МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
2023 жылғы 25 ақпан, сенбі күні Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығында Ашық есік күні өтті.
Қабылдауды білікті дәрігерлер: орталық директоры, жоғары санатты
акушер-гинеколог Епенова Жапырак Кеңесхановна, консервативті
гинекология бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты акушер-гинеколог
Утешева Мария Бекбергеновна, медициналық генетика бөлімінің
меңгерушісі, генетик дәрігер Жусупова Нұргүл Саламатқызы, босанғаннан
кейінгі ана мен бала бөлімінің неонатолог дәрігері Бегимбетова Айгүл
Хабидуллаевна
жүргізді. 30 -дан астам жүкті әйелдер және
гинекологиялық сырқатпен келген пациенттер дәрігерлерге қаралып,
тексеріліп, өздерін мазалап жүрген жүктілік кезіндегі ағзада болатын
өзгерістер, аурулардың алдын-алу, бедеулік мәселелері секілді
сұрақтарын қойып, мамандардан толыққанды жауап алды. Неонатолог
жаңа туған нәрестелерге күтім жасау ерекшеліктері, емшекпен емізу, дұрыс
тамақтандыру, баланы бейімдеу бойынша, ал генетик маман туа
біткен және тұқым қуалайтын ауруларға шалдыққан балалардың
ата-аналарына емдеу, дәрі-дәрмек қабылдау, оңалту мәселелері бойынша
пайдалы кеңестер берді.
Аналар дәрігерлердің қызметіне үлкен ризашылықтарын білдірді.
Республика күніне орай марапат — абыройлы еңбекке берілген баға
КӨК КОД...
СИНИЙ КОД!
Республика күні – ақ халатты абзал жандарға құрмет!
Аккредитациядан өту – қызметтің жоғары сапасы!
«Таза Қазақстан» акциясы аясында перинаталдық орталық қызметкерлері сенбілік өткізді
Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығы дәрігерлермен толықты!
Халықаралық ДӘРІГЕР күні құтты болсын!
Емшек сүті – сәбидің ең құнды асы
Баршаңызды «Отбасы күні» мерекесімен құттықтаймыз!
Отан - отбасынан басталады! Ал отбасы - біздің қоғамда әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы.
Президент Жолдауына үн қосқан ақ халаттылар
Медицинадағы жасанды интеллект, кадрларды қолдау және дәрігерлердің қауіпсіздігі: жаңа шаралар
Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталды: өтініш беру жолдары мен шарттары
ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!
"ҰРЫҚТЫ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ" ашылды!
Неонатологтар білімдерін шыңдауда
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛЕДІ
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы «Ашық есік» күнін ұйымдастырады
Эндоскопистер күні құтты болсын!
басшы блогы
Епенова Жапырак Кенесхановна