Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры

Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры

Елімізде жаңа жүйені жүзеге асыру мақсатында арнайы әлеуметтік медици­на­лық сақтандыру қоры құрылмақ. Қазақ­стан­дықтар осы қорға ай сайын міндетті жарналарын аударады. Ал қорда сақталған қаржы науқастанған жандардың емделуі үшін емханаларға беріліп отырады. Жаңа қабылданған құжаттың ережесіне сай, қазақстандықтарға медициналық қызметтің екі пакеті ұсынылады. Оның алғашқысы – республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектің мемлекет кепілдендірген көлемін ұсынатын базалық пакет, ұғынықты тілмен айтқанда мемлекеттің есебінен медициналық көмек алу. Мұнда жедел жәрдем қызметі, санитарлық авиация, әлеуметтік ауруларға, сонымен қатар, төтенше жағдайларда, профилактикалық екпе кезінде көрсетілетін медициналық көмек түрлері енеді. Бұл қызмет барлық азаматтар үшін қолжетімді. Екіншісі – жаңадан құрылатын медициналық сақтандыру қоры ұсынатын сақтандыру пакеті. Яғни, бұл пакетке енетін қызмет түрлері азаматтардың әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына аударған жарнасы арқылы жүзеге асады. Екінші қызмет түрлеріне амбулаторлық-емханалық көмек, стационарлық көмек, стационарлық көмекті алмастыратын көмек, қалпына келтіру емдік шаралары, медициналық реабилитация, паллиативтік көмек, мейірбикелік қарау және жоғары технологиялық көмек кіреді. Жаңа заң жобасының нормаларын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой: «Аталмыш пакетті алу құқығы әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушы ҚР азаматтарына, ҚР аумағында тұрақты өмір сүретін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұл­ға­ларға беріледі. Сонымен қатар, экономикалық белсенділігі төмен халық үшін төлемақы мемлекет есебінен жүргізіледі. Жұмыс берушілер жалдамалы жұмысшылар үшін, ал қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейтін болады», – деді. Сондай-ақ, ерікті медициналық сақтандыруға қатысқан азаматтарға арналған қызмет түрі де бар. Бұл азаматтар медициналық қызметтерді жеке сақтандыру компанияларымен жасалған келісімшарт бойынша алады.

Ерекше санаттағы, яғни, әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар үшін мемлекет орташа айлық көлемінің 7 пайызы мөлшерінде төлемақы аударады. Ал Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің деректеріне сүйенсек, бұл мөлшерлеме көлемі 2017 жылы 4 пайыз, 2018 жылдан 5, 2023 жылдан 6, 2024 жылдан 7 пайызға сатылай көтерілмек. Жұмыс берушілердің жұмысшылары үшін төлейтін жарнасы кірістің 5 пайызын құрайды. Мұндай аударымдар да 2017 жылы 2 пайыздан бастап, жыл сайын 1 пайызға арттыру арқылы 2024 жылы 5 пайызға жеткізу көзделген. Қызметкерлер жарнасының көлемі 2 пайызға тең, 2019 жылы 1 пайыз, ал 2020 жылдан бастап 2 пайызға теңестірілмек. Өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп отырған азаматтар (жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар) жарнасы кірістерінің 7 пайызына тең. Ал аударым 2017 жылы 2, 2018 жылы 3, 2019 жылы 5, 2020 жылдан бастап 7 пайыз болады.

Айта кетейік, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылған барлық сақтандыру жарнасына қатысты мәліметтер ашық түрде болады. Сақтандыру жарнасына қатысты жыл сайын бұқаралық есеп жасалмақ. Сақтандыру жарнасын төлеген азаматтар арнайы желідегі «жеке кабинетінен» төлемдердің барлығын ашық көре алады. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цойдың айтуынша, барлық активтерді Ұлттық банк қадағалап отырады. Минис­трлік толықтай мониторинг жүргі­зеді. Қорда жиналатын қаражаттың медици­налық қызметтерге бағытталуы өте маңыз­ды, сондықтан қаржы емделетін әрбір азаматқа тікелей бағытталады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден босатылатын азаматтар да бар. Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мұндай азаматтардың 15 санатын белгілеп отыр. Олардың қатарында балалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, «Батыр ана» атағын алғандар, І, ІІ дәрежелі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған көп балалы аналар, соғыс ардагерлері мен мүгедектері, мүгедектер, жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар, интернатта тәрбиеленіп жатқан тұлғалар бар. Сонымен бірге, бала тууға, бала асырап алуға, 3 жасқа бала күтіміне байланысты демалыстағы тұлғалар, жұмыс істемейтін екіқабат әйелдер, іс жүзінде 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жұмыссыз азаматтар, зейнеткерлер, әскери қызметкерлер, арнаулы мемлекеттік қызмет жұмыскерлері, құқық қорғау органдарының жұмыскерлері, ең төменгі деңгейдегі қауіпсіздік мекемелерін есептемегенде сот шешімімен ҚАЖ мекемелерінде айыбын өтеушілер, уақытша ұстау изоляторлары мен тергеу изоляторларындағы азаматтар да жарна төлеуден босатылады.

  • docx    
       Просмотр    (30.89 Kb)




ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗДАРДЫҢ ЖҮКТІЛІГІ: КОНТРАЦЕПЦИЯНЫҢ ҚАУІПТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ ТУРАЛЫ

icon

Балмагамбетова Акшолпан Асубаевна- директордың орынбасары.


Джумагамбетова Тойдык Султанбаевна - Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығының педиатр дәрігері:


Мағыстау облыстық перинатальдық орталығының акушер гинеколог дәрігері Ашимова А.Т:

iconiconicon

Ана сүті – сәби үшін алғашқы вакцина.

icon

Емшекпен қоректендіру

iconiconicon

Шала туылған балаларды тамақтандыру проблемасы және шешу жолдары дөңгелек үстелі

iconicon

24 қараша 2016 жылғы сағат 14-00 де -  ҚАЗҰМУ дипломнан кейінгі  білім беру м.ғ.к,  доценті, дәрігер - неонатолог, гастроэнтеролог  Ақбота  Тохтаргазыновна   Каримханованың   қатысуымен  «Шала туылған   балаларды  тамақтандыру проблемасы  және  шешу  жолдары»  атты  дөңгелек  үстел  өткізілді. 


«Бала өлімін төмендетудегі генетикалық скринигтің ролі» атты дүңгелек үстел

iconicon

16.11.2016 жылы ОПО-та скрининг лаборатория меңгерушісі Мәскеу м.ғ.к. В.В. МитькинРесп МГК НЦАГиП басшысы профессор м.ғ.к. Г.С.Святова, Респ МГК маманы М.С. Кирикбаевой қатысумен «Бала өлімін төмендетудегі генетикалық скринигтің ролі» атты дөңгелек үстелі  өтті. 


Семинарлар

icon

016 ж. қазанның 31-жұлдызынан бастап, облыстық перинаталдық орталық базасында «Актуальные проблемы неонатологии и выхаживания новорожденных», «Организация системы оказания медицинской помощи детям», «Актуальные вопросы детской онкологии и гематологии» атты семнарлар өтуде 


Жас дәрігерлерге – ісіне сәттілік тілейміз!

iconicon

Бала босану көрсеткіші бойынша Республикада Маңғыстау облысы бірінші орында. Осы жас мамандар үшін өте бай практикалық –тәжірибе алуға мүмкіндіктер мол.
Өз беттерінше ота жасау, емдік-диагностикалық шаралар жасап, жоғарғы санатты тәжірибиелі дәрігерлер қасында біліктілігін арттырады. 


Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры

Елімізде жаңа жүйені жүзеге асыру мақсатында арнайы әлеуметтік медици­на­лық сақтандыру қоры құрылмақ. Қазақ­стан­дықтар осы қорға ай сайын міндетті жарналарын аударады. Ал қорда сақталған қаржы науқастанған жандардың емделуі үшін емханаларға беріліп отырады. Жаңа қабылданған құжаттың ережесіне сай, қазақстандықтарға медициналық қызметтің екі пакеті ұсынылады. Оның алғашқысы – республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектің мемлекет кепілдендірген көлемін ұсынатын базалық пакет, ұғынықты тілмен айтқанда мемлекеттің есебінен медициналық көмек алу.


Облыстық перинаталдық орталықта ЮНЕСЕФ қолдауымен семинар-тренинг өтуде

iconiconiconОблыстық перинаталдық орталықта «Ауру балаға тиімді перинаталдық күтім, көмек» тақырыбы бойынша кафедра меңгеруші, м.ғ.д., профессор -Чувакова Тамара Курмангалиевна және неонатолог, координациалық орталықтың аға ординаторы – Карин Бектурган Тыныбайұлы 18-22 шілде 2016 ж. ЮНЕСЕФ қолдауымен семинар-тренинг өтуде. Маңғыстау облысының аудандары мен қалаларының 20 маманы оқытылып жатыр.

Облыстық перинаталдық орталықтың базасында 13-17 маусым 2016 ж. семинар-тренинг өтуде

iconiconiconОблыстық перинаталдық орталықтың базасында 13-17 маусым 2016 ж. халыққа отбасын жоспарлау және денсаулық сақтау саласының бастапқы буынының білімін күшейту үшін семинар-тренинг өтуде.

«Жүктілік және босанғаннан кейінгі кезеңіңде асқынулардағы интенсивті терапия» тақырыбы бойынша семинар

iconiconiconОблыстық перинаталдық орталығында «Жүктілік және босанғаннан кейінгі кезеңіңде асқынулардағы интенсивті терапия», «Хирургиялық гемостаз, акушерия және гинекологияда гемостаздың бұзылуы және оладың коррекция жолдары» тақырыбы бойынша акушер-гинеколог дәрігерлерін оқыту семинары өтті.

«Жүктілік және босанғаннан кейінгі кезеңіңде асқынулардағы интенсивті терапия» тақырыбы бойынша семинар

iconiconiconОблыстық перинаталдық орталығында «Жүктілік және босанғаннан кейінгі кезеңіңде асқынулардағы интенсивті терапия», «Хирургиялық гемостаз, акушерия және гинекологияда гемостаздың бұзылуы және оладың коррекция жолдары» тақырыбы бойынша акушер-гинеколог дәрігерлерін оқыту семинары өтті.

«Мейірбике ісі жөніндегі күтім тәсілдері мен инновациялар» атты мастер класс

iconiconicon

Облыстық перинаталдық орталықтың ұйымдастырылуымен 2016 жылдың 08-13 ақпан аралығында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласының дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында, ана мен балаға көмек көрсету сапасын арттыру мақсатында «Қасиетті жол» қайырымдылық қорының қолдауымен профессор Дениз Шелиманның /Түркия/ қатысуымен «Мейірбике ісі жөніндегі» күтім тәсілдері мен инновациялар» атты мастер класс өтуде. 


Внедрение эффективного пренатального ухода в Областном перинатальном центре

В современном мире большое внимание уделяется медицине, особенно в области акушерства, поэтому перед акушерско-гинекологической службой стоит ответственная и важная задача по дальнейшему осуществлению основных принципов государственной политики, направленной на укрепление здоровья и на сохранение жизни женщины-матери и будущего поколения.

Случай применения экстракорпоральных методов гемокоррекции беременной с тяжелой бактериальной пневмонией

Поскольку большинство патологических процессов и практически все критические состояния в акушерстве и гинекологии, осложнения беременности, родов и послеродового периода, острые и хронические воспалительные заболевания половых органов, вирусные и бактериальные инфекции, изо- и аутоиммунные состояния сопровождаются эндогенной интоксикацией, иммунологическими нарушениями, изменениями агрегатного состояния и реологических свойств крови, необходимость включения клинической трансфузиологии в комплекс лечебных мероприятий является патогенетически обоснованной и подтверждается многочисленными клиническими исследованиями, а также опытом нашего центра.

Гигиена рук как мера профилактики инфекций, связанных с оказанием медицинской помощи (ИСМП) в медицинских организациях родовспоможения


Роль руководителя сестринской службы

Медицинская сестра должна быть: высококвалифицированным специалистом; партнером врача и пациента; способным к самостоятельной работе в рамках единой врачебной бригады.

Практикалық денсаулық сақтауда медициналық көмекті жетілдірудегі мейірбикелердің рөлі

15-желтоқсан 2014 г. «Grand Hotel Victory» конференц-залында Сейдуманов Сұлтан Тұрарұлы ф - м.ғ.д., Республикалық медициналық колледжі, директор, «Қазақстанның медицина колледждер Одағы» ЗТБ басқармасының төрағасы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту ісі бойынша штаттан тыс бас маманң қатысуымен «ПРАКТИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ МЕЙІРБИКЕЛЕРДІҢ РӨЛІ» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Осы бөлімде:

 

басшы блогы

Епенова Жапырак Кенесхановна
Орталық басшысы

Веб-сайтта директордың блогы бар. Мұнда келушілердің сұрақтарын оқуға немесе өз сұрағыңызды қоюға болады.

Блогқа өту »»»