МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
Адам тағдыры тапсырылатын, аса жауапкершілік пен төзімділікті талап ететін ақ халаттылардың еңбегі қашан да жеңіл емес..
Облыстық перинатальдық орталығының жоғары санатты акушер-гинеколог, жоғары санатты хирург дәрігері, медицина магистрі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері НҰРЛАН САҒИДУЛЛАҰЛЫ ЖАКИЕВ жетекшілік ететін эндоскопиялық және реконструктивтік гинекология бөліміне біздің өңірден ғана емес, еліміздің басқа да облыстарынан келіп ота жасату қалыпты жағдайға айналған. Өйткені, қазіргі таңда дамыған елдерде ғана жасалатын инфильтративті эндометриозға қарсы аса күрделі оталарды Нұрлан Сағидоллаұлы біздің орталықта өзі жасайды.
Биылғы 2023 жылдың басынан бері бөлімшеде барлығы 869 ота жасаса, оның ішінде басқа облыстардан келген 35 пациентке эндометриоз, гистероскопия, жатыр пролапсы, эндометрия патологиясымен, эндохирургияның заманауи тәсілдерін пайдалана отырып, сәтті оталар жасады. Бірнеше рет шет мемлекеттер жедел гинекологиядағы эндовидеохирургиялық әдіспен мастер-класстар өткізуге шақырды.
Төмендегі алғыс-лебіздер 2023 жылғы тек қыркүйек-қазан айында ғана емделіп шыққан пациенттердің ризашылығы! Бұл - ынтымағы жарасқан бөлімше үшін ең жоғары баға! Бөлімшедегі орта және кіші медицина қызметкерлері түскен сәттен бастап науқаспен жылы сөйлесіп, көңіліне демеу, жанына сүйеніш болып, ортақ тіл табысып, емінің шипа болуына, дертінен қысқа мерзімде сауығып кетуіне жәрдемдеседі. Нұрлан Сағидоллаұлы емшараға қатысты толықтай түсініктеме беріп, науқастың сеніміне кіріп, сауығу бағытында жігерлендіріп, әр пациенттің шипалы ем алып шығуына бар күші мен біліктілігін жұмсайды. Осылайша, бөлімше қызметкерлері еңкейіп келіп, еңсесін тіктеп кеткен қаншама жанның алғысына бөленуде!
Құрметті әріптестер!Пациенттердің алғысына, ыстық ықыласына, құрметіне бөлене беріңіздер! Халық денсаулығын жақсарту жолында қайраттарыңыз қажымасын!
Жарияланған күні: 18-10-2023Республика күніне орай марапат — абыройлы еңбекке берілген баға
КӨК КОД...
СИНИЙ КОД!
Республика күні – ақ халатты абзал жандарға құрмет!
Аккредитациядан өту – қызметтің жоғары сапасы!
«Таза Қазақстан» акциясы аясында перинаталдық орталық қызметкерлері сенбілік өткізді
Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығы дәрігерлермен толықты!
Халықаралық ДӘРІГЕР күні құтты болсын!
Емшек сүті – сәбидің ең құнды асы
Баршаңызды «Отбасы күні» мерекесімен құттықтаймыз!
Отан - отбасынан басталады! Ал отбасы - біздің қоғамда әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы.
Президент Жолдауына үн қосқан ақ халаттылар
Медицинадағы жасанды интеллект, кадрларды қолдау және дәрігерлердің қауіпсіздігі: жаңа шаралар
Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталды: өтініш беру жолдары мен шарттары
ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!
"ҰРЫҚТЫ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ" ашылды!
Неонатологтар білімдерін шыңдауда
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛЕДІ
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы «Ашық есік» күнін ұйымдастырады
Эндоскопистер күні құтты болсын!
басшы блогы
Епенова Жапырак Кенесхановна