Емшек сүтімен қоректендіру — салауатты келешек кепілі

2016-2019 жылға арналған денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын тиімді іске асыру аясында 2019 жылғы 1-7 тамыз аралығында  Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығында  емшек сүтімен қоректендірудің ұлттық бағдарламасы өткізілуде.   Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары- дәрігер Жансая Каржаубаева, медбике  Бағдат Аяповамен бірлесе отырып, болашақ аналарға «Емшек сүтімен қоректендіру – бұл салауатты келешек» атты тақырыбына дәріс өтті. Дәріс барысында сағат сайын  емізу, сүзгіден өткізу, кеудені әрбір емізер алдында сабынмен міндетті түрде жуу сияқты белгілі бір ережелері қарастырылды. Дәрістің соңында тақырып бойынша ақпараттық-түсіндіру материалдары, буклеттер таратылды

АНА СҮТІМЕН ЕМІЗУ- Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы жанындағы Ана мен баланың денсаулығын қорғау орталығының бір бағдарламасы. Бұл бағдарламаны 170 ел қабылдаған және оның ішінде Қазақстан да бар.

Балаға қажетті дәрумен ана сүтімен беріледі

  Бала үшін ана сүті – ең жақсы тағам. Баланы 9 ай көтерген ана ағзасындағы әрбір жасуша балаға қандай микроэлементтің қажет екенін сезеді. Яғни, ана өз сүті арқылы ақуыз, көмірсу, май, пайдалы дәрумен, минералдарды тура балаға керек мөлшерде бере алады. Сондай-ақ, ана сүтін «Баланың иммунитеті» деп атайды. Себебі, ана сүтінде иммуноглобулиндер бар. Ол сәбидің әртүрлі вирус, инфекция, микробтарға қарсы күресуіне мүмкіндік береді. Емізу баланың анасына деген сүйіспеншілігін арттырады және бала анасының махаббатын сезеді. Сүйіспеншілікте өскен бала басқаны да сүюге қабілетті болады. Жаңа туған сәбиді бір сағатта ана омырауына салу керек. Бала емгенде, ананың гормондық теңгерімі дұрысталады, жатыры жиырылып, босанудан кейінгі қан кетуден қорғайды. Омырау обыры немесе аналық бездегі обырдың алдын алуға болады. 

Емшектен күштеп шығаруға болмайды

Асылында, баланы 6 айға дейін тек қана ана сүтімен қоректендірген абзал. Алты айдан кейін омырау сүтімен қатар қосымша тағамдарды беріп бастау керек. Баланың өзі омыраудан біртіндеп бас тартуы тиіс, оны күштеп шығару дұрыс емес.Үш жасқа дейін бала ана сүтінен айырылғысы келмесе, түнгі емізуді қалдыруға болады.Әйелдің жұмысқа шығуы немесе студент атануы да сәбиді сүттен айыруға себеп емес. Әсіресе студент аналар сүтті сауып, бөтелкені күтушіге қалдыра алады және кейінгі уақытта өз омырауымен емізуіне болады. Дене бітімін ойлаған әйелдердің де емізуді күрт үзуі дұрыс емес. Себебі, жүктілікте кез келген ана орта есппен 20 келіге дейін салмақ қосады. Іштегі баланың салмағы – 3 келінің айналасында ғана, оның жолдасы мен үлкейген жатырдың көлемі шамамен 2 келі, әрі кесе 6 келіні ғана құрайды. Ал қалған 14 келіні жүкті организм баланы омыраумен емізуге қор ретінде жинайды.  Яғни, жинаған қор балаға жұмсалады. Ал аяқ асты омыраудан күштеп шығару ағза үшін гормондық стресс болады және эндокриндік мәселелер туындауы мүмкін. Тек қана әйел келесі балаға жүкті болғанда, ағзаға жүк болмауы үшін, мәжбүрлі түрде баланы омыраудан шығаруға тура келеді.

Ананың сәбиін емізуіне жағдай жасайық

Ана өз ағзасына зиян келтірмеуі үшін құнарлы тамақтануы тиіс. Себебі, сүтке жетіспей жатқан пайдалы микроэлементтер ананың өз жасушасынан бөлінеді, осылайша сәбиге сүт арқылы жіберіледі. Сондықтан, ана еш тағамнан өзін шектемей, жиі тамақтануы тиіс. Әсіресе сұйық тағамдар мен сусынды көбірек ішкен жөн. Баланы емізуде «Емірену» деген ұғым бар. Яғни, әйел артық ештеңені ойламай, баласымен эмоциналдық байланыс орнатуы тиіс. Әйел ашуланғанда, мазасызданға дұрыс сүт шықпайды.Сосын бос резеңке емізіктерді мүмкіндігінше қолданбаған жөн. Яғни, емізікке бой үйреткен сәби омырауды ембей кетуі мүмкін. Себебі, емізік пен омырауды пайдаланғанда, баланың түрлі бұлшықеттері қозғалады. Бұл ауыз қуысындағы бұлшықеттердің дұрыс қалыптаспауына әкеп соғады. Жаңадан шығатын тістің, таңдайдың қалыптасуына, тістің саулығына да ықпал етеді. Ана омырауындағы, терісіндегі микрофлора балада ауру тудырмайды. Себебі, ананың иммунитеті сүт арқылы балаға беріледі. Ал резеңке емізік стерильді емес. Сәйкесінше, бөтен заттар түрлі ауру тудыруы мүмкін. Жалпы, емізу апталығының биылғы ұраны – «Ананың сәбиін емізуіне жағдай жасау» деп аталады. Ол тек ана мен балаға емес, қоршаған ортасына, жанұясына, жұмыс берушіге, көршілер мен туыстарына қатысты. Барлығы бірігіп, ананың баланы емізуіне жағдай жасауы қажет. Медициналық қызметкерлер өз тарапынан дұрыс ақпарат берсе, жұмыс беруші Еңбек кодексіне сәйкес, тиісті демалысымен қамтамасыз етеді. Жас босанған әйел 18 апта ақылы демалыста отыра алады. Әрі қарай қажет болған жағдайда 3 жылға үзіліс ала алады және оның жұмыс орны сақталады. Жақындары мен туыстары да барынша қолдау көрсеткендері жөн. Ана еш мәселеге алаңдамай, баласын өсіруі тиіс.

ЮНИСЕФ деректеріне сәйкес, әлемде ана сүтімен емізу жыл сайын 800 мың баланың өмірін құтқарады және 20 мың ананы омырау обырынан қорғайды

 

Жарияланған күні: 07-08-2019  



Марапаттаулар мен жетістіктер

iconiconicon

Жарияланған күні: 03-11-2025  
Толығырақ

Республика күніне орай марапат — абыройлы еңбекке берілген баға

iconiconicon

Жарияланған күні: 28-10-2025  
Толығырақ

«БЕДЕЛДІ ПЕРЗЕНТХАНА-2025»

iconiconicon

Жарияланған күні: 28-10-2025  
Толығырақ

Кезекті жаттығу өтті.

iconiconicon

КӨК КОД...

СИНИЙ КОД! 


Жарияланған күні: 22-10-2025  
Толығырақ

Республика күні – ақ халатты абзал жандарға құрмет!

iconiconicon

Жарияланған күні: 22-10-2025  
Толығырақ

Аккредитациядан өту – қызметтің жоғары сапасы!

iconiconicon

Жарияланған күні: 16-10-2025  
Толығырақ

«Таза Қазақстан» акциясы аясында перинаталдық орталық қызметкерлері сенбілік өткізді

iconiconicon

Жарияланған күні: 11-10-2025  
Толығырақ

Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығы дәрігерлермен толықты!

iconiconicon

Жарияланған күні: 10-10-2025  
Толығырақ

Халықаралық ДӘРІГЕР күні құтты болсын!

iconiconicon

Жарияланған күні: 06-10-2025  
Толығырақ

Емшек сүті – сәбидің ең құнды асы

iconiconicon

Жарияланған күні: 03-10-2025  
Толығырақ

ОТБАСЫ КҮНІ!! АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

iconiconicon

Баршаңызды «Отбасы күні» мерекесімен құттықтаймыз!
Отан - отбасынан басталады! Ал отбасы - біздің қоғамда әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы. 


Жарияланған күні: 15-09-2025  
Толығырақ

Президент Жолдауына үн қосқан ақ халаттылар

iconiconicon

Жарияланған күні: 10-09-2025  
Толығырақ

Медицинадағы жасанды интеллект, кадрларды қолдау және дәрігерлердің қауіпсіздігі: жаңа шаралар

iconicon

Жарияланған күні: 09-09-2025  
Толығырақ

Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны басталды: өтініш беру жолдары мен шарттары


Жарияланған күні: 09-09-2025  
Толығырақ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ШАБУЫЛ ЖАСАЛҒАН ЖАҒДАЙДА ЖАЗАЛАУ ШАРАЛАРЫН ҚАТАҢДАТУДЫ ТАПСЫРДЫ

icon

Жарияланған күні: 24-07-2025  
Толығырақ

СЕНБІЛІК ӨТТІ!

iconiconicon

Жарияланған күні: 08-07-2025  
Толығырақ

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!

iconiconicon

Жарияланған күні: 08-07-2025  
Толығырақ

Ресурс орталығының дәрігері А.Епенова ана мен бала бөлімінде емшекпен емізу туралы кезекті дәріс өткізді

iconiconicon

Жарияланған күні: 04-07-2025  
Толығырақ

"ҰРЫҚТЫ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ" ашылды!

iconiconicon

Жарияланған күні: 27-06-2025  
Толығырақ

Неонатологтар білімдерін шыңдауда

iconiconicon

Жарияланған күні: 18-06-2025  
Толығырақ

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛЕДІ

icon

Жарияланған күні: 09-06-2025  
Толығырақ

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!


Жарияланған күні: 04-06-2025  
Толығырақ

«Дәрігер – балалар жанашыры»

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы «Ашық есік» күнін ұйымдастырады 


Жарияланған күні: 28-05-2025  
Толығырақ

Эндоскопистер күні құтты болсын!


Жарияланған күні: 23-05-2025  
Толығырақ

 

басшы блогы

Епенова Жапырак Кенесхановна
Орталық басшысы

Веб-сайтта директордың блогы бар. Мұнда келушілердің сұрақтарын оқуға немесе өз сұрағыңызды қоюға болады.

Блогқа өту »»»