КОНСЕРВАТИВТІК ГИНЕКОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІ
Бөлімше 50 кереуетке арналған, жедел және консервативті гинекология тәртібінде қызмет етеді. Екі, үш және төрт адамға арналған және жайлылығы жоғары палаталарда пациенттерге қолайлы жағдайлардың бәрі бар. Жоғары білімді кәсіби мамандар, заманауи жабдықтар, жақсы, жайлы жағдайлар әйелдерге шұғыл және жоспарлы жоғары мамандандырылған көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Жұмысының негізгі бағыттары: жыныстық ағзалардан сыртқы және ішкі қан кету жатырдан тыс жүктілік, жылауықтың жарылуы, түсік тастау, ауытқымалы жатырдан қан кету, жатыр мен қосалқылардың жіті қабынбалы аурулары бар әйелдерге шұғыл көмек және жатыр миомасына консервативті миоэктомия, жатыр тамырларын эмболизациялау, лапаратомды және лапароскопиялық гистерэктомия отасын жасау, анабездің қатерсіз ауруларын, бедеулікті емдеу, іншек қабырғаларының түсуі кезіндегі пластикалық оталар, 12 аптаға дейінгі жүктілікті тоқтату секілді жоспарлы емдеулерді жүргізеді.
Хирургиялық гинекологиялық қызметтің басымдылығы эндохирургиялық және микрохирургиялық оталарды жасау болып табылады. Эндохирургиялық әдістер жатыр миомасы, эндометриоздың ауыр түрлерінде, әсіресе жас әйелдер үшін маңызды ағзаны сақтап қалатын операцияларды жасап қалуға мүмкіндік береді. Жабыспаларды лапароскопиялық бөлу, жатыр түтікшелерінің өткізгіштерін қалпына келтіру – түтікті бедеулікті емдеудің негізгі әдістерінің бірі. Бұрын ашық түрде жасалатын оталар бөлімшеде лапароскопиялық техникаларды пайдаланумен жүзеге асырылады.
КОНСЕРВАТИВТІК ГИНЕКОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІ
__07bfa95dfae7a8c3492e73b34dc67c07.jpeg)
__0fd5049250ef89849709513b8293a466.jpeg)




Жұмыс бағытының ерекшеліктері:
• бедеулік (бастапқы, қайталама);
• әйелдің жыныс мүшесінің қабынуы;
• жүктілігінің үйреншікті сақталмауында (ИЦН, тігісі салу)
• жүктілікті әртүрлі мерзімде үзуі: медициналық және әлеуметтік көрсеткіш бойынша 12 аптаға дейін.
Осы бөлімде:
басшы блогы
Епенова Жапырак Кенесхановна
Орталық басшысы
Веб-сайтта директордың блогы бар. Мұнда келушілердің сұрақтарын оқуға немесе өз сұрағыңызды қоюға болады.
Блогқа өту »»»