АНАЛАРҒА ДӘРІС
Ана мен баланы қорғау кез келген мемлекеттің ішкі
саясатының басым бағыты. Халықтың репродуктивті деңгейі, балалардың
физикалық, рухани және адамгершілік дамуы әйелдер мен балалардың
денсаулығына тікелей байланысты.
2022 жылғы 01 желтоқсан күні Маңғыстау облыстық
перинатальдық орталығының конференцзалында Маңғыстау облыстық
мамандандырылған балалар үйінің директоры Ермуханова Сару
Мухамбетқалиқызы жүкті және босанған аналарға емшек сүтімен
тамақтандырудың қағидаттары бойынша ауқымды дәріс өткізді. Бұл шара
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары Ассоциациясының,
негізгі мақсаты - халықтың репродуктивті денсаулығын сақтауға, ана
мен бала денсаулығын қорғауға бағытталған әлеуметтік жобасы аясында
жүзеге асырылды. С.Ермуханова орталықтағы жүкті және босанған аналарға
емшек сүтімен тамақтандырудың қағидаттары бойынша маңызды мағлұматтар
мен кеңестер берді. Шара соңында пайдалы буклеттер мен парақшалар
таратылды.
Айта кету керек, Маңғыстау облыстық
перинатальдық орталығы өткен 2021 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымы және ЮНИСЕФ- Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының
бастамасымен нәрестелердің сырқаттанушылығы және өлім-жітімін
төмендетуге, емшек сүтімен емізудің сәтті және тұрақты болуын
қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламаға сәйкес, «Балаға
мейірімді аурухана» («Больница, доброжелательного отношения к
ребенку») халықаралық мәртебесіне ие болды. Орталықта емшекпен
табысты емізудің он қағидаты қатаң сақталады. Емшекпен емізу
насихатталады, көтермеленеді. Барлық медициналық қызметкерлер осы
қағидалар бойынша оқытылды және қосымша дағдылар мен ақпараттармен
қамтамасыз етілді. Медицина қызметкерлері жүкті және босанған
аналарды сәбиді кеуде сүтімен емізу ең жақсы нәрсе деп сендіруге
тырысады және үйге қайтарда да баланы қалай тамақтандыру керектігін
үйретеді. Аналарға босанғаннан кейін бірден сәбилерін емшек сүтімен
қоректендіру қажеттілігін, емшек сүтінің пайдасы туралы ақпараттар
береді. Осылайша, нәресте мен ананың арасындағы эмоционалды жақындау
жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда емшекпен емізудің 10
критерийі мейілінше сақталады. Олар: аналарды бала туылғаннан кейінгі
алғашқы жарты сағатта емізуді бастау, аналарға емшек сүтімен емізудің
әдістері туралы және дұрыс ақпарат беру, медициналық қажеттілік болмаса,
жаңа туған нәрестелерге емшек сүтінен басқа тамақ бермеу, ана мен
балаға бір бөлмеде 24 сағат тұруға рұқсат етілу, нәрестені кез-келген
сұраныс бойынша емізу, емшек сүтімен емізетін нәрестеге жасанды
күшейткіштердің берілмеуі және перзентханадан шығарылған аналарға емшек
емізуді қолдауды жалғастыру керектігі. Бұл қолданылатын саналы әдістер
әсіресе шала туылған сәбилерге өте пайдалы.
Емшек сүтімен қоректену
дағдыларын жас аналарға насихаттау мақсатында барлық бөлімшелерде
қолайлы жағдайлар жасалған. Орталықтың кіре берісінен бастап,
бөлімдерде, холл, палаталарда ана сүтін насихаттауға бағытталған
ақпараттар, хабарламалар ілінген. Орталық ұжымы бұл беделді мәртебені
жоғары деңгейде ұстау үшін бар мүмкіндігі мен күш-жігерін жұмсайтын
болады.
Жарияланған күні: 01-12-2022
Марапаттаулар мен жетістіктер
__71449f7c0ea39e56f4c6f2b190979244.jpg)
__2ed23b55fce27b9b675d30d23ad2b18f.jpg)
Жарияланған күні: 03-11-2025 ТолығырақРеспублика күніне орай марапат — абыройлы еңбекке берілген баға
__6bb44382e252970107407a8c8127cdff.jpg)
__5daff7dfc8f5feb7e6e0232cc4b2fa16.jpg)
Жарияланған күні: 28-10-2025 Толығырақ«БЕДЕЛДІ ПЕРЗЕНТХАНА-2025»


Жарияланған күні: 28-10-2025 ТолығырақКезекті жаттығу өтті.
__276048fd9c85d5ab328603e5e22ad86c.jpg)
__03498f4a15ecd380a679e7712452ad4d.jpg)
__6834c2631c0842b2f20252874853ea0e.jpg)
КӨК КОД...
СИНИЙ КОД!
Жарияланған күні: 22-10-2025 ТолығырақРеспублика күні – ақ халатты абзал жандарға құрмет!


Жарияланған күні: 22-10-2025 ТолығырақАккредитациядан өту – қызметтің жоғары сапасы!
__3d3f7bb0b6561cf204127c8a2123aa62.jpg)
__026de703eea4097ee52ba5ecd29243df.jpg)
Жарияланған күні: 16-10-2025 Толығырақ«Таза Қазақстан» акциясы аясында перинаталдық орталық қызметкерлері сенбілік өткізді


Жарияланған күні: 11-10-2025 ТолығырақМаңғыстау облыстық перинатальдық орталығы дәрігерлермен толықты!

__8c147896e257003b12f4f9fe7aee3e4a.jpg)
Жарияланған күні: 10-10-2025 ТолығырақХалықаралық ДӘРІГЕР күні құтты болсын!


Жарияланған күні: 06-10-2025 ТолығырақЕмшек сүті – сәбидің ең құнды асы


Жарияланған күні: 03-10-2025 ТолығырақОТБАСЫ КҮНІ!! АШЫҚ ЕСІК КҮНІ



Баршаңызды «Отбасы күні» мерекесімен құттықтаймыз!
Отан - отбасынан басталады! Ал отбасы - біздің қоғамда әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы.
Жарияланған күні: 15-09-2025 ТолығырақПрезидент Жолдауына үн қосқан ақ халаттылар


Жарияланған күні: 10-09-2025 ТолығырақМедицинадағы жасанды интеллект, кадрларды қолдау және дәрігерлердің қауіпсіздігі: жаңа шаралар

Жарияланған күні: 09-09-2025 ТолығырақҚазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталды: өтініш беру жолдары мен шарттары
Жарияланған күні: 09-09-2025 ТолығырақМЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ШАБУЫЛ ЖАСАЛҒАН ЖАҒДАЙДА ЖАЗАЛАУ ШАРАЛАРЫН ҚАТАҢДАТУДЫ ТАПСЫРДЫ
Жарияланған күні: 24-07-2025 ТолығырақСЕНБІЛІК ӨТТІ!


Жарияланған күні: 08-07-2025 ТолығырақҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!


Жарияланған күні: 08-07-2025 ТолығырақРесурс орталығының дәрігері А.Епенова ана мен бала бөлімінде емшекпен емізу туралы кезекті дәріс өткізді


Жарияланған күні: 04-07-2025 Толығырақ"ҰРЫҚТЫ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ" ашылды!


Жарияланған күні: 27-06-2025 ТолығырақНеонатологтар білімдерін шыңдауда


Жарияланған күні: 18-06-2025 ТолығырақҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛЕДІ
Жарияланған күні: 09-06-2025 Толығырақ4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
Жарияланған күні: 04-06-2025 Толығырақ«Дәрігер – балалар жанашыры»
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы «Ашық есік» күнін ұйымдастырады
Жарияланған күні: 28-05-2025 ТолығырақЭндоскопистер күні құтты болсын!
Жарияланған күні: 23-05-2025 Толығырақ