МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
2022 жылғы 25 қараша күні «Самұрық-Қазына» қорының әлеуметтік жобасының Баспасөз туры аясында «Samruk-Kazyna Trust» Ұлттық әл-ауқат қоры мен «Аяла» қайырымдылық қорының өкілдері Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығында болып, «Басқарылатын гипотермия» жобасы шеңберінде аталған қордың демеушілік көмегімен табысталған гипотермия аппаратының жұмысымен танысты.
Шараға «Самұрық- Қазына» АҚ қоғаммен байланыс, әлеуметтік еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Г.Қ. Ауғанов, «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Адиева А.Т, «AYALA» қорының коммуникация бойынша вице-президенті Н.Еськова, «Қазпочта» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Д.Утебалиева, қоғам белсенділері: «Жастар жетістіктері» ҮЕҰ өкілі Ж. Маханбетова, Г.Карабалина, Ш. Құрмет, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы А.Жумиров, Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығының директоры Ж.Епенова және көптеген БАҚ өкілдері қатысты.
Бүгінге дейін нәрестелер реанимациясы бөлімшесінде осы автоматты гипотермия аппаратының көмегімен ауыр және орташа ауыр асфиксиямен туған 6 сәбидің өмірі сақтап қалынды. Заманауи медициналық жабдық жаңа туған балалардың өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектесіп, облысымыздағы сәбилер өлім-жітімі көрсеткіштерін және туылғаннан асфиксиясы бар балалардың мүгедектік қаупін төмендететініне әсер ететін болады. Терапиялық гипотермия жаңа туған нәресте өмірінің алғашқы сағаттарында ми жасушаларының жұмысын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Аппарат жаңа туған нәрестенің барлық денесін ұқыпты салқындатып, дәл температуралық әсер етуге, қан ағынын түзетуге және нәрестелердің бас миының жасушалары мен зақымданған бөліктерінің қалпына келуін бақылауға мүмкіндік береді. Амплитудалық электрэнцефалография мониторы дәрігерлерге жаңа туған нәрестелерді құтқару және күтімдеу үшін қолданылатын терапияны бақылауға және тиімді түзетуге көмектеседі.
«Samruk-Kazyna Trust» Ұлттық әл-ауқат қоры және «Аяла» қайырымдылық қорына балалар денсаулығын сақтауды дамытуға деген оң көзқарасы үшін ризашылығымызды білдіреміз! Заманауи құрал-жабдықтар дүниеге келген нәрестелерді құтқару, жетілдіру, емдеу барысында қолданылып, олардың өмірін сақтауда үлкен үлесін қосатынына сенімдіміз.
Жарияланған күні: 25-11-2022Республика күніне орай марапат — абыройлы еңбекке берілген баға
КӨК КОД...
СИНИЙ КОД!
Республика күні – ақ халатты абзал жандарға құрмет!
Аккредитациядан өту – қызметтің жоғары сапасы!
«Таза Қазақстан» акциясы аясында перинаталдық орталық қызметкерлері сенбілік өткізді
Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығы дәрігерлермен толықты!
Халықаралық ДӘРІГЕР күні құтты болсын!
Емшек сүті – сәбидің ең құнды асы
Баршаңызды «Отбасы күні» мерекесімен құттықтаймыз!
Отан - отбасынан басталады! Ал отбасы - біздің қоғамда әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы.
Президент Жолдауына үн қосқан ақ халаттылар
Медицинадағы жасанды интеллект, кадрларды қолдау және дәрігерлердің қауіпсіздігі: жаңа шаралар
Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталды: өтініш беру жолдары мен шарттары
ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!
"ҰРЫҚТЫ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ" ашылды!
Неонатологтар білімдерін шыңдауда
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛЕДІ
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы «Ашық есік» күнін ұйымдастырады
Эндоскопистер күні құтты болсын!
басшы блогы
Епенова Жапырак Кенесхановна