Сарбалаева Гүлзада Смагуловна – неонатолог дәрігер
Ана сүті – сәби үшін алғашқы вакцина.
Бұл – ауруларға қарсы алғашқы және ең тиімді күрес. Ананың нәрестені туылған сәтте бірден құшағына алуы сәбиді жылытады, иммундық жүйесін нығайтады, ана мен бала арасындағы сүйіспеншіліктің пайда болуына ықпал етеді, ананың сүтін молайтады. Ана сүті – балаға арналған тамақ қана емес, сонымен қатар әр баланың қажеттіліктерін ескере отырып жасалған, түрлі аурулардың алдыналуға арналған күшті дәрі. Ему кезінде баланың бүкіл ағзалары жұмыс істейді. Бастағы қан айналымы жақсарып, жақ сүйектері мен ауыз, ерін бұлшықеттері тез жетіледі. Алғашқы сүт немесе ақуыз нәрестені аурулар мен өлімнен қорғайтын дүниелерге бай. Уыз құрамы сәбидің әл жинауына, тез ширауына қажетті витаминдерге өте бай. Бала өскен сайын баласының қажеттілігіне қарай әр әйелде ана сүті құрамындағы қоректік заттар да қоса өзгеріп отырады. Қазақтың әлсіз, әлжуаз балаларды көргенде «уызға жарымаған» деп жататыны осыдан. Сол себептен «Ана сүті – нәрестенің дұрыс өсуінің негізі». Ана сүті нәресте миының дұрыс дамуына, инфекциялардан қорғауға ықпал етеді.
Ана сүтінің тиімділігі:
Сәбиін емізетін аналар босанғаннан кейінгі күйзеліске сирек шалдығады. Онымен қоса, аналық без, сүт безі обырының даму қаупін төмендетеді, босанғаннан кейін ананың салмағына зайтуға ықпал етеді. Ол сүт безінің қатерлі ісікке (рак) шалдықпау қаупін 10, жатырдың қатерлі ісікке шалдықпауын 2 есе төмендетеді. Психологтардың айтуынша, емізу кезінде шешесінің бар жан-тәнімен сәбиді көкірегіне қысуы, аймалауы, өбектеуі, сөйлеуі, еміренуі, мейірленуі, маңдайынан иіскеуі, сылап-сипап, ерекелетуі арқылы бала мен ана арасындағы ұзақ жылдарға жалғасатын өзара сүйіспеншілік, махаббат, қимастық сезімдері қалыптасады, баланың физикалық, әлеуметтік, психологиялық, рухани жандүниесі толысады. Ал, сүт қоспаларымен қоректендіруде бұндай жылы сезімдердің болмасы анық. Ана сүтін емген балалар тез тіл табысқыш, адамға жұғымды болып өседі.
1997 жылдан бастап Қазақстанда омырау сүтімен емізуді қорғау, ынталандыру және қолдауға бағытталған мемлекеттік жүргізілген саясаты Облыстық перинаталдық орталығында үздіксіз жүргізілуде.
Омыраумен емізу арқылы «Күн сайын балаңыздың иммунитетін арттырыңыз! Балаңызды өзіңіз емізіңіз!» деген кеңес береміз.
ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗДАРДЫҢ ЖҮКТІЛІГІ: КОНТРАЦЕПЦИЯНЫҢ ҚАУІПТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ ТУРАЛЫ
Балмагамбетова Акшолпан Асубаевна- директордың орынбасары.
Джумагамбетова Тойдык Султанбаевна - Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығының педиатр дәрігері:
Мағыстау облыстық перинатальдық орталығының акушер гинеколог дәрігері Ашимова А.Т:
Ана сүті – сәби үшін алғашқы вакцина.
Шала туылған балаларды тамақтандыру проблемасы және шешу жолдары дөңгелек үстелі
24 қараша 2016 жылғы сағат 14-00 де - ҚАЗҰМУ дипломнан кейінгі білім беру м.ғ.к, доценті, дәрігер - неонатолог, гастроэнтеролог Ақбота Тохтаргазыновна Каримханованың қатысуымен «Шала туылған балаларды тамақтандыру проблемасы және шешу жолдары» атты дөңгелек үстел өткізілді.
«Бала өлімін төмендетудегі генетикалық скринигтің ролі» атты дүңгелек үстел
16.11.2016 жылы ОПО-та скрининг лаборатория меңгерушісі Мәскеу м.ғ.к. В.В. Митькин, Респ МГК НЦАГиП басшысы профессор м.ғ.к. Г.С.Святова, Респ МГК маманы М.С. Кирикбаевой қатысумен «Бала өлімін төмендетудегі генетикалық скринигтің ролі» атты дөңгелек үстелі өтті.
016 ж. қазанның 31-жұлдызынан бастап, облыстық перинаталдық орталық базасында «Актуальные проблемы неонатологии и выхаживания новорожденных», «Организация системы оказания медицинской помощи детям», «Актуальные вопросы детской онкологии и гематологии» атты семнарлар өтуде
Жас дәрігерлерге – ісіне сәттілік тілейміз!
Бала босану көрсеткіші бойынша Республикада Маңғыстау облысы бірінші орында. Осы жас мамандар үшін өте бай практикалық –тәжірибе алуға мүмкіндіктер мол.
Өз беттерінше ота жасау, емдік-диагностикалық шаралар жасап, жоғарғы санатты тәжірибиелі дәрігерлер қасында біліктілігін арттырады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры
Елімізде жаңа жүйені жүзеге асыру мақсатында арнайы әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылмақ. Қазақстандықтар осы қорға ай сайын міндетті жарналарын аударады. Ал қорда сақталған қаржы науқастанған жандардың емделуі үшін емханаларға беріліп отырады. Жаңа қабылданған құжаттың ережесіне сай, қазақстандықтарға медициналық қызметтің екі пакеті ұсынылады. Оның алғашқысы – республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектің мемлекет кепілдендірген көлемін ұсынатын базалық пакет, ұғынықты тілмен айтқанда мемлекеттің есебінен медициналық көмек алу.
Облыстық перинаталдық орталықта ЮНЕСЕФ қолдауымен семинар-тренинг өтуде
Облыстық перинаталдық орталықтың базасында 13-17 маусым 2016 ж. семинар-тренинг өтуде
«Мейірбике ісі жөніндегі күтім тәсілдері мен инновациялар» атты мастер класс
Облыстық перинаталдық орталықтың ұйымдастырылуымен 2016 жылдың 08-13 ақпан аралығында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында, ана мен балаға көмек көрсету сапасын арттыру мақсатында «Қасиетті жол» қайырымдылық қорының қолдауымен профессор Дениз Шелиманның /Түркия/ қатысуымен «Мейірбике ісі жөніндегі» күтім тәсілдері мен инновациялар» атты мастер класс өтуде.
Внедрение эффективного пренатального ухода в Областном перинатальном центре
В современном мире большое внимание уделяется медицине, особенно в области акушерства, поэтому перед акушерско-гинекологической службой стоит ответственная и важная задача по дальнейшему осуществлению основных принципов государственной политики, направленной на укрепление здоровья и на сохранение жизни женщины-матери и будущего поколения.Роль руководителя сестринской службы
Медицинская сестра должна быть: высококвалифицированным специалистом; партнером врача и пациента; способным к самостоятельной работе в рамках единой врачебной бригады.Практикалық денсаулық сақтауда медициналық көмекті жетілдірудегі мейірбикелердің рөлі
15-желтоқсан 2014 г. «Grand Hotel Victory» конференц-залында Сейдуманов Сұлтан Тұрарұлы ф - м.ғ.д., Республикалық медициналық колледжі, директор, «Қазақстанның медицина колледждер Одағы» ЗТБ басқармасының төрағасы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту ісі бойынша штаттан тыс бас маманң қатысуымен «ПРАКТИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ МЕЙІРБИКЕЛЕРДІҢ РӨЛІ» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
басшы блогы
Епенова Жапырак Кенесхановна