МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
Аккредиттеудің негізгі міндеті – медициналық көмек көрсетудің сапасы және науқастар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі. Белгіленген талаптарға жауап беретін ұйым науқастың сенімінен шығады және пациент аккредиттелген мекеменің білікті мамандары тарапынан жоғары сапалы медициналық көмек көрсететініне сенімді. Бұл - аккредиттелген медицина ұйымдарының жетуі қажетті жоғары деңгей болып саналады.
Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығы ерікті негізде, ҚР ДСМ ережелері мен талаптарына сәйкес, аккредиттеу стандарттарының бағалауынан өтіп, ҰЛТТЫҚ АККРЕДИТТЕУДІҢ 1-ші санатына ие болды. Яғни, орталық пациенттерге жоғары сапалы медициналық көмек және мінсіз сервистік қызмет көрсетуге дайындығын растады.
Сарапшылар орталықта жүргізіліп жатқан іс-шаралардың тиімділігін бағалады, оларды одан әрі жетілдіруде, жаңаша ойлау, ғылым мен техниканың озық жетістіктерін пайдалану, күрделі клиникалық-диагностикалық тапсырмаларды шешу мүмкіндіктеріне бағыт-бағдарлар берді. Барлық бөлімшелер мен үрдістерді стандарт бойынша бағалап, медициналық көмектің сапасымен және қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, дәрігердің науқасты қарауы мен емдеуі, мейіргердің күтімі, қауіпсіздік, пациенттерді емдеу және күтудің ерекшеліктері, дәрілік заттарды қолдану, пациенттерді оқыту, инфекциялық бақылау, ғимарат және инженерлік-коммуналдық жүйелердің қауіпсіздігі, адами ресурстарды басқару, жұмысты жақсарту әдістері, ақпараттарды басқару және мәліметтердің статистикалық талдауы, медициналық қателіктерді талқылау және түзету шараларды қабылдау, ұжымдағы жағдай және қауіпсіздік мәдениеті деңгейіне назар аударды.
Қазіргі уақытта Перинатальдық орталық пациенттерді емдеуді ұйымдастырудың инновациялық тәсілімен ерекшеленеді. Отандық және шетелдік денсаулық сақтаудың жаңалықтары жүзеге асырылуда, диагностикалау мен емдеудің ең озық әдістері енгізілуде. Бүгінде еліміздің түпкір-түпкірінен келген пациенттерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп отыр.
Перинатальдық орталық ұжымын аталған жетістігімен құттықтаймыз! Барлық қызметкерлер медициналық қызмет көрсету стандарттарына сәйкес келетін көлемде кәсіби міндеттерін нақты орындап, біліктіліктің жоғары әлеуетін көрсетті‼️
Айта кететіні, аккредиттеу медициналық мекемелерге кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету үшін мемлекеттік тапсырысты жеңілдікпен орналастыруға құқық береді.
Жарияланған күні: 16-01-2023Республика күніне орай марапат — абыройлы еңбекке берілген баға
КӨК КОД...
СИНИЙ КОД!
Республика күні – ақ халатты абзал жандарға құрмет!
Аккредитациядан өту – қызметтің жоғары сапасы!
«Таза Қазақстан» акциясы аясында перинаталдық орталық қызметкерлері сенбілік өткізді
Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығы дәрігерлермен толықты!
Халықаралық ДӘРІГЕР күні құтты болсын!
Емшек сүті – сәбидің ең құнды асы
Баршаңызды «Отбасы күні» мерекесімен құттықтаймыз!
Отан - отбасынан басталады! Ал отбасы - біздің қоғамда әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы.
Президент Жолдауына үн қосқан ақ халаттылар
Медицинадағы жасанды интеллект, кадрларды қолдау және дәрігерлердің қауіпсіздігі: жаңа шаралар
Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталды: өтініш беру жолдары мен шарттары
ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!
"ҰРЫҚТЫ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ" ашылды!
Неонатологтар білімдерін шыңдауда
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛЕДІ
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы «Ашық есік» күнін ұйымдастырады
Эндоскопистер күні құтты болсын!
басшы блогы
Епенова Жапырак Кенесхановна