Жүктілік және салауатты өмір салты

«Сіз ана боласыз» деген сөзді дәрігерден естігеннен бастап әрбір әйел өзіне және дүниеге әкелетін нәрестенің денсаулығына толық жауапты болады. Сол себептен де жүктілік анықталған сәттен бастап, болашақ аналардың салауатты өмір салтын ұстанғаны жөн. Оның ішіне еңбек, демалу және тамақтану кіреді.

Жүктілікті жоспарлау

Жүктілік жоспарлау – бұл дені сау ұрпақ туылу үшін диагностикалық, профилактикалық, емдік кешен жүргізу болып табылады. Бүгінде заманауи жүктілікті жоспарлау үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – жас жұбайлардың репродуктивті денсаулығын периконцепционды бағалау болып табылады. Ол дегеніміз медико-генетикалық кеңес, баланың туа пайда болған аномалиялардың болмауын бағалайды. Және де клиникалық тексерілу міндетті түрде диагностикалық урогенитальды және TORCH-инфекция, әйелдің соматикалық статусын бағалау денсаулықты корекция жасау, инфекция ошағын санация жасау. Ал екінші бөлім – жүкті болмай тұрып кем дегенде 3 ай жүргізіледі. Дәрумен-минералды кешенінің қоспасында фолий қышқылы, йод, антиоксиданттар болады. Бұл заттар балада туа пайда болатын ақаулардың болу қаупін біршама төмендетеді.Үшінші бөлім – жүктілікті ерте диагностикалау, жүктілік кезінде болатын асқынулардың, қауіп факторларының ерте диагностикасы және профилактика шаралары жүргізіледі

Өмірге бала әкелмес бұрын болашақ әке мен анаға үлкен дайындықтан өтуге тура келеді. Өйткені сәби сүю отбасы беріктігінің кепілі ғана емес, ол өмір сүруге, бақытты бала атануға құқылы кішкентай адамның келгендігінің белгісі.

Жүктілік кезінде ағзада болатын өзгерістер

Жүктілік  – бұл физиологиялық процесс. Қалыпты жағдайда әйелдің соңы етеккірі (менустрация) келгеннен бастап санағанда орта есеппен 38-40 апта аралығында жүруі тиіс. Жүктілік кезінде екі жақты функция болған үшін ағзада өзгерістер болады. Бірінші гормондық жүйе өзгереді. Созылмалы гонадотропин немесе жүктілік гормоны 6-8 күні бүкіл организмге жаңа озгерісті жеткізеді. Етеккірді (менустрация) реттеп отыратын жыныс гормондар саны төмендеп, простагландин гормоны құрамы өзгеріп саны артады. Гипофиз, бүйрекүсті безі, аналық безі қызметі жатыр мен сүт безінің өсуін атқарады.

Жүйке жүйесі қызметі төмендегендіктен әйелдерде токсикоз шақырады. Жүрек қантамыр жүйесінің өзгеруі,жүрек бұлшықеті көлемінің ұлғаюы, жүкті әйелдің қан айналымында қосымша үшінші плацентарлы шеңберінің пайда болады. Ол арқылы ұрық ана құрсағындағы қанмен қамтамасыз етіледі. Дене салмағы мен айналымдағы қан көлемі орта есеппен 4000 мл-ден 5200 мл-ге дейін артады. Және де метаболизм жоғарылайды. Осыған байланысты жүрек шығару көлемі артады. Яғни ол дегеніміз жиырылу кезінде жүрек шығаратын қан мөлшері. Дені сау әйелде жүрек қосымша жүктемелерге тез бейімделеді. Бірақ кейбір жағдайларда асқынулар болуы мүмкін

Артық жүктеме ас қорыту жүйесіне түсуіне қатысты дәрігер ең бірінші асқазан сөлінің секрециясы ингибирленетінін айтып кетті. Соның салдарынан ас қорыту процесі баяулайды. Ал екінші ас қорыту жүйесіне қанмен қамтамасыз ету жоғарыламайды. Себебі балаға қан қажет. Сондықтан ішек қозғалғыштығы әлсірейді. Осыған байланысты жүкті әйелдер жиі іш қатуға шағымданады. Ас қорыту жүйесінде өзгерістер: жүрек айну, құсу (көбінесе таңғы уақыттарда), кекіру, дәм сезу бұзылысы байқалады.

Өкпе және тыныс алу жүйесінің басқа мүшелері де күшейтілген жүктемеге бейімделеді. Оттегі көп қажет, бірақ сонымен бірге өсіп келе жатқан асқазан кеуде қуысын қолдайды және диафрагманы басады. Зәр шығару жүйесінде прогестерон гормоны әсерінен қуық тонусы төмендеуі салдарынан зәрдің тұрып қалуынан (застой) инфекциялық ауруларға әкеліп соқтырады. Жүктілік кезіндегі ең көп өзгеріске ұшырайтын ол – жыныс жүйесі. Яғни жатыр өлшемі ұлғаяды. Бұрын қалыпты жағдайда 3-8 см болса, жүктіліктің соңына дейін 35 см-ге ұлғаяды. Ал көлемі қалыпты жағдайда 50-100грамм болса, жүктілік кезінде 1000 грамм болады. Зат алмасужүйесінде де өзгерістер болады. Ол жүкті әйелдің денесінде қоректік заттар мен су жиналады. Бірақ, әдетте салмақ өсуі әйелдің бастапқы салмағының 12-15%-нан аспауы керек. Сонымен қатар, дәрумендерге, әсіресе организм өздігінен синтездей алмайтын заттарға қажеттілік бар

Жүктілік кезінде әйелдің дене мүшелерінің әрқайсысы босанғанға дейін өзгереді.

Жүктіліктің дұрыс өтуі үшін маңызды жайтты ескеруіміз керек. Жүктілік кезінде тек ғана әйел ағзасында өзгеріс болмайды. Сонымен қатар жүктілік дұрыс өтуі үшін ұрықтың дұрыс дамуын бақылауымыз қажет. Оны, әрине, біз УДЗ арқылы анықтаймыз, яғни – бас өлшемі және іш өлшемі, бипариетальді өлшем, маңдай-шүйде өлшемі, жамбас өлшемі, сан ұзындығы, ұрық жұмыртқасының диаметрі. Ұрықтың салмағы әр апта сайын өзгеріп отырады. Және әр аптаның өз статистикалық қалыпты жағдайы болады. Ұрық 7-8 аптада 1-3граммнан бастап, 15 аптада 80 граммға жетеді. Ал 20-22 аптада 500 грамм, 30-32 аптада 2000 граммға жетуі тиіс. Қалыпты жағдайда ұрық 3100-3600 грамм болып туылуы қажет. Егер дәрігер-гинеколог эмбриогенез бұзылысына күдік тудырса, екі аптадан соң қосымша диагностикалық зерттеу жүргізіп, содан кейін нақты диагноз қойып, жүктілікті сақтаудағы дұрыс шешімді, яғни, жүктілікті жалғастыру немесе тоқтату жайлы шешім шығарады. Ұрықтың дамуы дұрыс бақыланбаса, гипоксия (тыныс жетіспеуі) қоректік заттар жетіспеуі салдарынан ұрық дамуын тоқтатады

Әр уақытта да жүктілік сәтті өтпейді.

Сондықтан да оның өз асқынулары бар. Ең жиі кездесетін асқынулар: токсикоз, гестоз, жатырдан тыс жүктілік, уақытынан бұрын босану, түсік тастау, ана мен бала арасындағы резус сәйкессіздік, преэклампсия және эклампсия болып табылады.

Ең қауіпті жүктілік асқынуы – преэклампсия. Ол жүктіліктің 20-шы аптасынан кейін дамитын АҚ 140/90 мм.рт.ст жоғарылауы. Сонымен бірге зәр анализіндегі нәруыздың жоғарылауы (протеинурия) және ісінумен көрінетін жағдай. Бұл барлық жүкті әйелде болатын жағдай деп түсінбеуіміз қажет. Себебі оған алып келетін факторлар бар. Оларға: бірінші жүктілік пен екінші жүктіліктің арасындағы 10 жылдан жоғары айырмашылық 35 жастан асқан әйелдердегі жүктілік, өмір тарихындағы өзгерістер, көп ұрықты жүктілік, зат алмасу бұзылыстары (семіздік, қант диабеті), ЭКҰ (ЭКО) нәтижесінде болған жүктілік жатады. Осы орайда біз преэклампсия (АҚ 140/90 мм.рт.ст жоғарылауы, ісіну, протеинурия) мен эклампсияны (гестоздың ең жоғары сатысы, көп ағзалық жетіспеушілік салдарынан, АҚ жоғарылауының ең жоғары деңгейіндегі, эпилепсияға ешқандай қатысы жоқ құрысу, тырысу ұстамаларымен көрінетін жүктілік асқынуы) шатастырып алмауымыз қажет. Мүмкін болатын асқынуларды уақытында байқау үшін және асқынулардың алдын алу үшін жүкті әйел үнемі бақылауда болуы қажет.

Жүктілік және гормон

Жүктіліктің дамуында маңызды рөл атқаратын гормондар бар. Жүктілік кезінде ұрық жолдас (плацента) оныншы аптада белсенді түрде гормондарды бөледі. Соның бірі – хорионды гонотропин (ХГЧ) – жұмыртқа жасушасының дамуы кезінде 6-8 аптада хорион тіндерінен түзілетін гормон. Құрылымы бойынша гипофизден бөлінетін тиреотропты гормонға ұқсас болып келеді. Сондықтан да қалқанша безін реттейді. Бұл гормон жүктіліктің дұрыс өтуі үшін ең маңызды гормон болып табылады. Оның әсері арқылы қалқанша бездерінің жұмысы күшейтіледі. 

Жүктілік кезінде зат алмасу өзгеріске ұшырайды. Және де ағзаның барлық жасушалары жаңарады. Хорионды соматомаммотропин – сүт безінің ұлғайуын реттейді. Осы гормонның дұрыс жүруі нәтижесінде жүктілік кезінде сүт безі өз көлемінен ұлғаяды. Прогестерон жүктілік кезінде жатырды жүктілікке дайындайтын гормон. Ол овуляция кезінде сары денеден түзіледі. Орталық жүйке жүйесімен басқарылып, сүт безінің дамуын реттейді. Бұл – гормон әйел ағзасындағы жүктілікті тудыратын гормон. Сонымен қатар ағзадағы тұз бен судың жиналуын қамтамасыз етеді. Осы гормон арқылы жүкті әйелдердің психикасында өзгерістер болады. Яғни көңіл-күйінің өзгеруі, тітіркенгіштік және де бас аурулары дамиды. Эстроген ұрықтың бүйрекүсті безінен бөлінеді. Жүктілік кезінде жатырды ұлғайтып, ағзадағы керексіз сұйықтықтарды жоюына көмектеседі. Қантамырларын босаңсытып, жүктілік кезіндегі артериалдық қан қысымын қалыпты ұстап тұруға көмектеседі. Аденокортикотропты гормон жүктілік кезіндегі терідегі өзгерістерді яғни дақтардың пайда болуына әсер етеді. Және су мен тұздың алмасуын бақылайды. Жүктілікте шаштың түсуі және стриялардың пайда болуына әсерін тигізеді. Әйел денесінде түктердің пайда болуына әсері мол. Жүктілік кезінде ағзада осы гормондарды қалыпты ұстап тұру үшін салауатты өмір салтын сақтау керек

Жүктілік кезіндегі дұрыс тамақтану

Бұл уақытта дұрыс тамақтану ана мен бала үшін өте маңызды. Себебі ұрықтың дамуына және тамақтану процесіне әсері бар.Жатыр мен плацента тіндері дамып, қанмен қамтамасыз ету жоғарылайды. Қалыпты салмақ алу әйелдер мен балалардың денсаулығына ықпал етеді және асқыну қаупін азайтады.

Ең бастысы болашақ ана баласының алдындағы міндетін дұрыс сезінуі керек. Салауатты өмір салтын ұстанып, жақсы ойлар ойлау қажет. Аяғы ауыр әйелдің бәрінде өз-өзінен жылағысы келіп, көңіл-күйінің күрт бұзылатын сәті немесе аяқ астынан қуанатын кездері де жиі орын алады. Кейбір әйелдердің жүрегі айнып, құсқысы келіп, басы ауырып жатады. Әйел адам мұның бәрі уақытша екенін түсінуі керек. Жүкті әйелдерге тоя тамақ жеген де зиян. Бұл кездері жемістер мен көкөністер, дәнді дақылдар өте пайдалы. Құрамында кальций кездесетін сүт тағамдарын молынан қолдануды әдетке айналдырған дұрыс. Және де мамандар жүктілік мерзімінде құрманы көбірек жеген пайдалы деп кеңес береді. Себебі құрма жемісінің құнарлылығы түрлі ауру-сырқауға ем болатындығын білгеніміз абзал.

Жарияланған күні: 05-09-2022  



Жүкті әйелдерге кеңестер!!!!!

Дәрігер-гинекологтың айтуынша, егер жүкті әйел белгілі бір ережелерді сақтаса, теңіз жағалауындағы демалыс оған тек пайдалы болады. Жүкті әйелдер баласына қауіпсіз болуы үшін қалай демалуы керек? Қандай қауіптер бар және олардың қалай алдын алуға болады? Бұл туралы Invitro компаниясының дәрігер-гинекологы Илона Довгаль айтып берді. [...]

Жарияланған күні: 19-06-2023  

Ең әдемі әйел – жүкті әйел

Ең әдемі әйел – жүкті әйел. Өмірге сәби әкелетін жанның жүзінде тыныштық, қорқыныш, жұмбақтық, еркелік қатар ұялап өзгеше түрге енеді. Жалпы жүктілік (латынша: graviditas) әйел ағзасының ерекше құбылысы. Жүкті әйелдер жүкті болмай тұрған кезде, жүктілік барысының дұрыс өтуіне өздерін дайындап, дені сау ұрпақты дүниеге алып келуі керек. Ол үшін адам өміріне араша [...]

Жарияланған күні: 05-06-2023  

Қант диабеті

iconiconicon [...]

Жарияланған күні: 30-11-2022  

Жүктілік бойынша есепке ерте тұрудың маңызы

iconҚұрметті әйелдер! Жүктіліктің 12 аптасына дейін ұрықтың ішкі ағзалары қалыптасады. Дұрыс тамақтанбау, зиянды әдеттер, созылмалы, инфекциялық және тұқым қуалайтын аурулар болашақ сәбидің дамуына әсер етіп, кемтарлықтың дамуына, түсік тастауға дейін әкелуі мүмкін. Жүктілік бойынша [...]

Жарияланған күні: 09-09-2022  

Жүктілік кезінде жасайтын жаттығулар

iconiconiconЖүктілік кезінде бірқатар арнайы жаттығуларды жасағаныңыз тиімді. Олар мына себептерден пайдалы: Дененің бұлшық еттерінің созылғыштық қасиеті мен күш-қуаты артады. Осылайша қарын мен шап бұлшық еттері босанғаннан кейін тезірек қалпына келеді. Қан айналымыңыз жақсарады. Толғақ [...]

Жарияланған күні: 06-09-2022  

Салауатты өмір салты. Жүктілік.

iconiconicon  Болашақ ананың салауатты өмір салты - сәтті жүктілік пен босанудың кепілі, сіздің болашақ балаңыздың денсаулығы. Сондықтан, жүкті әйелдерді жоспарлаған әйелдер сіз білуі керек: бұл салауатты өмір салты деген не? Ал сіз тек жүкті болған кезде ғана бастау керек пе? [...]

Жарияланған күні: 06-09-2022  

Жүктілік және салауатты өмір салты

iconiconicon«Сіз ана боласыз» деген сөзді дәрігерден естігеннен бастап әрбір әйел өзіне және дүниеге әкелетін нәрестенің денсаулығына толық жауапты болады. Сол себептен де жүктілік анықталған сәттен бастап, болашақ аналардың салауатты өмір салтын ұстанғаны жөн. Оның ішіне еңбек, демалу және тамақтану кіреді. Жүктілікті жоспарлау [...]

Жарияланған күні: 05-09-2022  

Жүкті әйелдерге арналған жаттығулар

Кезде қалыпты жүктілік ағып өтетін пайдалы жөнінде тұрақты сабақтар арнайы гимнастика. Әйелдерде жүйелі түрде айналысатын арнайы гимнастика, босану ағады жылдам, оңай және аз асқынулардың әйелдерге қарағанда, жетекші өмір сүру салты. Көптеген әйелдер күн сайын жасайды таңғы гимнастика, спорт түрлерімен айналысады. Жүктілік кезінде [...]

Жарияланған күні: 05-09-2022  

Жүкті әйелдерге арналған гимнастика

iconГимнастика — жүктіліктің алғашқы айынан бастап босануға дейінгі денсаулық пен дене пішінді сақтау үшін қолданылуы керек. Алайда жүктілік кезінде спорт залдарына, фитнес-орталықтарға барудан аулақ болу керек. Жүкті әйелдерге арналған үй гимнастикасы 25 минуттан аспайды. Тек оны күнделікті өмірге енгізіп, бір мезгілде жасау керек. Аяғы ауыр әйелдерге арналған [...]

Жарияланған күні: 05-09-2022  

ШЫЛЫМ ШЕГУДІҢ ЗИЯНДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ПРЕЗЕНТАЦИЯ

iconiconicon [...]

Жарияланған күні: 02-09-2022  

Жүктілік кезіндегі өмір салты

iconЖүктілік және зиянды әдеттер  Болашақта ана болатын әйелдің зиянды әдеттерден аулақ болғаны жөн (жүктілікті алдын ала жоспарлаған сәттен бастап бұл іске кіріскені дұрыс). Бұны істеу әрине, оңай емес. Бірақ жүктілік кезінде көптеген әйелдердің болашақ сәбиінің дұрыс қалыптасуы [...]

Жарияланған күні: 25-08-2022  

Темекі шегудің жүктілік пен сәбиге әсері

Жүктілік кезіндегі темекі шегуге бола ма?  Болмайды. Жүкті емес адамдардың да темекі шегулері денсаулықтарына зиян болмаса, ешқандай пайда бермейді. Ал ерекше күтімді қажет ететін, яғни аяғы ауыр әйелдің темекі шегуі орны толмас зардаптарға соқтырады. Өйткені жүктілік кезінде темекінің зияны еселене [...]

Жарияланған күні: 25-08-2022  
Осы бөлімде:

 

басшы блогы

Епенова Жапырак Кенесхановна
Орталық басшысы

Веб-сайтта директордың блогы бар. Мұнда келушілердің сұрақтарын оқуға немесе өз сұрағыңызды қоюға болады.

Блогқа өту »»»