ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМШЕСІ

Перинаталдық орталықтың жұмысы қабылдау бөлімінен басталады. Бұл жерге толғақпен немесе жүктіліктің асқынуы бар әйелдер келеді. Қабылдау бөлімшесі тәулік бойы шұғыл және жоспарлы түрде қабылдау жүкті, босанушы және босанған әйелдерге жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетеді. Бөлімше халықаралық стандарттарға ​ сәйкестендірілген және  бір-бірінен оқшауланған 3 қабылдау бөлмелерінен тұрады. Олардың  әрқайсысында пациенттерді тексеріп қабылдайтын, санитарлық талаптарға сәйкестендірілген бөлмелер бар. ​ Мұнда болашақ ананы акушер-гинеколог дәрігері қарап тексереді, акушерка медициналық құжаттаманы рәсімдейді. Тексеру нәтижесінде перзентхана бөлімшелерінің біріне: босандыру , операция, жүкті әйелдер патологиясы немесе гинекологиялық бөлімшесіне жөнелтіледі.
Пациент қабылдау бөліміне келіп түскен кезде 3Н (Three H) триаж жүйесі бойынша пациентке медициналық іріктеу жүргізіледі. Іріктеу нәтижесінен​кейін пациентті дәрігер қарап, бақылау үшін, тиісті аймаққа жібереді. Екі немесе одан да көп пациент келіп түскен жағдайда медициналық іріктеуді екі немесе одан да көп қызметкер бір уақытта жүргізе алады.
Медициналық іріктеуге сәйкес, шартты түрде пациенттердің 3 тобы ажыратылады:
​І топ (жасыл аймақ) – бұл топқа жоспарлы емдеуге қабылданған пациенттер;
​​ІІ топ (сары аймақ) – қабылдау бөлімшесінде диагностикалық палатада бірнеше сағатқа бақылауға қалдырылған пациенттер, сондай-ақ диагнозын анықтау мен нақтылауға қалдырылған пациенттер;
​ІІІ топ (қызыл аймақ) – шұғыл немесе қарқынды медициналық көмекті қажет ететін пациенттер. Шұғыл жағдайда​ дәрі-дәрмекпен, медициналық бұйымдармен жабдықталған жедел ота бөлмесі жұмыс атқарады.
Бөлімшедегі медициналық ақпараттандырылған «SOS» бағдарламасы шұғыл жағдайда тез арада көмек көрсету үшін,​ медициналық көмек сапасын арттыру және уақытылы көмек көрсету мақсатында қажетті мамандарды қабылдау бөліміне дер кезінде шақыруға арналған. «SOS» сигналдық батырмасы арқылы анестезиолог-реаниматолог, аға акушер-гинеколог, зертханашы, неонатолог шақырылады. жүйесінің дабыл түймелері барлық бөлімшелерде бар. ​Бұл жүйе қажетті жағдайда дәрігерлердің шұғыл әрекет етуіне үлкен әсерін тигізеді.  





ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМШЕСІ


iconiconicon Кез келген перзентхана қабылдау бөлімшеден басталады. Дәл осында жүкті әйел толғақпен немесе жүктіліктің асқынуымен келеді. Перзентханаға келетін болашақтағы ананы ең бірінші кезекші дәрігер немесе акушерка қарсы алады. Қабылдайтын бөлімше, бір-бірінен оқшауланған үш қабылдап қарау палаталардан тұрады. Палаталардың әрқайсысында тексеру үшін, кушеткасы бар сынақ бөлме орналасқан. Мұнда болашақ ананы акушер-гинеколог дәрігері қарап тексереді,ал акушерка медициналық құжаттаманы ресімдейді. Содан кейін, оның тексеру нәтижесіне байланысты перзентхана бөлімшелерініңбіріне:босандыру бөлімшесіне,операциялық бөлімшесіне,жүкті әйелдер патология бөлімшесіне немесе гинекологиялық бөлімшесінежөнелтіледі.