Жүктілік кезіндегі ҮРЕЙ ТУҒЫЗАТЫН БЕЛГІЛЕРДІ дер кезінде анықтай біліңіз!

Жүкті әйел мынадай белгілер пайда болса, медицина қызметкеріне хабарласуы керек:

  • Қынаптан қан кеткенде;
  • Унемі бас ауырғанда, көз алдында дақтар немесе жарқылдау пайда болуымен бірге жүретін көру қабілтінің бұзылуы;
  • Кенеттен қол немесе бет ісінгенде
  • Дене қызуынның 38С-қа дейін және одан жоғары көтерілуі;
  • Қынаптың қатты қышынуы және ашуы немесе қынап бөлінділерінің күшеюі;
  • Несеп шығарғанда ашуы және ауырсынуы;
  • Іштің қатты ауырсынуы, тіпті дененізді бос ұстап жатқанда да басылмауы;
  • Бір сағаттың ішінде 4-5-тен артық толық қысуы;
  • Қынаптан ұрық айналасындағы судың кетуі;
  • Құлаған кезде, автокөлік апатында немесе ішініздің тұсынан әлдекім ұрған кезде ішінізді жарақаттап алсаныз..

Жедел дәрігерге көрініп немесе 103-ке хабарласыңыз!

  • Егер мазаңыз кетіп, бойыңызды үрей билеп, қобалжып, өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, дәрігерге көрініңіз. Егер жағдайыңыз дұрыс болмаса, Сізге көмек көрсетіледі. Ал денсаулығыңыз дұрыс болып, дәрігер жалпы күйіңізді жақсы деп таныса, жүрегіңіз орнына түсіп, қобалжымай үйге қайтасыз.
  • Лоқсу немесе құсу (міндетті емес) болатын іштің жоғарғы немесе ортаңғы тұсындағы қатты ауырсыну. Бұл жедел ас қорыту жүйесі бұзылысының, асқазан-ішек инфекциясының, аспен уланудың немесе преэклампсияның қауіпті белгілері болуы мүмкін. Бұл кезде дереу шара қолдану керек. Жедел 103 телефон бойынша қоңырау шалыңыз!
  • Дене қызуының көтерілуі Егер  дене қызыуыңыз 37,5 градустан жоғары болса, бірақ тұмау мен суық тиюдің белгілері болмаса,  сол күні шұғыл түрде дәрігерге хабарласу қажет. Егер Сіздің дене қызуыңыз 39 градустан жоғары болса онда тездетіп «жедел жәрдем» шақыртыңыз. Бұл инфекцияның белгілері болуы мүмкін, ол өз кезегінде Сіздің және балаңыздың денсаулығына қауіпті.
  • Қолдың, беттің және көздің ісінуі Жеңіл ісулер мен ісінулер жүкті әйелдердің шамамен 80%-да кездеседі және көбінесе қауіпті белгілер болып табылмайды. Алайда  ісінулер ерекше сипат алып, немесе кенеттен бас ауруы мен көздің көру қабілеті  нашарласа, бұл преэклампсияның дәлелі болуы мүмкін. Шұғыл 103-ке телефон шалыңыз!
  • Екі-үш сағаттан артық уақытқа созылған бастың ауырсынуы Егер бастың ауырсынуы, көздің көру қабілетінің нашарлап, сонымен бірге қолдың, беттің және көздің айналасында ісінулер пайда болса, бұл преэклампсияның белгілері болуы мүмкін. Шұғыл 103-ке телефон шалыңыз!
  • Жыныс жолдарынан қан аралас сұйықтықтың бөлінуі Жүктілік кезінде жыныс жолдарынан қан аралас сұйықтықтар бөлінсе, шұғыл түрде дәрігерге хабарласу қажет, өйткені мұндай қан аралас бөлінулер қатерлі асқынулардың белгілері болуы мүмкін, оның ішінде:  қатты қан кету, әсіресе белдегі немесе іштегі тоқтаусыз қатты ауырсынумен ұштасқанда, мүмкін болатын түсіктің белгісі болып табылады. Жүктіліктің кеш мерзімдерінде қан кету ұрықтық шарананың дұрыс бітпеуі немесе ажырауы, ерте босанудың (37-аптада босанған кезде) белгісі болуы мүмкін. Шұғыл 103-ке қоңырау шалыңыз!
  • Қағанақ суының кетуі 37-аптадан бұрын қағанақ суының кетуі ұрық қабының ерте жыртылуын білдіреді. Сізге инфекцияның алдын-алу және баланы мүмкін болатын ерте босануға дайындау мақсатында емдеу курстарын өткізу үшін ауруханаға жату ұсынылуы мүмкін.
  • Зәр шығарудың толық немесе жартылай токтауымен ұштасқан кенеттен басталған шөлдеу сезімі Бұл ағзаның Сізде және Сіздің балаңызда асқынулардың даму қаупін арттыратын сусызданудың немесе гестациялық диабеттің белгілері болуы мүмкін.
  • Дене қызуының көтерілуімен, қалтыраумен және белдің ауырсынуымен ұштасатын зәр шығару кезіндегі ауырсыну немесе күюі сезімі Бұндай белгілер антибиотиктермен емдеуді талап ететін зәр шығару жолдарының инфекциясы болуы мүмкін. Тез арада дәрігерге көрініңіз!
  • Бастың айналуы немесе талып қалу егер сіз бір күн бойы тамақ ішпесеңіз осындай белгілер болуы ықтимал, алайда бұл кейде қан қысымының төмендеуінен де болуы мүмкін. Жүктілік кезіндегі жеңіл бас айналу – анағұрлым өзіндік құбылыс. Егер Сіз талып қалған болсаңыз, басқа да мүмкін себептерді болдырмау үшін дәрігерге көрініңіз.
  • Іштің төменгі тұсындағы бір жақты немесе екі жақты қатты ауырсынулар. Мұндай ауырсынулар жатыр байламдарына күш түскен кезде, жатырдан тыс жүктілік болған кезде, түсікте, ерте босануларда, миома түйінінің дегенерациясында, миома түйініне қан құйылғанда, дұрыс орныққан шарананың ерте ажырауында болуы мүмкін. 
  • Жүктіліктің 21-аптасынан кейін ұрық қозғалысының 24 сағаттан артық болмауы немесе бәсеңдеуі. Бұл ұрық жағдайының нашарлағанын білдіруі мүмкін. Егер Сіз ұрық қозғалысының әдеттегіден неғұрлым  бәсеңсігенін байқасаңыз дәрігерге көрініңіз.
  • Жүктіліктің үшінші тоқсанында терінің қышынуы Бұл симптомдар жүкті әйелдердің холестазы сияқты бауыр ауруларын немесе гепатиттің болуын мәлімдеуі мүмкін. Жүктілік кезінде шамалы қышынудың болуы қалыпты деп саналады. Ол іштің ұлғаюына қарай терінің созылуымен байланысты. Дегенмен, қышынудың жиілігі артып, түнгі уақытта табан мен алақанға жайылып жатқанын байқасаңыз, міндетті түрде қышынудың себебін анықтағаныңыз жөн.
  • Сіз құлап немесе ішіңізді соғып алсаңыз Бұл жүкті әйелдерге өте қауіпті, сондықтан, тіпті өзіңізді жақсы сезінсеңіз де,  Сізге міндетті түрде жедел дәрігерге көрініп, оған болған жағдайды айтып беру қажет. Егер Сіз толғақты, қағанақ суының кетуін немесе қан кетуді байқасаңыз шұғыл түрде  жедел гинекологиялық көмекті шақыртыңыз! 

Жарияланған күні: 18-05-2020  



Марапаттаулар мен жетістіктер

iconiconicon

Жарияланған күні: 03-11-2025  
Толығырақ

Республика күніне орай марапат — абыройлы еңбекке берілген баға

iconiconicon

Жарияланған күні: 28-10-2025  
Толығырақ

«БЕДЕЛДІ ПЕРЗЕНТХАНА-2025»

iconiconicon

Жарияланған күні: 28-10-2025  
Толығырақ

Кезекті жаттығу өтті.

iconiconicon

КӨК КОД...

СИНИЙ КОД! 


Жарияланған күні: 22-10-2025  
Толығырақ

Республика күні – ақ халатты абзал жандарға құрмет!

iconiconicon

Жарияланған күні: 22-10-2025  
Толығырақ

Аккредитациядан өту – қызметтің жоғары сапасы!

iconiconicon

Жарияланған күні: 16-10-2025  
Толығырақ

«Таза Қазақстан» акциясы аясында перинаталдық орталық қызметкерлері сенбілік өткізді

iconiconicon

Жарияланған күні: 11-10-2025  
Толығырақ

Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығы дәрігерлермен толықты!

iconiconicon

Жарияланған күні: 10-10-2025  
Толығырақ

Халықаралық ДӘРІГЕР күні құтты болсын!

iconiconicon

Жарияланған күні: 06-10-2025  
Толығырақ

Емшек сүті – сәбидің ең құнды асы

iconiconicon

Жарияланған күні: 03-10-2025  
Толығырақ

ОТБАСЫ КҮНІ!! АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

iconiconicon

Баршаңызды «Отбасы күні» мерекесімен құттықтаймыз!
Отан - отбасынан басталады! Ал отбасы - біздің қоғамда әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы. 


Жарияланған күні: 15-09-2025  
Толығырақ

Президент Жолдауына үн қосқан ақ халаттылар

iconiconicon

Жарияланған күні: 10-09-2025  
Толығырақ

Медицинадағы жасанды интеллект, кадрларды қолдау және дәрігерлердің қауіпсіздігі: жаңа шаралар

iconicon

Жарияланған күні: 09-09-2025  
Толығырақ

Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталды: өтініш беру жолдары мен шарттары


Жарияланған күні: 09-09-2025  
Толығырақ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ШАБУЫЛ ЖАСАЛҒАН ЖАҒДАЙДА ЖАЗАЛАУ ШАРАЛАРЫН ҚАТАҢДАТУДЫ ТАПСЫРДЫ

icon

Жарияланған күні: 24-07-2025  
Толығырақ

СЕНБІЛІК ӨТТІ!

iconiconicon

Жарияланған күні: 08-07-2025  
Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!

iconiconicon

Жарияланған күні: 08-07-2025  
Толығырақ

Ресурс орталығының дәрігері А.Епенова ана мен бала бөлімінде емшекпен емізу туралы кезекті дәріс өткізді

iconiconicon

Жарияланған күні: 04-07-2025  
Толығырақ

"ҰРЫҚТЫ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ" ашылды!

iconiconicon

Жарияланған күні: 27-06-2025  
Толығырақ

Неонатологтар білімдерін шыңдауда

iconiconicon

Жарияланған күні: 18-06-2025  
Толығырақ

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛЕДІ

icon

Жарияланған күні: 09-06-2025  
Толығырақ

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!


Жарияланған күні: 04-06-2025  
Толығырақ

«Дәрігер – балалар жанашыры»

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы «Ашық есік» күнін ұйымдастырады 


Жарияланған күні: 28-05-2025  
Толығырақ

Эндоскопистер күні құтты болсын!


Жарияланған күні: 23-05-2025  
Толығырақ

 

басшы блогы

Епенова Жапырак Кенесхановна
Орталық басшысы

Веб-сайтта директордың блогы бар. Мұнда келушілердің сұрақтарын оқуға немесе өз сұрағыңызды қоюға болады.

Блогқа өту »»»