Жүктілік және вакцинациялау

Бүгінгі сөзімді ​ тек акушер-гинеколог дәрігерлерге ғана емес, барлық дәрігерлер қауымына арнағым келеді.

Әлемде Ковид-19 дертіне қатысты эпидемиологиялық ахуал әлі де жақсармай тұр. Инфекцияның әрбір толқыны адамдарды өмірден әкетуде немесе ауырғаннан кейінгі тромбоз, эндокринопатия, миокардит, фиброз, аутоиммундық аурулар секілді асқынуларын қалдыруда. Бұл туралы оқып та, естіп те, тіпті күнделікті жұмыста пациенттерді емдеу барысында көріп отырмыз. ​ Оның үстіне әлемде бойына мутация үлгісін жинақтаған «омикрон» штаммасы таралуда. Алдымызда не күтіп тұрғанын білмейміз деп те айтуға болады. Тек биылғы 2021 жылдың өзінде 300​ 000-ға жуық жүкті және босанған әйелдер Ковид-19 дертімен ауырды, оның ішінде 1000 әйел өте ауыр жағдайда болып, 280-і ​ өкпені жасанды демалдыру, 58-і ЭКМО аппаратының көмегіне жүгінді. Бұл сандардың артында дәрігерлердің қаншама еңбегі, сырқат әйелдер мен жатырдағы шаранаға жұмсалған қаншама дәрі-дәрмектер мен ем-домдар, әйелдер мен балалардың​ ерте сөнген өмірлері тұр. ​ Біз бұл вирустың балалардың болашақтағы өміріне әсерін де әлі білмейміз. Ковид-19 инфекциясының​ Емдеу хаттамасы да жиі ауысуда. Вирус түрлі мутацияға ұшырап отыратындықтан, бұл инфекцияға қарсы нақты шаралар жоқтың қасы. Қазіргі таңда коронавирустық инфекцияның таралуын тоқтатудың жалғыз ғана тиімді әдісі, ең қуатты күрес құралы, ол – халықты жаппай вакцинациялау​ арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру болып отыр.

Біздің елімізге «Комирнати» фирмасының жүкті, емізулі әйелдер мен жасөспірімдердегі коронавирустық инфекцияның​ ​ алдын алуға ​ арналған Pfizer вакцинасы келді. Бұл вакцинаны барлығымыз күттік. Жүкті әйелдер мен балалар Ковид-19 дертінің жұғуы мен сырқаттануы ​ жағынан ең жоғары қауіпті топқа жатады. Өйткені, босанған әйелдің организмі қан кету, гормон деңгейінің азаюы, баланы емізу, күту, ұйқы қанбау себептерінен әлсізденеді, инфекцияның жұқтыру қауіпі артады. Сондықтан, әйел мен бала үшін аурудың алдын алу өте маңызды! ​ Өкінішке орай, Pfizer - вакцинациялау оңайға түсіп жатқан жоқ. Өйткені, иммундаудың маңыздылығын түсінбейтіндер мен мойындамайтындар баршылық. Сондықтан, біздер, медицина қызметкерлері, вакцинаның қаншалықты қауіпсіз екендігін, дерттен қорғанудың жалғыз жолы – вакцинация және қарапайым қорғану шараларды сақтау екендігін, вакцина балаларымыз бен болашағымыз үшін керектігін ​ халыққа жете түсіндіруіміз қажет. Pfizer-вакцинасы сапалы, еш қауіпті емес, өйткені ол тірі вирус болып есептелмейді. Сол себепті ол адамның жасушылық аппаратына ене алмайды. Вакцинация ұрыққа да ешқандай жолмен әсер ете алмайды. Қарапайым тілмен айтқанда, антиденелерді дамытуға көмектеседі. ​ Сондықтан, әр адам әлем мойындаған дерттен өзінің, отбасының, жақынының өмірін сақтап қалу үшін вакцина алуға саналы түрде келісуі қажет.

Жарияланған күні: 13-12-2021  



Мобильді топтардың жұмысы туралы не білуіңіз қажет?

iconiconicon [...]

Жарияланған күні: 24-01-2022  

Жүктілік және вакцинациялау

icon Бүгінгі сөзімді ​ тек акушер-гинеколог дәрігерлерге ғана емес, барлық дәрігерлер қауымына арнағым келеді. Әлемде Ковид-19 дертіне қатысты эпидемиологиялық ахуал әлі де жақсармай тұр. Инфекцияның әрбір толқыны адамдарды өмірден әкетуде немесе ауырғаннан кейінгі тромбоз, эндокринопатия, миокардит, фиброз, аутоиммундық аурулар секілді [...]

Жарияланған күні: 13-12-2021  

Маска кию

icon [...]

Жарияланған күні: 06-11-2020  

Профилактика

iconiconСуық тию немесе вирустық аурулардың белгілері байқалған жағдайда не істеу керек  [...]

Жарияланған күні: 06-11-2020  

Вирусты қолдан кетіретін нәрсе ол - САБЫН!

iconҚолды кемінде 20 секунд жуу керек. Коронавирустан сақтанудың ең тиімді жолы – қолды сабындап  жуу екенін жақсы білеміз. Неге? Оның сыры – сабында. Су сабын, иіс сабын, кір сабын – сабынның кез-келген түрі коронавирус секілді вирустың кез-келген түрін жоя алатын қасиетке ие. Қалайша? Мысалы, коронавирус. Оның айналасын протеин және майдан тұратын жұқа қабықша қоршап [...]

Жарияланған күні: 02-06-2020  
Осы бөлімде:

 

басшы блогы

Епенова Жапырак Кенесхановна
Орталық басшысы

Веб-сайтта директордың блогы бар. Мұнда келушілердің сұрақтарын оқуға немесе өз сұрағыңызды қоюға болады.

Блогқа өту »»»