Карантин режимі кезінде пандемия қатерінен сақтайтын 14 қағида

Карантин режимі кезінде пандемия қатерінен сақтайтын 14 қағида

1-қағида
Адам азық-түлік немесе дәрі-дәрмек сатып алу үшін, медицина көмегіне жүгіну үшін ғана үйден шығуы керек;
Саябаққа, ойын алаңдарына, банкке, базарға, адам көп жиналатын басқа да орындарға бармау қажет. Балалар шұғыл жағдайда ғана үлкендермен бірге сақтана отырып сыртқа шығуға тиіс.
2-қағида
Басқа адамдармен қорғаныс құралының көмегімен қашықтан сөйлесу қажет. Қонаққа бармау керек, дос-жаран мен бірге тұрмайтын туыстарды үйге шақырмау керек.
3-қағида
Үйден сирек шығу үшін:
жұмысты үйден істеп, интернетті, видеоқоңырауды, мессенджерлерді пайдалану керек;
азық-түлік пен тауарды үй есігінің алдына дейін жеткізетін қызметті пайдаланған дұрыс;
шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайларды қоспағанда ем алуды кейінге қалдырған абзал.
4-қағида
Қарттар, ауыр созылмалы ауруға шалдыққан адамдар, тынысалу жолдары ауруларымен, аутоиммун және жүрек-қан-тамыр ауруларымен, қант диабетімен, онкология ауруларымен ауыратын адамдар міндетті түрде үйде отыруы керек; Бөлек тұратын туыстары:
бұл адамдарға үйден шығуға шектеу қойылғанын түсіндіріп, оларға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен тіршілікке аса қажет басқа да заттар апару үшін немесе медицина көмегін беру үшін ғана баруы керек;
олармен кездескенде қашықтықты сақтап, қол алыспау, құшақтаспау керек;
кез келген уақытта біреуді көмекке шақыра алуы үшін оларды байланыстың барлық түрімен қамтамасыз етуі керек.
5-қағида
Сүйісуді, құшақтасуды, қол алысуды тыю керек;
Есік пен тұтқаларды дезинфекциялау қажет;
Үйден шыққанда бірреттік сулықтарды пайдаланған дұрыс;
Қолды кемінде 30 секундтай сабындап, жиі жуу керек, бетті жуылмаған қолмен ұстамаған жөн;
Үй-жайды күніне 15 минуттан кемінде 3-4 рет желдету керек. Құрамында хлор бар заттармен үйді күніне екі рет жуып-тазалау қажет;
Жөтелгенде немесе түшкіргенде мұрын мен ауызды шынтақпен немесе бірреттік сулықпен жабу керек. Түшкірікті алақанмен жабуға және ауаға таратуға мүлдем болмайды;
Темекі шегетін адамдардың вирус жұқтыру қаупі жоғары, темекі мен қорқордан бас тартқан дұрыс;
Асхана құралдарын ортақ пайдалануға, бір тәрелкеден тамақ ішуге болмайды. Өзіңіз тістеген немесе дәмін татқан тамақты басқа біреуге бермеген дұрыс;
Үйде отырғанда салауатты өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтану керек, денені шынықтыру керек.
6-қағида
Көшеге шығуға тура келгенде:

медицина бетпердесін тағып, жеңі ұзын сырткиім мен қолғап кию керек;
шашты жинаған жөн, жүзік, сырға, білезік сияқты бұйымдарды тақпау керек;
қоғамдық көлікті пайдаланбауға тырысу керек, жеке көлікпен немесе жаяу жүргеніңіз дұрыс;
адамдардан мүмкіндігінше 2 метр алшақ болу керек;
бірнәрсе ұстаған сайын қолды жуу немесе гельмен дезинфекциялау керек.
7-қағида
Азық-түлік дүкеніне немесе дәріханаға барғанда:

ол жерде адам аз екеніне көз жеткізу қажет. 10-нан астам адам болса, сатып алушылардың бір бөлігі далаға шыққанша күте тұрған абзал;
адамдардан, әсіресе жөтеліп-түшкіріп немесе мұрны бітеліп тұрған адамдардан 1,5-2 метр алыс болу керек;
қажет емес тауарды ұстамаған дұрыс;
герметикамен не басқа да материалмен қапталған өнімді сатып алу керек;
тауар ақысын төлем картасымен төлеу керек, қағаз ақшаны және басқа заттарды ұстаған жағдайда қолды құрамында спирті бар затпен немесе антисептикпен сүрту керек.
8-қағида
Қоғамдық көлікті пайдалану кезінде:

қолды дезинфекциялау керек;
баратын жерге жеткеннен кейін қолды дереу сабынмен жуу қажет;
автобуста, троллейбуста жөтеліп-түшкірерде ауыз бен мұрынды таза сулықпен жабу керек, таза сулық болмаса, бетті алақанмен емес, шынтақтың ішкі жағымен жапқан дұрыс;
өзге жолаушылармен сөйлеспеген абзал;
мүмкіндік болса, көліктің әйнегін ашу керек;
жол бойы бет пен қолды (ауыз, мұрын, көз) ұстамау керек.
9-қағида
Үйге келгенде:

қолды  дезинфекцияламағанға дейін ешқандай затты ұстамау керек;
аяқкиімнің табанын дезинфекциялайтын сұйық себілген шүберекпен сүрту керек, далаға серуендеуге шығарған үй жануарының табанын да сүрту керек;
бетперде мен қолғапты абайлап шешіп, оны герметика пакетке салып, лақтырған дұрыс, сөмке, кілт, әмиян, ұялы телефон және басқаларды әуелі кіреберісте қалдырып, кейін мұқият дезинфекциялау керек;
Жеткізу қызметінен тауар алған кезде де осы сақтықты қайталаған дұрыс.
10-қағида
Жоспар бойынша емделу мен операцияны кейінге қалдыру керек;
Созылмалы ауру мазалаған жағдайда емханаға бармай, дәрігерден телефонмен немесе мессенджерлермен кеңес алу керек;
Дене қызуын күніне 2 рет өлшеу керек;
Иммунитетті нығайтатын витаминдерді немесе құрамында витамині көп өнімді пайдалану керек;
Жөтел, тынысалудың қиындауы, демігу, дене қызуының жоғарылауы сияқты белгілер пайда болғанда бетперде тағып, отбасы мүшелерінен оқшаулану керек, дәрігерге дереу хабарласып, жедел жәрдем шақыру керек.
11-қағида
Үйде ұзақ отырған бала күйзелуі мүмкін. Мұндайда олар ересектердің назарын аударғысы келеді, мазасызданады, тұйықталады, көңіл-күйі бұзылады. Кішкентай балалар төсекке кіші дәретін жіберіп қоюы мүмкін. Осы сияқты жағдайларға ерекше мән беру керек. Баланы не мазалайтынын анықтау керек;
Балаларға әдеттегіден көп көңіл бөлу керек. Оларды тыңдап, мейірімді болған жөн;
Баланың назарын аудару үшін қызық ойын-сауық, ермек ойлап тапқан дұрыс. Карантин кезінде балалар ата-анасынан көп ажырамауы керек;
Балаға жағдайды және жұқпалы аурудан қорғануды қарапайым тілмен түсіндіру керек. Бала дәрігерлердің көмегін жақсы түсінуі керек.
12-қағида
Көпқабатты үйлерде оқшаулауды ұйымдастыру үшін:

ПИК басшысымен немесе үйдің бастамашы азаматтарымен бірге еріктілер тобын құру керек;
атқарушы органдармен, полицейлермен өзара тығыз байланыста жұмыс істеп, тиісті байланыс мәліметін, маңызды ақпаратты, нұсқаулықтар мен ұсыныстарды тарату керек;
үйдің кіреберісі, лифт пен баспалдақ күніне кемінде 3 рет дезинфекциялануы керек;
тұрғын үй кешендеріне кіретін және шығатын жерлерде адамдардың дене қызуын өлшейтін тұрақтар орналастыру керек;
“1-1-2” қағидасын ұстану керек, бұл – отбасы мүшелерінің біреуі ғана 2 күнде бір рет үйден шыға алады деген сөз;
жақын маңдағы азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмысы тоқтаған жағдайда, азық-түлік таусылғанда жергілікті билікке хабарлау керек;
көмекке мұқтаж тұрғындарды анықтап, оларға дер кезінде қол ұшын беру керек.
13-қағида
Үй кез келген уақытта қоршалып, карантинге жабылуы мүмкін, сол сияқты тұрғындар да кез келген уақытта ауруханаға түсуі мүмкін, сол себепті төтенше жағдайға арналған сөмкені (ауыстыратын киім, гигиена заттары, ұялы телефон, зарядтау құрылғысы және тағы да басқа) дайындап қою керек;
Аурудың жаппай таралу жағдайына дайын болу керек, ауруханаларда орын жетпей қалуы мүмкін;
Науқаспен бірге тұрған және онымен байланыста болған адамдар 14 күн бойы өзін-өзі оқшаулауға тиіс. Дәрігерлер бәрінің денсаулығын қадағалайды, коронавирус бар-жоғын анықтайтын тестіден өткізеді. Осы уақыт ішінде ешбір белгі байқалмаса, адамның дені сау болып есептеледі;
Бірге тұратын адамыңызды емдеуге жатқызса, ең әуелі пәтерді түгел дезинфекциялау керек;
Өзін-өзі оқшаулау кезінде денсаулықты қадағалап, дәрігерлер кеңесін қатаң орындау керек;
Науқастың маңына жолаған адамдардың тізімін жасауға көмектесу керек.
14-қағида
Рас ақпаратты Coronovirus.2020kz сайтынан, Үкіметтің ресми сайтынан, Денсаулық сақтау министрлігінің және әкімдіктердің сайтынан алу керек;
Маңызды сұраққа жауап алу үшін “1406” call-орталығына телефон соғуға болады;
Азаматтар психологиялық қолдау қызметіне және жедел жәрдемге жүгіне алады

Жарияланған күні: 14-10-2020  



"ҰРЫҚТЫ ҚОРҒАУ ОРТАЛЫҒЫ" ашылды!

iconiconicon

Жарияланған күні: 27-06-2025  
Толығырақ

Неонатологтар білімдерін шыңдауда

iconiconicon

Жарияланған күні: 18-06-2025  
Толығырақ

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛЕДІ

icon

Жарияланған күні: 09-06-2025  
Толығырақ

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!


Жарияланған күні: 04-06-2025  
Толығырақ

«Дәрігер – балалар жанашыры»

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасы «Ашық есік» күнін ұйымдастырады 


Жарияланған күні: 28-05-2025  
Толығырақ

Эндоскопистер күні құтты болсын!


Жарияланған күні: 23-05-2025  
Толығырақ

5 МАМЫР - Халықаралық АКУШЕРЛЕР күні!

icon

Жарияланған күні: 05-05-2025  
Толығырақ

№2 Ақтау қалалық емханасының педиатры, учаскелік дәрігері Айдана Ходжаева:


Жарияланған күні: 30-04-2025  
Толығырақ

Қазақ анестезиологтар және реаниматологтар қоғамы» Қоғамдық Бірлестігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткен VIІІ Конгрес

iconiconicon

Жарияланған күні: 19-04-2025  
Толығырақ

Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті.

iconiconicon

2025 жылғы12 сәуір күні  қала тұрғындарының  табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыру  және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған сенбілік өтті. 


Жарияланған күні: 14-04-2025  
Толығырақ

Астаналық кардиолог дәрігерлер маңғыстаулық тұрғындарды қабылдайды

icon

Құрметті  Маңғыстау облысының тұрғындары!

Елордалық дәрігерлерден тегін кеңес алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! 


Жарияланған күні: 11-04-2025  
Толығырақ

АНАЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ күні

iconiconicon

Облыстық перинатальдық орталығының дәрігерлері  жас босанған аналарға  ерекше алмалар  ұсынды 


Жарияланған күні: 09-04-2025  
Толығырақ

АНАЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ

Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығы АНАЛАР ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ күніне орай 


Жарияланған күні: 08-04-2025  
Толығырақ

7 СӘУІР – ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ!!

icon

Ана денсаулығы – ұлт саулығы.
Ана саулығы – дені сау ұлттың кепілі. Қоғам дамуында ана мен сәби өмірі үлкен жауапкершілікті талап етеді. 


Жарияланған күні: 07-04-2025  
Толығырақ

ҚҰРМЕТТІ ХАНЫМДАР!

icon

Жарияланған күні: 02-04-2025  
Толығырақ

АНА АЛҒЫСЫ


Жарияланған күні: 04-01-2024  
Толығырақ

ӘЙЕЛ БАҚЫТЫНЫҢ ҒАЖАБЫ!

iconicon

Жарияланған күні: 29-12-2023  
Толығырақ

Маңғыстауда​ төртінші ҮШЕМ!!

iconicon

Жарияланған күні: 27-12-2023  
Толығырақ

Акушерлік практикадағы қиын жағдайлар. КЕЗЕКТІ​ ОТЫРЫС


Жарияланған күні: 26-12-2023  
Толығырақ

БІЛІМДЕРІН ПЫСЫҚТАДЫ

iconiconicon

Жарияланған күні: 25-12-2023  
Толығырақ

НӘРЕСТЕЛЕР РЕАНИМАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ИНТЕНСИВТІК ЕМДЕУ БӨЛІМШЕСІ


Жарияланған күні: 25-12-2023  
Толығырақ

ӨТЕ КҮРДЕЛІ ОТА

icon

Жарияланған күні: 22-12-2023  
Толығырақ

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ


Жарияланған күні: 20-12-2023  
Толығырақ

МАҢЫЗДЫ СЕМИНАР


Жарияланған күні: 19-12-2023  
Толығырақ

 

басшы блогы

Епенова Жапырак Кенесхановна
Орталық басшысы

Веб-сайтта директордың блогы бар. Мұнда келушілердің сұрақтарын оқуға немесе өз сұрағыңызды қоюға болады.

Блогқа өту »»»