МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
✅️Облыстық перинатальдық орталығының базасында неонатолог дәрігерлер
үшін өтіп жатқан «Неонатологиядағы қарқынды терапия жағдайындағы
симуляциялық жабдық көмегімен мануальды дағдыларды меңгеру» тақырыбында
семинар тренингке орталықтың бір топ неонатолог, педиатр мамандары
қатысып, білімдерін жетілдіруде.
✅️ Тренингті Екатеринбург клиникалық перинатальдық орталығының бас
дәрігері О.Л.Ксенофонтова және аталған орталықтың жоғары санатты
анестезиолог-реаниматолог дәрігері, медицина ғылымының кандидаты,
нәрестелер реанимациясы бөлімінің меңгерушісі, Урал мемлекеттік медицина
университетінің педиатрия кафедрасының ассистенті Е.В.Шестак өткізуде.
✅️ Шеберлік сабақта жаңа туған сәбидің өмірлік маңызы бар органдары
қызметіне мониторинг, гипербилирубинемия, неонатальдық инфекция
кезіндегі диагностика мен терапия, сәбидің гликемиялық статусы,
температуралық режім, этиотроптық антибактериальдық терапия, тыныс алу
бұзылыстары кезіндегі жетекші нозологиялар, заманауи энтеральдық
тамақтандыру, қанның газ құрамына инвазивті мониторинг жасау және басқа
да әдістер бойынша мамандарға толық ақпараттар беруде.
✅️Сонымен қатар, тәлімгерлер симуляциялық жабдықтар көмегімен
сурфактантты аз инвазивті жолмен енгізу, босану залынан тыс жердегі
реанимация және қалпына келтіру бойынша командалық тренингтер өткізетін
болады.
Республика күніне орай марапат — абыройлы еңбекке берілген баға
КӨК КОД...
СИНИЙ КОД!
Республика күні – ақ халатты абзал жандарға құрмет!
Аккредитациядан өту – қызметтің жоғары сапасы!
«Таза Қазақстан» акциясы аясында перинаталдық орталық қызметкерлері сенбілік өткізді
Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығы дәрігерлермен толықты!
Халықаралық ДӘРІГЕР күні құтты болсын!
Емшек сүті – сәбидің ең құнды асы
Баршаңызды «Отбасы күні» мерекесімен құттықтаймыз!
Отан - отбасынан басталады! Ал отбасы - біздің қоғамда әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы.
Президент Жолдауына үн қосқан ақ халаттылар
Медицинадағы жасанды интеллект, кадрларды қолдау және дәрігерлердің қауіпсіздігі: жаңа шаралар
Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталды: өтініш беру жолдары мен шарттары
ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!
"ҰРЫҚТЫ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ" ашылды!
Неонатологтар білімдерін шыңдауда
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛЕДІ
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы «Ашық есік» күнін ұйымдастырады
Эндоскопистер күні құтты болсын!
басшы блогы
Епенова Жапырак Кенесхановна