білімдерін шыңдауда
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛЕДІ
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы «Ашық есік» күнін ұйымдастырады
Эндоскопистер күні құтты болсын!
басшы блогы
Епенова Жапырак Кенесхановна