Справочная

+7(7292) 30-59-02

Приемный покой

+7(7292) 30-59-00

Телефон доверия

+7(7292) 30-59-03

Жүкті әйелдердің құқықтары

Елімізде жүкті әйелдердің құқықтары – сұранысқа ие тақырыптардың бірі. Сондықтан біз «Тәжірибелі заңгерлердің ұлттық орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, заңгер Қымбат Туреновадан жұмыс орнындағы жүкті әйелдердің құқықтарына өз тәжірибесінде көп кезіккен жағдайларға байланысты тоқталып өтуін сұрадық.

«Біздің кәсіби медиаторлар, заңгерлер мен адвокаттар қызметтерінің бірыңғай орталығына қандай да бір кеңес, көмек алу мақсатында жүктілігі үшін жұмыс берушісімен арада мәселесі бар әйелдер көп жүгінеді. Олардың басым бөлігі жүкті болған соң жұмыстан кететін уақыт келді деп ойлайды. Сондықтан өз құқықтарынан хабарсыз әйелдер жүктілігі туралы білгенде жұмысынан айрылып жатады. Бірақ жүктілік үкім емес! Құрсағыңызға бала біткені үшін жұмыстан кетуге, жалақыңыздан айрылуға міндетті емессіз. Сіздің де басқа әріптестеріңіз сияқты жұмыс істеп, лайық жалақыңызды алуға құқығыңыз бар. Сол құқықтарға тоқталып өтейік.

Біріншіден, сіздің жүктілігіңіз автоматты түрде жұмыстан шығаруға әкелмейтінін атап өткім келеді. Жұмыс беруші сізді жүктілікке байланысты жұмыстан шығаруға құқығы жоқ. Еңбек келісімшартыңыздың мерзімінің аяқталуы да оны бұзуға себеп емес. Жұмыс орныңызды қорғау үшін жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтама беріңіз. Ол өз кезегінде жұмыс шартын ұзартуы керек.

Екіншіден, осындай анықтаманы ұсынғаннан кейін қауіпті және күрделі өндірістерде жұмыс істеу, ауысымдық жұмыс, іссапар, мереке және түнгі уақыттағы жұмыс шектеулі екенін білуіңіз қажет. Еңбек кодексі денсаулығыңызға зиян келмеуі үшін осындай ережелерді бекітеді.

Үшіншіден, егер зиянды немесе қауіпті өндірісте жұмыс істесеңіз, жұмыс беруші орташа жалақыңызды сақтай отырып, сізді жеңілірек жұмысқа ауыстыруы қажет. Сондай-ақ ауысқан лауазымыңыздың жалақысы бұрынғы қызметіңізден жоғарырақ болса, жалақыңызды сәйкесінше көтеруді талап ете аласыз.

Төртіншіден, жүкті ретінде толық емес жұмыс режимін орнатуға құқығыңыз бар. Қорықпаңыз, бұл – жұмыс берушінің міндеті. Сондай-ақ орташа жалақыңыз бәрібір сақталады, яғни толық емес жұмыс уақыты белгіленсе де, жалақы мөлшері төмендемейді.

Бесіншіден, сіздің жүктілігіңіз бен босануыңыз бойынша және бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысқа құқығыңыз бар. Сонымен қатар жыл сайынғы демалысыңызды жүктілік немесе бала күтімі демалысына қосуға мүмкіндігіңіз бар. Ал жұмыс берушіңіздің сізді демалыс уақытында жұмысқа шақыруға құқығы жоқ.

Жүкті әйелге кепілдіктер мен жеңілдіктер берілгенімен оның жұмысынан айрылуы мүмкін кездері де болады. Бұл жағдайға компания жұмысының тоқтауы жатады. Себебі директорға барлық қызметкерді жұмыстан босатудан басқа амал қалмайды (Еңбек кодексі. 51-бап. 1-тармақ).

Жұмыс берушінің жұмыс орнын босатуға мерзімді еңбек шартының мерзімі де себеп болуы мүмкін. Егер сіз болмаған қызметкердің орнына жұмысқа қабылданған болсаңыз, жұмыс беруші жүктілігіңізді ескере отырып, сізбен еңбек шартын ұзартудан босатылады (Еңбек кодексі. 55-бап. 2-тармақ).

Еңбек кодексіне сүйеніп, директордың сізбен келісімшартты көптеген жағдайларда бұза алмайтынын айттық. Бірақ бұл өз қалауыңыз бойынша жұмыстан шыға алмайтыныңызды білдірмейді. Егер жұмыс орныңыздан кеткіңіз келсе, басқа қызметкерлер сияқты жұмыс берушіге жұмыстан шыққыңыз келетінін ескертіп, бір ай жұмыс істеп кете аласыз.

Жүктіліктің асқынулармен өтетін кездері болады. Егер дәрігеріңіз сізге қандай да бір жүктемелерге немесе жұмысқа тыйым салынғанын айтса, сіз ауру бойынша демалыс алып, оны қажет кезеңге ұзарта аласыз немесе өз қалауыңызбен жұмыстан кете аласыз.

Осылайша, жүкті әйелдердің негізгі құқықтарын қысқаша талқыладық. Жүкті болсаңыз үнемі медициналық тексеруден өтіп, дәрігермен кездесуге құқығыңыз барын ұмытпаңыз. Сондай-ақ жүкті әйелдерге жұмыс орнын сақтау үшін Еңбек кодексінде көрсетілген ең негізгі мәселе жұмыс берушіге 12 апта немесе одан да көп мерзімдегі жүктілігі туралы анықтама беру міндеті екенін естен шығармаңыз.

Еңбек кодексінің 126-1 бабында жүктілік мерзімі 12 аптадан аз әйелдердің құқықтары бекітілген. Бірақ жүктілік мерзімі басты нәрсе емес, жүктіліктің қай кезеңінде болсаңыз да, жұмыс беруші сізбен келісімшартты бұза алмайды. Сондай-ақ сіздің жұмыс кестеңіздегі немесе лауазымыңыздағы өзгерістер сіздің орташа жалақыңызға әсер етпейді.

Жүктілік – сіздің және балаңыздың өміріндегі маңызды әрі бақытты кезең. Ешкімнің сізді жұмыста немесе кез келген басқа жерде кемсітуге құқығы жоқ. Мемлекет сізге және балаңызға қамқорлық жасайды, кепілдіктер мен жеңілдіктер береді. Айтпағым, сол кепілдіктер мен жеңілдіктерді пайдаланудан қорықпағаныңыз және құқықтарыңызды қорғау үшін жадыңызда сақтағаныңыз жөн. 

Дата публикации: 17-11-2022  : 12:17  



БЕРЕМЕННОСТЬ И МОБИЛЬНЫЙ ТЕЛЕФОН

Несколько полезных советов БУДУЩИМ МАМАМ: Старайтесь не носить мобильный телефон в кармане, который находится рядом с вашим животом, чтобы защитить вашего ребенка от любого вреда. Во время сна не ставьте мобильный телефон под подушку или рядом с головой. Также не забывайте размещать свой мобильный телефон на [...]

Дата публикации: 05-01-2024  : 12:29  

Обследования перед зачатием, подготовка к беременности

iconДаже если вы не сделаете никаких обследований перед беременностью, это все равно в абсолютном большинстве случаев не помешает ей наступить. Откажитесь от вредных привычек; Поддерживайте здоровую физическую активность Ешьте овощи, фрукты, придерживайтесь сбалансированного и здорового питания [...]

Дата публикации: 16-11-2023  : 15:43  

На ранних стадиях заболевания большинство женщин не отмечает симптомов

iconДля своевременного выявления патологии необходимо регулярно проводить самообследование молочной железы. Самообследование следует проводить через 7—10 дней после окончания менструации, когда проходят болезненность и набухание груди. Для обследования левой молочной железы положите левую руку за голову, и наоборот. С [...]

Дата публикации: 31-10-2023  : 10:13  

На что имеют право беременные женщины в Казахстане

Материнство в Казахстане охраняется и поощряется государством. В новом Кодексе "О здоровье народа и системе здравоохранения" отдельная глава посвящена правам и обязанностям беременных женщин и [...]

Дата публикации: 05-06-2023  : 15:37  

Жүкті әйелдердің құқықтары

Елімізде жүкті әйелдердің құқықтары – сұранысқа ие тақырыптардың бірі. Сондықтан біз «Тәжірибелі заңгерлердің ұлттық орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, заңгер Қымбат Туреновадан жұмыс орнындағы жүкті әйелдердің құқықтарына өз тәжірибесінде көп кезіккен жағдайларға байланысты тоқталып өтуін [...]

Дата публикации: 17-11-2022  : 12:17  

ЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ДӘРУМЕНДЕР

iconЖҮКТІЛІК КЕЗІНДЕГІ ДӘРУМЕНДЕР Әрбір жүкті әйел қандай дәрумендер қабылдауы керек❓ ⠀ Міндетті түрде ✔️Тәулігіне 0,4-0,8 мг фолий қышқылы/метилфолат/метафолин. Сіз оны ұрықтанудан 3 ай бұрын бастауыңыз керек және кем дегенде жүктіліктің 12 аптасына дейін жалғастыруыңыз керек, және жүктілік кезінде де  қабылдауға болады. ⠀ ✔ Д - 400-1000 МЕ дәрумені [...]

Дата публикации: 09-03-2022  : 12:09  

Сіз болашақ анасыз!

iconСіз болашақ анасыз! Біз Сізге ең жақсы және жауапты уақытта – жүктілік пен босану кезеңінде көмектесуге қуаныштымыз. Жүктілік - бұл әйел өміріндегі таңғажайып кезең. Бұл сіздің ішіңізде өсіп келе жатқан жаңа өмірге арналған мереке уақыты. Бұрын таныс емес қуанышпен қатар сізде жаңа жауапкершілік сезімі пайда болады. Қазақстан Республикасында ана болуды [...]

Дата публикации: 09-03-2022  : 12:07  

КТГ

Для будущей мамы сердцебиение ее малыша - самый долгожданный и приятный звук. И с помощью метода КТГ(кардиотокографии) вы можете его услышать. КТГ плода - это запись частоты сердцебиений одновременно с активностью матки. По внешним признакам определить состояние плода в период внутриутробного развития невозможно. Если ссылаться только на двигательную активность, [...]

Дата публикации: 25-02-2022  : 17:32  

ШЕТЕЛДІКТЕР МЕН АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ АДАМДАР ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК АЛА АЛАДЫ?

iconiconicon [...]

Дата публикации: 17-02-2022  : 14:48  

Кому нельзя делать прививку от коронавируса? Есть ли противопоказания?

icon  [...]

Дата публикации: 02-02-2021  : 14:43  

Проводится ли медицинский осмотр перед вакцинацией?

icon  [...]

Дата публикации: 02-02-2021  : 14:36  

График приема юр.лиц и физ.лиц директора и зам.директора

icon [...]

Дата публикации: 09-02-2018  : 16:06  

​Памятка посетителям

Дорогие мамы и папы, бабушки и дедушки! Мы надеемся, что наши совместные усилия помогут восстановить здоровье ваших детей. От всей души желаем вам и вашим детям крепкого здоровья. Мы поздравляем Вас с рождением ребёнка и понимаем вашу тревогу за его здоровье. В наш Центр поступают также больные дети, нуждающиеся в интенсивном лечении и требующие особого внимания и [...]

Дата публикации: 27-10-2015  : 00:10  

Документы ​при поступлении на роды

При поступлении на роды при себе иметь:1. Обменную карту.2. Удостоверение личности (или ксерокопию).7. Туалетные принадлежности.8. Подстилки впитывающие (2 упаковки).9. Памперсы.10. Сорочки (3-5 шт).11. Халат, тапочки, прокладки.12. Детское бельё (пелёнки, распашонки, ползунки, носочки, шапочки)! 13. Кружку, ложку.14. Бутылочку воды питьевой [...]

Дата публикации: 27-10-2015  : 00:10  

Cписок вопросов для приемного отделения роддома

Многие роженицы жалуются на то, что при приеме в роддом во время схваток им задают кучу разных вопросов, на которые во время схватки совсем не хочется отвечать. Чтобы избежать эту нудную процедуру, заполните анкету заранее:Адрес:по пропискефактический Анамнез жизни:детские инфекциихронические заболеванияоперации, травмы (в каком году, были ли [...]

Дата публикации: 27-10-2015  : 00:10  

Перечень законов, нормативных актов, определяющих полномочия, задачи и функции Перинатального центра № 1 при осуществлении своей деятельности

Список нормативно-правовых актов в области здравоохранения по стационарной и амбулаторной службе, регламентирующих основную деятельность медицинской организации:Кодекс Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения» от 18 сентября 2009 года № 193-IV (глава 17 Охрана репродуктивных прав человека).Кодекс Республики Казахстан «О БРАКЕ И СЕМЬЕ» от 26 [...]

Дата публикации: 21-10-2015  : 00:10  
В этом же разделе:

 

блог руководителя

Епенова Жапырак Кенесхановна
Руководитель центра

На сайте работает блог руководителя. Здесь вы можете ознакомиться с вопросами посетителей или задать свой вопрос.

Перейти в блог »»»