| Көрсетілетін қызметтердің атауы | Қызметтерді көрсету жиілігі |
Қабылдау және консультациялар | Бейінді мамандардың, оның ішінде телемедицина коммуникациясын пайдалана отырып: | Айғақтар бойынша |
Маманның жолдамасы бойынша жүкті әйелдерге және 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық-генетикалық консультация беру | Айғақтар бойынша | |
Диагностика | Уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес халықтың нысаналы тобына скринингілік зерттеулер жүргізу | Уәкілетті орган белгілеген кезеңділікке сәйкес |
Зерттеулердің зертханалық және аспаптық әдістері | МСАК мамандарының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша | |
Жалпы клиникалық талдаулар | Айғақтар бойынша | |
АИТВ инфекциясына және Вассерман (RW) реакциясына қанды зерттеу | Келген кезде ерікті анонимді және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарау, қалған жағдайларда айғақтары бойынша | |
Маманның жолдамасы бойынша гормондық зерттеу | Айғақтар бойынша | |
Ағзаны транспланттаудан кейінгі пациенттің қанындағы иммундық супрессивті концентрацияны анықтау | Айғақтар бойынша | |
Биохимиялық талдаулар | Айғақтар бойынша | |
Операция жасауға стационарға емдеуге жатқызылатын адамдар қанының тобы мен резус факторлары | Айғақтар бойынша | |
Биологиялық материалды (бактериялық себінді) микробиологиялық зерттеу | Айғақтар бойынша | |
УДЗ, рентгенография, фиброгастродуоденоскопия, ректороманоскопия, дуоденальды зондтау, колоноскопия, МСАК мамандарының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша функционалдық диагностика әдістері және биопсияға материал алумен эндоскопияның басқа түрлері | Айғақтар бойынша не жылына 1 реттен жиі емес және пациенттің келу кезінде профилактикалық мақсатта | |
«В» және «С» вирустық гепатиттерін диагностикалауға (иммуннды-ферментті талдау, полимераздық тізбекті реакция): | Уәкілетті орган белгілеген кезеңділікке сәйкес | |
Психикалық белсенді заттарды тұтыну тұрғысынан медициналық куәландыру | Құқық қорғау органдары, тергеу және анықтау органдары жолдама берген кезде | |
Сот-наркологиялық сараптама | Сот органдарының шешімі бойынша | |
Сот-психиатриялық сараптама | Сот органдарының шешімі бойынша | |
Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал санаттары үшін: (18 жасқа толмаған балаларға; жүкті әйелдерге, Ұлы Отан соғысына қатысқандарға; 1, 2, 3-топтағы мүгедектерге; «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға; атаулы әлеуметтік көмек алушыларға; жасы бойынша зейнеткерлерге; инфекциялық, әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын науқастарға және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратындарға) маманның жолдамасы бойынша қымбат тұратын диагностикалық зерттеулер түрі | Айғақтар бойынша | |
1. Полимеразды тізбекті реакция (ПТР) | Айғақтар бойынша | |
2. Иммуннды фенотиптеу | Айғақтар бойынша | |
3. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген көлемде және мерзімдерде жүкті әйелдерді медициналық-генетикалық зерттеу (ультрадыбыстық скрининг, ұрықтың анатомиясын бағалау, инвазивті пренатальдық емшаралар, цитогенетикалық зерттеулерге биохимиялық скрининг) | Айғақтар бойынша | |
4. Компьютерлік томография | Айғақтар бойынша | |
5. Магниттік-резонансты томография | Айғақтар бойынша | |
6. Позитрондық-эмиссиялық томография | Айғақтар бойынша | |
7. Бір фотонды эмиссиялық компьютерлік томография | Айғақтар бойынша | |
8. 8. Ангиография | Айғақтар бойынша | |
Емдеу, манипуляциялар және емшаралар | Пациенттің қаражаты есебінен немесе ерікті медициналық сақтандыру шарты шеңберінде, оның ішінде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен дәрілік заттарды пайдалана отырып, хирургиялық, гинекологиялық, отоларингологиялық, урологиялық, офтальмологиялық және басқа амбулаториялық емшаралар | Айғақтар бойынша |
Уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес экстракорпоральдық ұрықтандыру | Айғақтар бойынша, бірақ ЭКҰ 2 циклынан көп емес | |
Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары үшін шұғыл стоматологиялық көмек (жіті ауырсыну): ауырсынуды басу, тісті тазалау және химиялық қатырылған құрама материалдан жасалған пломбаны салу, ауырсынуын баса отырып тісті жұлу, периостотомия, абсцестерді ашу | Айғақтары бойынша | |
Ауырсынуды басу, тісті тазалау және химиялық қатырылған құрама материалдан жасалған пломбаны салу, ауырсынуын баса отырып тісті жұлуды қоса алғанда, маманның жолдамасы бойынша балаларға және жүкті әйелдерге (ортодонтикалық және ортопедиялық көмектен басқа) жоспарлы стоматологиялық көмек | Айғақтар бойынша | |
Тіс-жақ аномалиясын жоюға арналған (ортодонтикалық пластинка) аппаратты пайдалана отырып жақ-бет саласының туа біткен патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек | Айғақтар бойынша | |
Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал санаттарын денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен стандарттарға сәйкес ерте және жалғастырылатын медициналық оңалту | Айғақтар бойынша |
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандығы № 2136 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының 7) тармақшасына және 34-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген [...]Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.01.2014 № 29 қаулысымен. 1. Жалпы ережелер 1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) бюджет қаражаты есебінен Қазақстан [...]Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберіндегі амбулаториялық-емханалық көмек
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне қосымша Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберіндегі амбулаториялық-емханалық көмек 1. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек Іс-шаралар Көрсетілетін қызметтердің атауы Қызметтерді көрсету жиілігі 1 2 [...]Консультациялық-диагностикалық көмек
Көрсетілетін қызметтердің атауы Қызметтерді көрсету жиілігі Қабылдау және консультациялар Бейінді мамандардың, оның ішінде телемедицина коммуникациясын пайдалана отырып: МСАК мамандарының жолдамасы бойынша; бейінді мамандардың жолдамасы бойынша, басқа ағзалардың зақымдануымен асқынулар болған [...]
басшы блогы
Епенова Жапырак Кенесхановна