Гимнастика — жүктіліктің алғашқы айынан бастап босануға дейінгі денсаулық пен дене пішінді сақтау үшін қолданылуы керек. Алайда жүктілік кезінде спорт залдарына, фитнес-орталықтарға барудан аулақ болу керек. Жүкті әйелдерге арналған үй гимнастикасы 25 минуттан аспайды. Тек оны күнделікті өмірге енгізіп, бір мезгілде жасау керек. Аяғы ауыр әйелдерге арналған мұндай жаттығудың пайдасы болмаса, зияны жоқ. Әрбір жаттығуды 3-4 рет жасайды. Ең бастысы гимнастиканы жасамас бұрын дәрігермен кеңесіп алған жөн. Себебі жүктіліктің әр айында гимнастика тәсілі өзгеріп отырады.
Денені ширату
Фитболға отырыңыз. Одан әрі қолыңызды алға қарай созып, жоғары-төмен қолдарды қимылдатасыз. Алайда қолды бастың тұсында ұстауға болмайды.
Арқаны босаңсыту. Допқа жайланып отырып алған соң, екі шынтақты аяқтың үстіне қойып, сәл еңкейіп отыру керек. Осы уақыт аралығында арқаңызды босаңсытып аласыз.
Оңға-солға майысу. Доптың үстіне отырып, қолыңызды екі жаққа созып доптың үстіне қоясыз. Кейін оңға және солға қисайып жаттығуды жалғастыра бересіз. Бұл жаттығудың арқа бұлшықеттерінің созылуына пайдасы зор.
Аяққа қарай иілу. Әуелі фитболға жайғасып отырыңыз. Аяғыңызды сәл бүгіп ұстаңыз. Сосын сол аяғыңызды алға қарай созып, өкшені жерге қадайсыз. Артынша барлық денеңізбен қолыңызды алға қарай созу арқылы аяқтың басына жетуге тырысыңыз. Кейін жаттығуды екінші аяққа да дәл осылай қайталаңыз.
Отырып-тұру. Ең алдымен тіке тұрып, оң аяқты алға қарай, ал сол аяқты артқы жақта ұстайсыз. Осы қалыпта тұрып аяқтарыңызды бүгіп, қайта қалпына келтіру арқылы жаттығу жасайсыз.
Допты қозғалту. Орныңыздан тұрып, допқа қарай иілесіз. Одан әрі фитболды екі қолыңызбен ұстайсыз да, аяқтарыңыздың арасын 60-70 см алшақтықта ашасыз. Осы қалыпта тұрып допты ары-бері қозғалтуыңыз керек. Бұл арқа омыртқасы мен иық буындарына өте пайдалы жаттығу.
Доптың үстіне жату. Ақырын арқаңызбен доптың үстіне жатасыз. Бұл уақытта аяқ арасын алшақ және сәл бүгіп ұстаған жөн. Бұл жаттығу түрі аяқ бұлшықеттерін нығайтып, арқа бұшықеттерін босаңсытады.
Допқа отыру. Доп үстінде отырып қозғалу керек. Ол үшін доптың үстінде отырып, оны сәл-сәл секіртесіз және домалатасыз. Қолды алға қарай созу арқылы күрделендіруге болады. Бұл арқа омыртқасы мен қолдың бұлшықеттерін нығайтады.massaget.kz
Жүктілік бойынша есепке ерте тұрудың маңызы
Жүктілік кезінде жасайтын жаттығулар
Салауатты өмір салты. Жүктілік.
Жүктілік және салауатты өмір салты
Жүкті әйелдерге арналған жаттығулар
Кезде қалыпты жүктілік ағып өтетін пайдалы жөнінде тұрақты сабақтар арнайы гимнастика. Әйелдерде жүйелі түрде айналысатын арнайы гимнастика, босану ағады жылдам, оңай және аз асқынулардың әйелдерге қарағанда, жетекші өмір сүру салты. Көптеген әйелдер күн сайын жасайды таңғы гимнастика, спорт түрлерімен айналысады. Жүктілік кезінде [...]Жүкті әйелдерге арналған гимнастика
ШЫЛЫМ ШЕГУДІҢ ЗИЯНДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Темекі шегудің жүктілік пен сәбиге әсері
Жүктілік кезіндегі темекі шегуге бола ма? Болмайды. Жүкті емес адамдардың да темекі шегулері денсаулықтарына зиян болмаса, ешқандай пайда бермейді. Ал ерекше күтімді қажет ететін, яғни аяғы ауыр әйелдің темекі шегуі орны толмас зардаптарға соқтырады. Өйткені жүктілік кезінде темекінің зияны еселене [...]
басшы блогы
Епенова Жапырак Кенесхановна