МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
2023 жылғы 22 тамызда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас неонатологы, Астана медицина университетінің неонатология кафедрасының меңгерушісі, «Қазақстандағы акушер-гинекологтар мен неонатологтар» ҚҚ президенті, ұлттық сарапшы, медицина магистрі, БЕКТҰРҒАН ТЫНЫМБАЙҰЛЫ КАРИН Облыстық перинатальдық орталығында болып, нәрестелерді жетілдірудің 2-ші сатысы және жаңа туған нәрестелер реанимациясы мен қарқынды терапия бөлімшесінің жұмысымен танысты.
Жұмыстарының негізгі қағидаты - әрбір кішкентай пациенттің өмірін, денсаулығын және болашақта өмір сүру сапасын сақтау болып табылатын осы бөлімшелер заманауи емдік-диагностикалық жабдықтармен, дәрілік препараттармен жарақталған. Дәрігерлер де ең күрделі неонатологиялық міндеттерді шешуде мол тәжірибесі бар мамандар. Бөлімшелердің жабдықталуы тәулік бойы сәбидің дене температурасына мониторинг жүргізуге, сатурация жүргізуге, инфузорлардың көмегімен инфузиялық терапияны жүргізуге, кувезде шала туған нәрестелерді күтуге, оттегі ағынын реттеу мен оксигенотерапия жүргізуге, фототерапия жүргізуге мүмкіндік береді.
Жетекші маман бөлімше дәрігерлерімен кездесіп, бірқатар сәбилерді қарап, емдеуге бағытталған іс-шараларына қосымша кеңестер беріп, олардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сонымен қатар, Бектұрған Тынымбайұлы неонаталдық кезеңдегі патологиялық жағдайларды емдеуді, респираторлық терапия, терапиялық гипотермия жүргізуді, парентеральдық қоректендіруді, нәрестелерге қарқынды, сүйемелдеуші және демеуші терапия жүргізуді, вакцинациялауды клиникалық хаттамалар мен стандарттарға сәйкестілігі бойынша бірқатар ақпараттар беріп, бөлімше дәрігерлерінің жұмыстарына сәттілік тіледі.
Айта кететіні, 2023 жылғы 21 тамыз күні «Ұлттық акушер-гинекологтар Қауымдастығының» ұйымдастыруымен өткен «Отбасы денсаулығы Қазақстанның болашағы» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас неонатологы Б.Т.Карин конфеденциальдық аудит өткізіп, тәжірибелік дәрігерлерге клиникалық ұсыныстар жасаған болатын.
Жарияланған күні: 22-08-2023Республика күніне орай марапат — абыройлы еңбекке берілген баға
КӨК КОД...
СИНИЙ КОД!
Республика күні – ақ халатты абзал жандарға құрмет!
Аккредитациядан өту – қызметтің жоғары сапасы!
«Таза Қазақстан» акциясы аясында перинаталдық орталық қызметкерлері сенбілік өткізді
Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығы дәрігерлермен толықты!
Халықаралық ДӘРІГЕР күні құтты болсын!
Емшек сүті – сәбидің ең құнды асы
Баршаңызды «Отбасы күні» мерекесімен құттықтаймыз!
Отан - отбасынан басталады! Ал отбасы - біздің қоғамда әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы.
Президент Жолдауына үн қосқан ақ халаттылар
Медицинадағы жасанды интеллект, кадрларды қолдау және дәрігерлердің қауіпсіздігі: жаңа шаралар
Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталды: өтініш беру жолдары мен шарттары
ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!
"ҰРЫҚТЫ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ" ашылды!
Неонатологтар білімдерін шыңдауда
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛЕДІ
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы «Ашық есік» күнін ұйымдастырады
Эндоскопистер күні құтты болсын!
басшы блогы
Епенова Жапырак Кенесхановна