Жүктілік кезінде жасайтын жаттығулар

Жүктілік кезінде бірқатар арнайы жаттығуларды жасағаныңыз тиімді.
Олар мына себептерден пайдалы:
  • Дененің бұлшық еттерінің созылғыштық қасиеті мен күш-қуаты артады. Осылайша қарын мен шап бұлшық еттері босанғаннан кейін тезірек қалпына келеді.
  • Қан айналымыңыз жақсарады.
  • Толғақ кезінде тыныс алу мен босаңсу арқылы ауруға жақсырақ төзесіз.
Сол жаттығуларды күн сайын жасауыңызға болады. Алайда оларды тым көп немесе ауырып жүргенде де жасаймын деп өзіңізді зорықтырмаңыз.
Қарын бұлшық еттеріне арналған жаттығулар
Бірнеше жастыққа тіреніп, шалқалай жатыңыз. Тізеңізді бүгіңіз, табаныңыз жерге толық тиіп тұрсын. Бір қолыңызды беліңіздің астына, екінші қолыңызды ішіңіздің үстіне қойыңыз. Қарын мен құйрық бұлшық еттерін қатайтып, астыңғы қолды беліңізбен басыңыз. Бірқалыпты тыныстап, осы қалыпта төрт секунд жатыңыз, содан кейін денеңізді босаңсытыңыз. Жаттығуды бес рет қайталаңыз.
Шап бұлшық еттеріне арналған жаттығулар
Екі аяғыңызды біраз алшақтатыңыз, отырсаңыз, тұрсаңыз не жатсаңыз да болады. Үлкен дәретті шығармауға әрекет жаса¬ғандай, тік ішек айналасындағы бұлшық еттерді жиырыңыз. Бірқалыпты тыныстаңыз. Шамаңыз жеткенше осылай ұстаңыз. Содан соң денеңізді босаңсытыңыз.
Осы жаттығуды дәл солай кіші дәретті ұстағандай етіп жасаңыз.
Бұл екі жаттығуды кез келген жерде, кез келген уақытта орындауға болады. Жиі-жиі істеп тұруға тырысыңыз. Осы жаттығулар босанғаннан соң кейде болатын несептің немесе нәжістің өздігінен шығып кетуінің алдын алуға көмектеседі.
Қан айналымын жақсартуға арналған жаттығулар
Жүктілік кезінде қан айналымы әдеттегіден баяу. Сол себепті кейде жүкті әйелдің аяғы ісіп, сіңірі тартылып, құрысып қалуы немесе аяғындағы қан тамырларының білеуленіп шығып кетуі мүмкін. Мына жаттығу қан айналымын жақсарта алады:
  • Аяғыңызды бір нәрсеге тіреп жатыңыз не отырыңыз. Аяғыңыздың басын тобығынан он екі рет бүгіп, жазыңыз.
  • Аяғыңыздың басын сол жаққа қарай он екі рет, содан соң оң жаққа қарай он екі рет айналдырыңыз.
  • Екі тізеңізді қолыңызбен төрт секунд қатты құшақтап, содан соң денеңізді босаңсытыңыз. Бұны алты рет қайталаңыз.
  • Балтырдың бұлшық етін ептеп жоғары қарай уқалай беріңіз.
Ескерту: Аяғыңыздың ұшын тым қатты созбаңыз, әйтпесе сіңірі тартылып, құрысып қалуы мүмкін. 

Жарияланған күні: 06-09-2022  



Жүкті әйелдерге кеңестер!!!!!

Дәрігер-гинекологтың айтуынша, егер жүкті әйел белгілі бір ережелерді сақтаса, теңіз жағалауындағы демалыс оған тек пайдалы болады. Жүкті әйелдер баласына қауіпсіз болуы үшін қалай демалуы керек? Қандай қауіптер бар және олардың қалай алдын алуға болады? Бұл туралы Invitro компаниясының дәрігер-гинекологы Илона Довгаль айтып берді. [...]

Жарияланған күні: 19-06-2023  

Ең әдемі әйел – жүкті әйел

Ең әдемі әйел – жүкті әйел. Өмірге сәби әкелетін жанның жүзінде тыныштық, қорқыныш, жұмбақтық, еркелік қатар ұялап өзгеше түрге енеді. Жалпы жүктілік (латынша: graviditas) әйел ағзасының ерекше құбылысы. Жүкті әйелдер жүкті болмай тұрған кезде, жүктілік барысының дұрыс өтуіне өздерін дайындап, дені сау ұрпақты дүниеге алып келуі керек. Ол үшін адам өміріне араша [...]

Жарияланған күні: 05-06-2023  

Қант диабеті

iconiconicon [...]

Жарияланған күні: 30-11-2022  

Жүктілік бойынша есепке ерте тұрудың маңызы

iconҚұрметті әйелдер! Жүктіліктің 12 аптасына дейін ұрықтың ішкі ағзалары қалыптасады. Дұрыс тамақтанбау, зиянды әдеттер, созылмалы, инфекциялық және тұқым қуалайтын аурулар болашақ сәбидің дамуына әсер етіп, кемтарлықтың дамуына, түсік тастауға дейін әкелуі мүмкін. Жүктілік бойынша [...]

Жарияланған күні: 09-09-2022  

Жүктілік кезінде жасайтын жаттығулар

iconiconiconЖүктілік кезінде бірқатар арнайы жаттығуларды жасағаныңыз тиімді. Олар мына себептерден пайдалы: Дененің бұлшық еттерінің созылғыштық қасиеті мен күш-қуаты артады. Осылайша қарын мен шап бұлшық еттері босанғаннан кейін тезірек қалпына келеді. Қан айналымыңыз жақсарады. Толғақ [...]

Жарияланған күні: 06-09-2022  

Салауатты өмір салты. Жүктілік.

iconiconicon  Болашақ ананың салауатты өмір салты - сәтті жүктілік пен босанудың кепілі, сіздің болашақ балаңыздың денсаулығы. Сондықтан, жүкті әйелдерді жоспарлаған әйелдер сіз білуі керек: бұл салауатты өмір салты деген не? Ал сіз тек жүкті болған кезде ғана бастау керек пе? [...]

Жарияланған күні: 06-09-2022  

Жүктілік және салауатты өмір салты

iconiconicon«Сіз ана боласыз» деген сөзді дәрігерден естігеннен бастап әрбір әйел өзіне және дүниеге әкелетін нәрестенің денсаулығына толық жауапты болады. Сол себептен де жүктілік анықталған сәттен бастап, болашақ аналардың салауатты өмір салтын ұстанғаны жөн. Оның ішіне еңбек, демалу және тамақтану кіреді. Жүктілікті жоспарлау [...]

Жарияланған күні: 05-09-2022  

Жүкті әйелдерге арналған жаттығулар

Кезде қалыпты жүктілік ағып өтетін пайдалы жөнінде тұрақты сабақтар арнайы гимнастика. Әйелдерде жүйелі түрде айналысатын арнайы гимнастика, босану ағады жылдам, оңай және аз асқынулардың әйелдерге қарағанда, жетекші өмір сүру салты. Көптеген әйелдер күн сайын жасайды таңғы гимнастика, спорт түрлерімен айналысады. Жүктілік кезінде [...]

Жарияланған күні: 05-09-2022  

Жүкті әйелдерге арналған гимнастика

iconГимнастика — жүктіліктің алғашқы айынан бастап босануға дейінгі денсаулық пен дене пішінді сақтау үшін қолданылуы керек. Алайда жүктілік кезінде спорт залдарына, фитнес-орталықтарға барудан аулақ болу керек. Жүкті әйелдерге арналған үй гимнастикасы 25 минуттан аспайды. Тек оны күнделікті өмірге енгізіп, бір мезгілде жасау керек. Аяғы ауыр әйелдерге арналған [...]

Жарияланған күні: 05-09-2022  

ШЫЛЫМ ШЕГУДІҢ ЗИЯНДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ПРЕЗЕНТАЦИЯ

iconiconicon [...]

Жарияланған күні: 02-09-2022  

Жүктілік кезіндегі өмір салты

iconЖүктілік және зиянды әдеттер  Болашақта ана болатын әйелдің зиянды әдеттерден аулақ болғаны жөн (жүктілікті алдын ала жоспарлаған сәттен бастап бұл іске кіріскені дұрыс). Бұны істеу әрине, оңай емес. Бірақ жүктілік кезінде көптеген әйелдердің болашақ сәбиінің дұрыс қалыптасуы [...]

Жарияланған күні: 25-08-2022  

Темекі шегудің жүктілік пен сәбиге әсері

Жүктілік кезіндегі темекі шегуге бола ма?  Болмайды. Жүкті емес адамдардың да темекі шегулері денсаулықтарына зиян болмаса, ешқандай пайда бермейді. Ал ерекше күтімді қажет ететін, яғни аяғы ауыр әйелдің темекі шегуі орны толмас зардаптарға соқтырады. Өйткені жүктілік кезінде темекінің зияны еселене [...]

Жарияланған күні: 25-08-2022  
Осы бөлімде:

 

басшы блогы

Епенова Жапырак Кенесхановна
Орталық басшысы

Веб-сайтта директордың блогы бар. Мұнда келушілердің сұрақтарын оқуға немесе өз сұрағыңызды қоюға болады.

Блогқа өту »»»