Ең әдемі әйел – жүкті әйел. Өмірге сәби әкелетін жанның жүзінде тыныштық, қорқыныш, жұмбақтық, еркелік қатар ұялап өзгеше түрге енеді. Жалпы жүктілік (латынша: graviditas) әйел ағзасының ерекше құбылысы. Жүкті әйелдер жүкті болмай тұрған кезде, жүктілік барысының дұрыс өтуіне өздерін дайындап, дені сау ұрпақты дүниеге алып келуі керек. Ол үшін адам өміріне араша түсетін дәрігер қажет. Дәрігерлік мамандық үлкен жауапкершілікті талап етеді. Осы бір құрметті саланың иесі, жоғары білімді дәрігер, акушер-гинеколог – Ұлдана Байдуллақызы. «Астана Медицина Университетінде» жалпы медицина мамандығы бойынша білім алған. Ол – кейінірек акушерия және гинекология мамандығы бойынша екі жыл интернатураны, одан кейін үш жыл резидентурада жалпы 10 жыл білім алған маман. 2015 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы орталықтардың бірінің босану және босанудан кейінгі бөлімінде адам жанының арашасы болып, қаншама ана мен сәбидің аман-есен өмірге келуіне ықпал етіп келе жатқан ақ халатты абзал жан. Маман бізге бүгінгі қыз-келіншектер мен жас аналарды жиі мазалайтын сұрақтарға толығымен жауап беруге тырысты.
Жүктілікті жоспарлау. Жүктілік жоспарлау – бұл дені сау ұрпақ туылу үшін диагностикалық, профилактикалық, емдік кешен жүргізу болып табылады. Бүгінде заманауи жүктілікті жоспарлау үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – жас жұбайлардың репродуктивті денсаулығын периконцепционды бағалау болып табылады. Ол дегеніміз медико-генетикалық кеңес, баланың туа пайда болған аномалиялардың болмауын бағалайды. Және де клиникалық тексерілу міндетті түрде диагностикалық урогенитальды және TORCH-инфекция, әйелдің соматикалық статусын бағалау денсаулықты корекция жасау, инфекция ошағын санация жасау. Ал екінші бөлім – жүкті болмай тұрып кем дегенде 3 ай жүргізіледі. Дәрумен-минералды кешенінің қоспасында фолий қышқылы, йод, антиоксиданттар болады. Бұл заттар балада туа пайда болатын ақаулардың болу қаупін біршама төмендетеді.Үшінші бөлім – жүктілікті ерте диагностикалау, жүктілік кезінде болатын асқынулардың, қауіп факторларының ерте диагностикасы және профилактика шаралары жүргізіледі. Өмірге бала әкелмес бұрын болашақ әке мен анаға үлкен дайындықтан өтуге тура келеді. Өйткені сәби сүю отбасы беріктігінің кепілі ғана емес, ол өмір сүруге, бақытты бала атануға құқылы кішкентай адамның келгендігінің белгісі.
Жүктілік кезіндегі дұрыс тамақтану. Бұл уақытта дұрыс тамақтану ана мен бала үшін өте маңызды. Себебі ұрықтың дамуына және тамақтану процесіне әсері бар.Жатыр мен плацента тіндері дамып, қанмен қамтамасыз ету жоғарылайды. Қалыпты салмақ алу әйелдер мен балалардың денсаулығына ықпал етеді және асқыну қаупін азайтады. Ең бастысы болашақ ана баласының алдындағы міндетін дұрыс сезінуі керек. Салауатты өмір салтын ұстанып, жақсы ойлар ойлау қажет. Аяғы ауыр әйелдің бәрінде өз-өзінен жылағысы келіп, көңіл-күйінің күрт бұзылатын сәті немесе аяқ астынан қуанатын кездері де жиі орын алады. Кейбір әйелдердің жүрегі айнып, құсқысы келіп, басы ауырып жатады. Әйел адам мұның бәрі уақытша екенін түсінуі керек. Жүкті әйелдерге тоя тамақ жеген де зиян. Бұл кездері жемістер мен көкөністер, дәнді дақылдар өте пайдалы. Құрамында кальций кездесетін сүт тағамдарын молынан қолдануды әдетке айналдырған дұрыс. Және де мамандар жүктілік мерзімінде құрманы көбірек жеген пайдалы деп кеңес береді. Себебі құрма жемісінің құнарлылығы түрлі ауру-сырқауға ем болатындығын білгеніміз абзал.
Жарияланған күні: 05-06-2023Жүктілік бойынша есепке ерте тұрудың маңызы
Жүктілік кезінде жасайтын жаттығулар
Салауатты өмір салты. Жүктілік.
Жүктілік және салауатты өмір салты
Жүкті әйелдерге арналған жаттығулар
Кезде қалыпты жүктілік ағып өтетін пайдалы жөнінде тұрақты сабақтар арнайы гимнастика. Әйелдерде жүйелі түрде айналысатын арнайы гимнастика, босану ағады жылдам, оңай және аз асқынулардың әйелдерге қарағанда, жетекші өмір сүру салты. Көптеген әйелдер күн сайын жасайды таңғы гимнастика, спорт түрлерімен айналысады. Жүктілік кезінде [...]Жүкті әйелдерге арналған гимнастика
ШЫЛЫМ ШЕГУДІҢ ЗИЯНДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Темекі шегудің жүктілік пен сәбиге әсері
Жүктілік кезіндегі темекі шегуге бола ма? Болмайды. Жүкті емес адамдардың да темекі шегулері денсаулықтарына зиян болмаса, ешқандай пайда бермейді. Ал ерекше күтімді қажет ететін, яғни аяғы ауыр әйелдің темекі шегуі орны толмас зардаптарға соқтырады. Өйткені жүктілік кезінде темекінің зияны еселене [...]
басшы блогы
Епенова Жапырак Кенесхановна