Жүктілік бойынша есепке ерте тұрудың маңызы

Құрметті әйелдер!

Жүктіліктің 12 аптасына дейін ұрықтың ішкі ағзалары қалыптасады. Дұрыс тамақтанбау, зиянды әдеттер, созылмалы, инфекциялық және тұқым қуалайтын аурулар болашақ сәбидің дамуына әсер етіп, кемтарлықтың дамуына, түсік тастауға дейін әкелуі мүмкін. Жүктілік бойынша есепке 12 аптаға дейін тұрыңыздар. Жүкті әйелдерді бақылау әйелдер кеңесінің басты міндеті болып табылады. Жүктілік пен босанудың нәтижесі көбінесе емханада қаралып тұруыңызға байланысты. Неліктен жүктілік бойынша есепке 12 аптаға дейін тұру керек? Себебі:

- біріншіден: ұрықтың ішкі ағзаларының патологиясын анықтау және одан әрі жүктілікті сақтау үшін ұсынымдар туралы сұрақтарды шешу;

- екіншіден: жүктілік кезіндегі ықтимал асқынуларды болжауға және анықтауға мүмкіндік береді, сондай - ақ жүктілікті жүргізу жоспарын таңдау;

- үшіншіден: акушерлік және басқа да патологиялар бойынша стационарға жатқызуға мұқтаж жүкті әйелдерді анықтау және олардың сауығуын қамтамасыз ету;

 - төртіншіден: сәбидің хромосомалық патологиямен туылу қаупін анықтау үшін жүктіліктің 10 - 14 аптасында жүкті әйел бірінші триместрдің ультрадыбыстық скринингіне жіберіледі және қан тапсырады;

Бірінші триместрдің соңы мен екінші триместрдің басында УДЗ  - ның көмегі арқылы Даун синдрома сияқты бірқатар туа біткен ақаулықтарды анықтауға болады.

бесіншіден: жүкті әйелдің тамақтану рационын түзеуіне және зиянды әдеттерден бас тартуына, ұрықтың қалыпты дамуы мен орталық жүйке жүйесінің бұзылуының алдын алуға ықпал етеді;

Жүктіліктің алғашқы үш айы баланың дамуы үшін шешуші кезең болып табылады. Ұрықтың алғашқы қалыптасу кезеңдерінде  әрбір тірі ағзаға қажетті биологиялық маңызды элементтердің тапшылығы ұрықтың қалыпты дамуының бұзылуына, тіпті шетінеуіне әкелуі мүмкін;

- алтыншыдан: рационалды жұмысқа орналасуға көмектеседі;

- жетіншіден: жүктіліктің ерте мерзімдерінде есепке тұру біржолғы жәрдемақы алуға кепілдік береді.

Жүктілік – әрбір әйелдің және оның жұбайының өміріндегі маңызды кезең. Жүктілік қалаулы ғана емес, сондай - ақ жоспарланған болғаны дұрыс. Бұл дегеніміз жүктілікке дайындалу қажет. Ал дайындықты неден бастаймыз?

Жүкті болудың алдында гинеколог - дәрігерге қаралып,  анализ тапсыру керек: жыныстық жолмен берілетін жұқпаларды анықтау, соның ішінде хламидиоз және ұрық үшін аса қауіпті (токсоплазмалық жұқпа, қызамық) сондай - ақ "В" және "С" гепатиттері.

Жұқпамен кездесудің қаншалықты ауыр өтуі жүктіліктің мерзіміне байланысты. Ұрықтың ағзалары қалыптасып келе жатқан ерте мерзімде, яғни жүктіліктің 8 - 9 аптасына дейін дамудың өрескел ақаулары орын алып, тіпті эмбрионның қаза табуы мүмкін.  Сондықтан, жұқпаны жүктілікке дейін анықтап, алдын - ала емдеу өте маңызды.

Егер сізде қандай да бір соматикалық (тән) аурулары болса және сіз дәрігер -  мамандарға қаралып жүрсеңіз (кардиолог, эндокринолог, невропатолог, пульмонолог және көз дәрігері), өзініздің ана болу туралы шешіміңізді дәрігеріңізге айту қажет. Жұбайынызбен бірге міндетті түрде өкпенің флюорографиялық зерттеуін өтіңіздер. Жоспарланған жүктіліктің алдында 3 айдың ішінде ішу арқылы контрацепцияны қолдануды тоқтатып (әрбір қабылдаған дәрі - дәрмек жөнінде дәрігермен кеңесіңіз), егер сіз жатырішілік контрацепцияны қолдансаныз, оны да қолдануды алдын - ала доғару қажет.

Жүктілікті жоспарлау кезінде салауатты өмір салты маңызды рөл атқарады. Таңертең жаттығулар жасаңыз, таза ауада көбірек серуендеңіз. Егер зиянды әдеттеріңіз болса, олардан арылуды ұмытпаңыз (темекі тарту, алкоголь, нашақорлық). Болашақ сәбидің әкесі де сізден үлгі алса игі болар еді. Жүктіліктің қолайлы нәтижесі үшін алғашқы апталар өте маңызды болғандықтан, жоғарыда аталған кеңестерге ертерек құлақ асқан жөн. Серіктердің әрқайсысының тағамы дәрумендерге бай болуы тиіс. Мамандар тек қана пайдалы аспен тамақтануға кеңес береді. Әйелдерге, өз кезегінде, қосымша нәрлі элементтер керек:

- фолий қышқылы (күніне 400 мг) жүкті болудан 3 ай бұрын;

- дәрігердің тағайындауы бойынша қабылданатын мультидәрумендер мен минералды элементтер.

Жүктілікті жоспарлау – бұл екі адамның отбасын құруға және бірге балаларды тәрбиелеуге психологиялық дайындығы. Өте көп нәрселер  болашақ ата - ананың  психологиялық тұрғыдан дайын болуына байланысты. Жүктілікке дайындық кезінде психологиялық ахуалдың маңызы денсаулықтан кем емес. Уақыттарыңыздың көп бөлігін бірге өткізуге тырысыңыздар, бір - бірлеріңізге арнайы әдебиеттерді оқыңыздар. Бірге балаларға арналған дүкендерді аралауға болады, бұл – екеулеріңізді жағымды әсерлерге бөлейді.  Өздеріңіз ұнатқан қыз және ұл балалардың есімдерінің тізімін жасап, сәбиге қойғыңыз келген есімдерді ойластыра берулеріңізге болады. Сіздердің барлық әрекеттеріңіз бен ойларыңыз болашақ сәбилеріңізге бағытталуы қажет. Сіздің әлі туылмаған сәбиіңізді тұлға ретінде сыйлаңыз. Жүктілік кезінде бір - біріңізді түсінуге және сезінуге үйреніңіздер, оған өз ойларыңыз бен әсерлеріңізді дауыстап айтыңыз және сеніңіз!

Күйзелуге жол бермеңіз. 

Жарияланған күні: 09-09-2022  



Жүкті әйелдерге кеңестер!!!!!

Дәрігер-гинекологтың айтуынша, егер жүкті әйел белгілі бір ережелерді сақтаса, теңіз жағалауындағы демалыс оған тек пайдалы болады. Жүкті әйелдер баласына қауіпсіз болуы үшін қалай демалуы керек? Қандай қауіптер бар және олардың қалай алдын алуға болады? Бұл туралы Invitro компаниясының дәрігер-гинекологы Илона Довгаль айтып берді. [...]

Жарияланған күні: 19-06-2023  

Ең әдемі әйел – жүкті әйел

Ең әдемі әйел – жүкті әйел. Өмірге сәби әкелетін жанның жүзінде тыныштық, қорқыныш, жұмбақтық, еркелік қатар ұялап өзгеше түрге енеді. Жалпы жүктілік (латынша: graviditas) әйел ағзасының ерекше құбылысы. Жүкті әйелдер жүкті болмай тұрған кезде, жүктілік барысының дұрыс өтуіне өздерін дайындап, дені сау ұрпақты дүниеге алып келуі керек. Ол үшін адам өміріне араша [...]

Жарияланған күні: 05-06-2023  

Қант диабеті

iconiconicon [...]

Жарияланған күні: 30-11-2022  

Жүктілік бойынша есепке ерте тұрудың маңызы

iconҚұрметті әйелдер! Жүктіліктің 12 аптасына дейін ұрықтың ішкі ағзалары қалыптасады. Дұрыс тамақтанбау, зиянды әдеттер, созылмалы, инфекциялық және тұқым қуалайтын аурулар болашақ сәбидің дамуына әсер етіп, кемтарлықтың дамуына, түсік тастауға дейін әкелуі мүмкін. Жүктілік бойынша [...]

Жарияланған күні: 09-09-2022  

Жүктілік кезінде жасайтын жаттығулар

iconiconiconЖүктілік кезінде бірқатар арнайы жаттығуларды жасағаныңыз тиімді. Олар мына себептерден пайдалы: Дененің бұлшық еттерінің созылғыштық қасиеті мен күш-қуаты артады. Осылайша қарын мен шап бұлшық еттері босанғаннан кейін тезірек қалпына келеді. Қан айналымыңыз жақсарады. Толғақ [...]

Жарияланған күні: 06-09-2022  

Салауатты өмір салты. Жүктілік.

iconiconicon  Болашақ ананың салауатты өмір салты - сәтті жүктілік пен босанудың кепілі, сіздің болашақ балаңыздың денсаулығы. Сондықтан, жүкті әйелдерді жоспарлаған әйелдер сіз білуі керек: бұл салауатты өмір салты деген не? Ал сіз тек жүкті болған кезде ғана бастау керек пе? [...]

Жарияланған күні: 06-09-2022  

Жүктілік және салауатты өмір салты

iconiconicon«Сіз ана боласыз» деген сөзді дәрігерден естігеннен бастап әрбір әйел өзіне және дүниеге әкелетін нәрестенің денсаулығына толық жауапты болады. Сол себептен де жүктілік анықталған сәттен бастап, болашақ аналардың салауатты өмір салтын ұстанғаны жөн. Оның ішіне еңбек, демалу және тамақтану кіреді. Жүктілікті жоспарлау [...]

Жарияланған күні: 05-09-2022  

Жүкті әйелдерге арналған жаттығулар

Кезде қалыпты жүктілік ағып өтетін пайдалы жөнінде тұрақты сабақтар арнайы гимнастика. Әйелдерде жүйелі түрде айналысатын арнайы гимнастика, босану ағады жылдам, оңай және аз асқынулардың әйелдерге қарағанда, жетекші өмір сүру салты. Көптеген әйелдер күн сайын жасайды таңғы гимнастика, спорт түрлерімен айналысады. Жүктілік кезінде [...]

Жарияланған күні: 05-09-2022  

Жүкті әйелдерге арналған гимнастика

iconГимнастика — жүктіліктің алғашқы айынан бастап босануға дейінгі денсаулық пен дене пішінді сақтау үшін қолданылуы керек. Алайда жүктілік кезінде спорт залдарына, фитнес-орталықтарға барудан аулақ болу керек. Жүкті әйелдерге арналған үй гимнастикасы 25 минуттан аспайды. Тек оны күнделікті өмірге енгізіп, бір мезгілде жасау керек. Аяғы ауыр әйелдерге арналған [...]

Жарияланған күні: 05-09-2022  

ШЫЛЫМ ШЕГУДІҢ ЗИЯНДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ПРЕЗЕНТАЦИЯ

iconiconicon [...]

Жарияланған күні: 02-09-2022  

Жүктілік кезіндегі өмір салты

iconЖүктілік және зиянды әдеттер  Болашақта ана болатын әйелдің зиянды әдеттерден аулақ болғаны жөн (жүктілікті алдын ала жоспарлаған сәттен бастап бұл іске кіріскені дұрыс). Бұны істеу әрине, оңай емес. Бірақ жүктілік кезінде көптеген әйелдердің болашақ сәбиінің дұрыс қалыптасуы [...]

Жарияланған күні: 25-08-2022  

Темекі шегудің жүктілік пен сәбиге әсері

Жүктілік кезіндегі темекі шегуге бола ма?  Болмайды. Жүкті емес адамдардың да темекі шегулері денсаулықтарына зиян болмаса, ешқандай пайда бермейді. Ал ерекше күтімді қажет ететін, яғни аяғы ауыр әйелдің темекі шегуі орны толмас зардаптарға соқтырады. Өйткені жүктілік кезінде темекінің зияны еселене [...]

Жарияланған күні: 25-08-2022  
Осы бөлімде:

 

басшы блогы

Епенова Жапырак Кенесхановна
Орталық басшысы

Веб-сайтта директордың блогы бар. Мұнда келушілердің сұрақтарын оқуға немесе өз сұрағыңызды қоюға болады.

Блогқа өту »»»